Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ілияс Есенберлин

Ілияс Есенберлин - e-history.kz
Аты Ілияс Есенберлин
Туған күні 1915
Қайтыс болған күні 1983
Қазақтың ұлы жазушысы, «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы.

23.01.15

1915 жылдың 10 қаңтарында, Ақмола облысының Атбасар уезінде, ағаш шеберінің отбасында дүниеге келді.
Ілияс Есенберлин және інісі Раунақ ерте жетімсіреп қалды, өйткені олардың әке-шешесі індет (қорасан) кезінде қайтыс болды. Туыстар Раунақты өзіне алды, ал Ілияс панасыз қалды.
Әлсіреп кеткен, ауырып қалған, ашыққан Ілияс балалар үйіне түседі. Мектеп қабырғасында математикаға өзінің бейімділігін көрсетіп, қазақ фольклорын да керемет білген екен. Әлемдік классика туындыларын оқып, суретті жақсы салған.

Мектептен соң рабфакта (жұмысшы факультеті) оқып, 1940 жылы Алматы металлургиялық институтын бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда ауыр жарақаттанды, 1944 жылы Алма-Атыға қайтып келді.
Ілияс Есеберлин «халық жауы» Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, саяси құғынға ұшырады. Осы үшін жұмыстан қудаланып, Қарақұм каналының құрылысына жер аударылып, қаза таба жаздады. Болашақ жазушы білімі бойынша инженер болғандығы арқасында ғана тірі қалады. Мұнда ол құрылыстың маңызды аймағын басқарды. Сталин өлімінен кейін Ілияс Есенберлин есімі, ақталды. Ілияс жұбайымен бірге Семей облысында орналасқан кен ошағына барады.
Ілияс Есенберлин соғысқа қатысқанда өз шығармаларын жаза бастады. 1945 жылы алғашқы поэтикалық шығармалары жарық көрді. Дегенмен, соғыстан кейін ғана жазушылыққа өз жақындығын түсінді. Алматы қаласына көшіп, көркем әдебиет баспасында редактор болып жұмыс істеді. Мұнда «Адам туралы ән» романын жаза бастады.

Кейін Есенберлин киностудияға жұмысқа тұрып, Қапан Сатыбалдин, Шәкен Айманов, Олжас Сүлейменов және өнер саласындағы басқа майталман адамдармен бірге жұмыс істеді.Көптеген фильмдердің сценарийлерін редакциялады. Онға жуық пьесаның сценарийлерін жазып, дегенмен, кәсіби драматург бола алмады.

Жазушы ізденіп, қазақ халқының тарихын тереңдетіп зертеп, ғылыми монографиялар оқып, мұрағаттарға барып, тапқан барлық дереккөздерді мұқият қарастырып отырды.Ілияс Есенберлин өзінің бірінші тарихи романы үшін жинаған материалды өңдеді.
Ал 1965 жылы «Қаһар» кітабын үш айдың ішінде жазып, кейін оның атауын «Көшпенділер» деп өзгертті. Бұл кітаптан кейін «Алтын Орда», «Қатерлі өткел», қазіргі заманның өзекті тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» кітаптарын жазды. Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тақырыптар маңызды, кейіпкерлер батыл болды.

Жазушы 1983 жылдың 5 қазанында жүректің жарылуынан қайтыс болды. Осы күні Ілияс Есенберлинның ұлы жазушының жаңа ғана жарық көрген бес томдығын әкесінің қолына тапсырды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?