Арғынбай батыр Таңатұлы
Аты | Арғынбай батыр Таңатұлы |
Туған күні | шамамен 1800 ж. |
Туған жері | шамамен 1860 ж. |
Омаров Қали Әбдіұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы, география ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор, Қызылорда қаласы, e-mail:kaliom@mail.ru, жұмыс телефоны: 8(7242)26-15-57, ұялы телефон: 8701 724 69 98.
Арғынбайдың ордасы Қуаңдария бойындағы Тоғызбай құмында болған. Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсында Сырдарияның сол жағасындағы, Қуаңдарияның бойындағы, Қызылқұмдағы қазақтар үш жақтан қысым көрген. Оның бірі – Ақмешіт, Күмісқорғаннан шығып оқтын-оқтын шабуылдаған Қоқандықтар, екіншісі Жаңадарияның бойындағы Бестамқаладан ауылдарды тұрақты тонап тұрған Хиуалықтар, үшіншісі – Сырдарияның төменгі ағысына бекініп алған (№ 1 форт) Ресей әскерлері. 1852 жылы Орынбор генерал-губернаторының алдында Ресейге адал қызмет етуге ант берген және оған арқа сүйеген Елікей хан Қасымұлы да осы ұлтарақтай жердегі халықты өзіне қаратпақ болған. 1856 жылы орын алған осындай оқиғалар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматовтың «Қазына» атты дастанында[1] суреттеледі. Арғынбай батыр образы тұтастай ашылған шығарманың көркемдік тұрғыдан құндылығы ерекше. Ел басына туған алмағайып заманда Арғынбай батырдың Пірәлі би Өтетілеуұлы, Жарылқап би Манасұлы, Қожеке батыр Мырзабайұлы, Түбекбай батыр Нәзікұлы, Молдашер ахун Жамұратұлы, Торыбай Меңей батыр және т.б. Сыр өңіріне танымал тұлғаларды жанына топтастырып, басқыншыларға үнемі тойтарыс ұйымдастырып отырғаны, өз басының жеке ерліктері, бітім-болмысы, түр-тұлғасы туралы әңгіме-аңыздар ел аузында өте көп[2-4].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Алматов А. Қазына. // Сыр бойы. -1999. – 10, 12 тамыз.
2. Дайрабай Т. Жолай Кетебайдан Аман, Алмасқа дейін... /«Түркістан».-2008.- № 52.- 25 желтоқсан.
3. Омаров Қ.Ә. Ұлық Жолай және оның ұрпақтары. // Ақиқат. – 2011. -№ 1. – 70-82 бб.
4. Омаров Қ.Ә. Тарихтан алған тағылым. // Қазақ тарихы. -2009. -№ 2. -74-77 бб.