Байтабын Дербасұлы
Аты | Байтабын Дербасұлы |
Туған күні | 1804 |
Қайтыс болған күні | 1852 |
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан батыр, хан жасауылдарының қолбасы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан батыр, хан жасауылдарының қолбасы.
Кіші жүз, жеті ру бірлестігінің Табын руынан шыққан. Кенесарының аса жауапты тапсырмаларын орындап отырған. Жасауыл бастығы ретінде қазақ рубасыларымен келіссөз жүргізіп, алым-салық жинаған.
Жазалаушы отрядтармен болған қақтығыстарда ерлік көрсеткен. Байтабын Дербасұлы 1838 жылы Наурызбай қолының құрамында, Теке өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген жаппас руынан зекет жинауға барғанда, көтеріліске қосылмаған Жанғабыл бидің қарулы қарсылығына кездесіп, 37 адамы шығын болған.
Байтабын Дербасұлының іс-әрекеттері Нұрхан Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» дастанында және Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» романында суреттелген.