Сәрке Өмірқұлұлы
Аты | Сәрке Өмірқұлұлы |
Туған күні | 1680 |
Қайтыс болған күні | 1724 |
Оның қарындасы Қарқарадан Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі атанған Барақ Сатыбалдыұлы есімді батыр туған.
Сәрке Өмірұлұлы 1724 ж. 42 жасында қалмақтармен болған ұрыста қазіргі Жезқазған облысының Жезді ауданына қарасты Сартөбе деген жерде қайтыс болған. Келесі жылы Сәрке батырдың ұрпақтары оның сүйегін Қызылорда өңіріндегі Қорқыт Ата кесенесінің қасына әкеліп, қайта жерлеген. Бүгінде құлпы тасы жақсы сақталған.
Сәрке қайтыс болған жер «Сәркенің төбесі», «Сәркенің ақшиі» аталып кеткен. Әрі жергілікті халық батырға арнап белгі соғады. Осы күнге дейін белгі басына ақ жалау іледі. Қазір белгінің орны бар. Көпшілік қауым ол жерді киелі орын санап, аурулы болса барып түнейтін көрінеді.
Сыр өңірінде Сәрке батырдың атына көше берілген.