Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қола дәуірі кезіндегі Қазақстан (б.з.д. XXVI-VIII ғғ) )
Ерте кезең 

1ed7cf33057f82190162b870aecc6202.jpg

 Олардың енуі, өрлеуі тарихи уақытпен айтқанда өте тез болды, қазіргі уақыттағы табылған некен-саяқ ескерткіштер соның дәлелі болса керек. Ямниктер шаруашылығының басым түрі мал шаруашылығы болып, төрт дөңгелекті ағаш арбалар жасап, мыстан жасалған құрал-саймандарды пайдаланды. Соңырақ ямниктер ұрпақтары афанасьев мәдениетін құрып, бұған Оңтүстік Сібірден басқа Шығыс Қазақстан аймағы кірді.

Ямниктер ескерткіштерінің ең күн шығыстағы бірегейлері  №2 Қара ағаш қорымы (Қарағандыдан оңтүстік -шығысқа қарай 200 шақырым) және Григорьевка-2 (Павлодар қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым) қорымдарынан табылған  зираттар.

Алакөл мәдениеті

Бұл кезең шығыс областардан басқа Қазақстанның барлық аймағына тән. Алакөл материалдық мәдениеті Петров мәдениетінің негізінде қалыптасып, керамикадан, заттай мүліктерден, сәулет өнерінен, жерлеу әдет- ғұрыптарынан көрініс тапты. Ең белгілі қоныстар – Алексеев, Перелески II, Явленка I, Петровка I (Солтүстік Қазақстан), Атасу I (Орталық Қазақстан). Солтүстік Қазақстандағы қорымдағы зираттар (Перелески, Алексеевский, Конезавод, Амангелді I және басқалары) топырақтан үйілген обаның астына қойылып, айнала жиегіне тас қаланды. Орталық Қазақстанда (Майтан, Қопа, Нұркен, Бозінген және басқа обалар) бір келкі қорым үйінді түрінде кездесіп, айналасына сақина тәріздес, қазылған арыққа қырынан қойылған қоршаулар қойылды. Қайтыс болған адамды жалпақ тастан жасалған көрге аяқ қолын бүгіп, бір қырына (оң немесе сол қырымен) қолдарын бетінің алдына қойылып жерлеген. Бұл ана құрсағындағы нәрестені ұқсатса, ал жерлеу ғұрыпы жер ана құрсағын елестетеді. Кейбір артықшылығы бар арбакеш жауынгерлер зираттарының алдына қос атты қосып жерлеп, арбаға жегу көрінісін беретін. Осындай бір ерте алакөл кезеңінің зираты Ащысудан (Қарағанды обл), бүкіл Еуразия кеңістігі үшін ерекше мыс ыдыс табылды, бұл деген алакөлдіктердің темір өңдеуден өте жоғарғы дәрежеге жеткенінің белгісі.

Негізін петровтық материалды мәдениет қалаған алакөл мәдениеті андронов қоғамының тұрақты даму кезеңін қортындылайды. Шаруашылықтың мал бағу мен егіншілік саласы әрі қарай өркендеп, мыс балқыту өндірісі, тоқымашылық, балшық өңдеу және т.б. үй кәсіпшіліктері дами түсті.

Орта кезең 

d304dccb6ba409fb3ddd40ddc0ce246d.jpg

Қостанай облысында архитектурасы жағынан Арқайымға өте ұқсас Қамысты (Первомай) қонысы бар. Ақтөбе облысындағы  сынтасты мәдениетінің қорымдарына Танаберген II және Жаман-Қарғалы I жатады.

Алайда, айтылмыш кезеңде батыстан шығысқа Оралдан Енесайға дейін және солтүстіктен оңтүстікке тайгадан Памир, Тянь-Шань, Алтай тауларына дейінгі кеңістіктегі андрон мәдени-тарихи қауымдастығының (б.э.эд. XVIII-XIII ғғ) ескерткіштерін сипаттайды. Қазақстан аумағы андрон тайпаларының ең көп шоғырланған аймағы, мұны көптеген әрі көрнекті ескерткіштер, соның ішінде орналасу аумағы үлкен қоныстар және үлкен көлемдегі зираттары бар қорымдар айғақтайды.

Қазақстан аймағындағы тайпалардың басты артықшылығы, әсіресе кен рудасына бай және үлкен көлемді кен өндіруші Орталық Қазақстанда тұруы.

Андрон қауымдастығы таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді. Олар ерте кезеңі – б.з.б. 17–16 ғ-лардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. 15–12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. 11–9 ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.  



Петров мәдениеті 

66e63e636c7bbac9bdc876a64252e5d8.jpg

  Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңнің қоныстары бар: Петровка II (мәдениетке өз атын берген), Амангелді I, Кең өткел V, Жетікөл II, Новоникольск I, Боголюбово I. Петров қоныстарының өзіне тән сипаты қорғаныс орларының болуы. Петров қорымындағы ескерткіштер оғаштау балалар зиратынан, көп қабатты қорым астындағы ер-жауынгер (әйелдікі сирек) зираттардан тұрады. Қорымдағы Кеңес, Ұлыбай, Берлік, Новоникольск (Солтүстік Қазақстан) обаларынан, соңғы петров обасы Сатаннан (Орталық Қазақстан) екі дөңгелекті соғыс арбасының қаңқасы табылды.

Үй жануарларының сүйектері, үй қолөнерінің дамуы: қыш құмыра дайындау, тоқыма өндіру, сүйек ою, әшекейлер дайындау, қару-жарақтар мен еңбек құралдарын қоладан жасау, соғыс арбаларын жасау – міне, осының  барлығы өндіруші экономика болғанының куәсі. Негізін мал бағушылық қалаған кешенді малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасты. 

Федоров мәдениеті 

 Алакөл мәдениетімен қатар бір мезгілде өмір сүрді. Олардың таралу аймағы Қазақстаннан басқа Оңтүстік Орал және Батыс Сібірді қамтып, сонмен бірге, әрбір өңірдің ескерткіштерінің өзіндік айырмашылықтары болды.

Федоров мәдениетінің Орталыққазақстандық нұсқасы өз кезінде нұралық деп аталды. Федоров ыдыстарың алакөлдіктерден өзгешілігі бір қалыпты профилді болып, күрделі геометриялық өрнектер салынуында.

Орталық Қазақстанның далалық аймақтарында оннан астам ескерткіштер белгілі, соның ішінде Усть-Кенетай, Икпен I, Майоровка, Энтузиаст II қоныстары; Бұғылы I, Балықты, Ақымбек, Алпымса, Шойындыкөл қорымдары. Үй құрылысы дамуында екі үрдіс белгілі: жер бетіндегі қаңқа арқылы құрастырылған орташа құрылыс және үлкен төрт бұрышты жартылай жер үйлер типті құрылыстар.

Қорым жерге тігінен көміп орнатылған гранит немесе жалпақ тақтатастардан, жер бетінде көрініп тұрған қоршаулардан тұрады. Жерлеу ғұрыптарында жиі кездесетін салт өртеу және өртемей тас жәшіктерге, қабырғасы қырынан қойылған тақтатастар ішіне қою. Қабір ішіне 1 не 2 ыдыс қойылған, жеке заттар барлық қабірлерге қойылмады. Қабір ішіне қойылған заттардың аздығы федоровтықтардың өзіндік жерлеу ғұрыптарының ықпалынан болуы мүмкін.

Федоровтардың дамыған әлеуметтік құрылымының айғағы өзінің үлкен айшықты көлемімен және күрделі құрлымымен бірнеше жерлеу қорымдарынан көрінеді (Ақсу-Аюлы-2, Қарағанды облысы). Федоров шеберлерінің құрылыстағы тәжірбиесі екі бастан, келесі дәуірдегі сәулет өнерінің негізіне алынды.