Неолит. б.э.д.VI - IV мың жылдықтар. Неолит («жаңа тас ғасыры») – тас ғасырының ақырғы кезеңі. Бұл кезеңнің маңызды сипаттары (бірақ, бірдей емес) – шақпақ тастарды өңдеудің өркендеуі, қыш-құмыралардың кеңінен пайдаланылуы, шаруашылықтың өндірушілік формасына көшу. Қазақстан территориясында голоцен кезеңінің басы мен ортасында табиғат ресурстарының молаюы, тайпа аңшыларының, балықшыларының, жинаушылардың үйреншікті тіршілігін жалғастыруға мүмкіндік жасады. Бұл кезеңде халық саны едәуір өсіп, іс-жүзінде табиғаттың бар мүмкіндігін пайдалана алды. Неолит дәуірінің қола дәуірге өтпелі кезеңі. Бұл уақыт мыстан құрал-саймандар жасала бастаған кезең. Солтүстік Қазақстан мен Батыстың солтүстік аймақтарында осы кезеңде мал шаруашылығы (жылқы өсіру) негізінде өндіруші шаруашылыққа көшу басталды, ал басқа аудандарда аңшылықпен, балық аулаумен, жинаушылықпен айналысу жалғасты. Энолит дәуірінің мәдениет қабаттарында жерлеу дәстүрі бар ірі ескерткіштер бар: Ботай, Қожай-1, Қосқұдық-1 және т.б. Плейстонцен мен голоцен межесінде Еуразиядағы табиғат жағдайы тез бұзылды. Мұздықтардың еруінің нәтижесінде көл, теңіздердің су деңгейі көтеріліп, өзендер суға тола бастады. Осы кезеңде ежелгі адамдар аулаған көптеген мал табындары мен мамонттар қырылды. Адамдарға жаңа жерлерге үйренуге, басқа табыс көзін ідеуге тура келді. Азық-түлік көздері балық ұстау, жабайы құстарды аулау, жабайы өсімдік дәндерін жинау арқылы көбейді. Бұл уақыт ірі аң аулаушы палеолит аңшыларынан неолит егіншілері мен малшыларына ауысатын кез «мезолит» (орта тас ғасыры) деп аталады.