Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қазақ хандығы
Қазыбек би өмір сүрген жылдар

 Қаздауысты Қазыбек би - Орта жүздің бас биі. Ол -қазақ пен қалмақ хандықтары атысып-шабысып тұрған жаугершілік заманда елшілікке жүріп, көршілес екі елдің арасын уақытша болса да бітімге келтірген парасатты мәмілегер. Қазыбек би замандастары Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, туысқан қарақалпақ, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтерген. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлармен бірге халық жасақтарын құрысып, жоңғар басқыншыларына қарсы ұлтазаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғұрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Ол халықтың ақыл-ойын, ауыз әдебиетін, мәдениетін дамытуға игі ықпал жасаған. Өткір тілдігі мен шешендігі үшін Қаз дауысты Қазыбек атанды. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. 

Төле би өмір сүрген жылдар

Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) кесенесі осы күнге дейін сақталған. Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.

Төле би Әлібекұлы  Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, Шайхан-тәуірде, Жүніс  ханның қасына жерленген. 


Әз-Тәуке хан билігі

Тәуке хан бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Оны өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын да осы қасиеті. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. 

Әйтеке би өмір сүрген жылдар

Қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғүрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Туысқан, қарақалпақ, қырғыз елдерімен достық одақ жасауға, көршілес мемлекеттермен елші алысып, мәміле орнатуға ат салысты. Кіші жүз шаруаларының жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресін бастаушылардың бірі болды. Өзбекстан еліндегі Нұрата ауданының Сейтқұл қорымында жерленген. 

Табын Бөкенбай батыр өмір сүрген жылдар

1710 жылы Қарақұм құрылтайында бас қолбасшы болып сайланған. Жоңғарларға қарсы 1726-1729 жылдардағы Бұланты, Бұлдырты, Аңырақай, Қалмаққырылған, т.б. соғыстарда қол бастаған. 1742 жылы елінің бостандығы үшін түрікпендермен болған қырғында қаза тапқан. Ол қазақ елінің Ресеймен ынтымақтасуына себепкер болған, сол үшін қаны мен терін төккен, соның бастауында болған аса ірі саяси тұлға. Оның ұрпақтары тархан Тіленші Бөкенбайұлы Табын руының билеушісі, данагөй ақылшысы болса, немересі Жоламан Тіленшеұлы да айтулы батыр, ХІХ ғасырдағы қазақ елінің ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің біріне айналған. Бөкенбай батырдың Еділ мен Жайық, Жем мен Сағыз, Елек пен Қобда аралығын қорғаудағы ерлігін айтсақ та жеткілікті. Бөкенбай батыр тәрізді халқының азаттығы жолында күрескен тарихи тұлғалар — бүгінгі тәуелсіз елдің мақтанышы.