«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады. Ол біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына», екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды. 1. Жер дауы заңы 2. Отбасы - неке заңы 3. Әскери заң 4. Сот заңы 5. Қылмыстық істер заңы 6. Құн заңы 7. Жесір дауы Арғынның қанжығалы руынан Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған. Бөгенбай батыр 1708 жылы Әз Тәукенің бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған казак-орыстарды түре қуып, Еділден әрі асырып тастаған. Осы ұрыста Бөгенбай алғаш рет ерлігімен көзге түсті. Бөгенбай жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа қатысқан. «Қазақтың қамал-қорғаны» (Бұқар жырау) баһадүр Бөгенбай қазақ халқының Абылай бастаған ұзақ жылдарғы ұлт бірлігі үшін күресінің ұйтқысы болды. 1710 жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды. Осы құрылтайда Бөгенбай батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 жылы Бөгенбай бастаған қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді. 1772 жылы көктемде Қожаберген басқарған қазақ-татар жасағымен тізе қосып, Бөгенбай бастаған қазақ-ноғай-қарақалпақтың біріккен әскері Нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен болған шайқаста жеңіске жетті. «Аңырақай шайқасында» Орта жүз қолын басқарған Бөгенбай батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Керей Жәнібек т. б тізе қоса отырып, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалауда ерекше ерлік көрсетті. Бөгенбай Жайық, Жем, Ойыл өзендері бойы мен Ерейментау, Қарқаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі, т. б. шайқастарда қол бастаған. 1756–58 ж. Бірінші рет Шығыс Түркістандаға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуды. Бөгенбай жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. 1776 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы басқарған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеген. Ол сыртқы саясатта жоңғар басқыншылығын тоқтатуға және Ресеймен жақындасу саясатын ұстанды. Қазақстар "ақтабан шұбырындыға" ұшыраған 1723 жылы ол өзіне қарасты рулар мен Ташкент тұрғындары атынан жоңғарға тәуелділікті мойындауға мәжбүр болды. Жолбарыс хан 1739 жылы Орта жүз ханы Абылаймен одақтасып жоңғарға қарсы күресті басқарды. Олар бірлесудің арқасында жау қолынан Ташкент пен Сайрамды босатты. Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде Ташкент мешітінің жанында жергілікті қожалар қолынан қаза тапты. Түркістанда жерленген.