101-ші жеке атқыштар бригадасы 1941 жылы Ақтөбеде жасақталды. Жас қызыләскерлер жаттықтырылған соң 1942 жылдың қарашасында "Марс" стратегиялық шабуылдаушы операциясына қатысу үшін майданға жіберілді. Олар бірінші шайқасқа Алматыда жасақталған 100-ші атқыштар бригадасымен бірге 25 қарашада кірді. Әскери қимылдарға 1942 жылдың қазанынан 1943 жылдың қыркүйегіне дейін осы құрамда қатысты. 1943 жылдың желтоқсанында 1-ші атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. "Марс" операциясы сәтсіздікке ұшырады. Екі бригаданың санаулы күн ішінде 80 пайызы оққа ұшты. Шығын өте көп болғандықтан ол ауданда болған әскери құрамалардың соғыс қимылдары туралы ақпараттарды жариялауға тиым салынды. Құжаттардан құпия таңбасы кейінгі жылдарда ғана алынды.
Бұл екі кен орны іс жүзінде КСРО-дағы марганецтің 91,6 пайызын беретіндіктен, Кеңес Одағындағы марганец өндіру толық тоқтады. Ол танк бронына қажетті қоспа болғандықтан тез арада марганец бар жаңа кен орнын табу керек болды. Жезқазған облысы Жезді кентінде маңында марганец барлығын 1928 жылды байқаған Қаныш Сәтпаев соған толық көз жеткізу мақсатында геологиялық барлау отрядын ұйымдастырды. Оның тапсырмасы бойынша болжалды есептер қысқа мерзімде дайындалып қара металургия Халкоматқа жіберілді. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті елде марганецтің өте тапшы екенін есепке ала отырып Жездіде кеніш салуды және орал зауыттарына кен беруді бастауды міндеттеді. Тапсырма 40 күн ішінде орындалып, Жезді кеніші марганец өндіруді бастады. 1943 жылға қарай кеніш марганец кенінің 70,9 пайызын өндірді.