1942 жылы Амерсфорт қаласы маңындағы орманда оққа ұшқандардың көбі өзбек халқы болған. Дегенмен осы 101 Кеңес әскерін еске алатындар қазір көп емес. Дейтұрғанмен, голландиялық журналистің арқасында осынау қасіретті оқиға ұмытылып кетпеді. Толығырақ баяндасақ...
Жылдың әр көктемінде жүздеген голландиялық еркек, әйел, қарт, бала-шаға Утрехт қаласына жақын орналасқан Амерсфорт қаласының маңындағы орманға жиналады. Бұл адамдар фашистер тарапынан дәл осы тұста оққа ұшқан әрі жарты ғасыр ұмытылып кеткен 101 белгісіз совет әскерін еске алу үшін балауыз жағуға келеді.
Бұл жерге жерленгендердің хикаясын Ресейде бірнеше жыл жұмыс істеген, 18 жыл бұрын Амерсфортқа кері қайтқан голландық журналист Ремко Рейдинг баяндайды. Оның айтуынша, бұл жақын маңда Кеңес әскерінің мазары бар екен. Голландық журналист: «Бұл туралы бұрын ешқашан естімеп едім, таңқалмадым. Мазарға барып архив деректері мен куәгерлерді іздей бастадым», – дейді.
Ол зерттеу жасау барысында мазарда 865 совет әскерінің жатқанын, 101-інен басқа жанның жансыз мәйітін Голландияның басқа аймақтары мен Германиядан әкелінгенін, бірақ есімі белгісіз 101 адамның сол жерде, яғни Амерсфортта өлгенін анықтаған.
Тұтқындарды үгіт-насихат құралы ету мақсатында әкелген
Германияның Совет Одағына шабуыл жасаған алғашқы апталарында Смоленск қаласында тұтқындалған бұл 101 адамды Голландия аймағына насихат ету мақсатында әкелінген екен.
«Әсіресе, азиялық типті тұтқындарды таңдап фашистерге қарсылық көрсеткен голландиялықтарға экспонат ретінде көрсеткісі келген. «Төмен деңгейдегі адам» деп атаған бұларды көргеннен кейін Совет Одағын неге ұқсатқанын және голландықтардың Германияға демеушілік жасауынан үміттенген», – дейді Рейдинг.
Фашистердің Совет Одағының құқықтары жайында түсініктерін өзгертуге тырысқан адамдар – Амерсфорттағы концлагерьде қалған голландтық коммунистер еді. 1941 жылдан бастап еврейлермен бірге осы лагерьде тұтқындалған. Бірақ жоспар іске аспады.
«Өте аз әрі әлсіз еді»
Бүгіндері 91 жасқа толған Хенк Броекхузен – сол қанды қырғынның аз куәгерлерінің бірі. Ол жастық шағында совет тұтқындарын қалаға әкелген кезінде куә болғанын есіне түсірді.
«Көзімді жұмсам жүздері есіме түседі, – дейді оқиға куәгері Хенк қария, – ескі-құсқы бөзден жасалған киімдері бар, ешқандай әскерге ұқсамайды. Тек жүздері көрінеді. Фашистер оларды пойыз стансасынан лагерьге дейін басты даңғыл бойымен жүргізді. Өте аз әрі әлсіз еді. Аяқтарына да бөзден жасалған мата байлап алыпты. Кейбіреулері досының қойнына кіріп алып, күштеп жүріп келеді».
Кейбір тұтқындар өздерін тамашалап тұрған халықтың көздеріне қарап қол әрекеті арқылы аш екендіктерін түсіндіріп тұрғандай.
«Оларға су мен нан әкеп бердік. Бірақ фашистер бәрін қолымыздан тартып алды. Көмектесуімізге рұқсат бермеді», – дейді Броекхузен.
Олардың басына не қиыншылық туғанын білмедік. Одан кейін тұтқындарды еш көрмегенін айтты. Бірақ журналист Ремко Рейдинг Голландия архивтеріне барып болған оқиғаларға байланысты деректерді табуға бастап кеткен еді.
Алғаш рет аңғарғаны, көбісінің өзбек болғаны. Концлагерь қызметкерлерінің бұдан хабары жоқ еді. Орыс тілінде сөйлейтін бір ғана фашист қызметкері оларды тергеген соң білген. Зерттеуші Рейдинг бұл адамдардың көбісінің Самарқаннан келгенін алға тартады:
«Кейбіреуі қазақ, қырғыз немесе башқұрт болуы мүмкін. Бірақ көбісі – өзбектер», – дейді журналист Рейдинг.
Фашистерден аш өзбектерге бір бөлке нан
Рейдингтің тағы бір аңғарғаны, Ортаазиялықтардың концлагерьде басқа халықтардан өте көп қиыншылық көргені: «Лагердегі алғашқы үш күнде, маңайын тікенді сыммен қоршаған алаңда ұстап аш қалдырған. «Бір неміс фильм тобы «варвар» атанған осы адамдарды тамаққа таласып бір-бірімен төбелескен сәтті түсіріп алу үшін дайындалып жатты. Пропаганда үшін бұл сәт, фильмге өте қажет еді. Нәтижесінде фашистер аш өзбектердің арасына бір бөлке нан лақтырды. Бірақ күтпеген жерден ішінен біреуі шығып, нанды қолына алып бір қасықпен теңдей етіп бөле бастады. Қалғандары болса ол кезде сабырлылықпен күтеді. Ешкім төбелес шығармады. Содан кейін теңдей етіп бөлінген нанды өз араларында бөлісе бастады. Бұған фашистердің ұнжырғасы түсіп кетті».
Бірақ тұтқындарды басқа жаман нәрселер де күтіп тұрды.
«Ортаазиялықтарға, басқа тұтқындарға бергеннін жартысындай мөлшерде тамақ беретін еді. Оларға көмектескен өзге тұтқындар бар болса, оларды жазасыз қалдырмайтын. Тамақ қалдықтары мен картоп қабықтарын жеген кезде, фашистер оларды «шошқаның жейтін нәрсесін жейсіңдер» деп ұрып-соғатын», – дейді өзбек тарихшысы Бахадүр Узаков. Гауда қаласына жақын жерде тұратын Узаков та Амерсфорт лагерінің тарихымен байланысты зерттеулер жүргізеді.
«Үнемі таяқ жейтін»
Лагер күзетшілерінің көрсеткен қысымы мен лагердегі басқа тұтқындардың куәгерлерін архивтен тауып, оларды 2015 жылы бір кітап халінде жариялаған Рейдинг лагерьдегі өзбектерге тас, құм немесе кесілген үлкен ағаштар секілді ең ауыр жұмыстарды бергенін, үнемі таяқ жегізгенін баяндаған.
Көрген ең сорақы оқиғалардың бірі лагердегі голландтық дәрігер Николас Ван Нювенхузеннің бір әрекеті:
«Лагердегі өзбектерді, өліп қалған екі достың басын кесіп бассүйегін терісі түгел сыпырылғанға дейін қайнатуға қинаған. Содан кейін бұл бассүйектерді жұмыс үстеліне қойыпты. Бұл – барып тұрған ақымақтық».
Аш әрі әлсіз қалған өзбектер ұстап алған тышқан, көртышқан және шөптерді жей бастады. 1941 жылдың қатаң қысына шыдай алмай 24-і қайтыс болды. Қалған 77-сіне жұмыс істеу үшін әрі әлсіз қалғаны үшін қажеттілік болмады. Сол себептен 1942 жылы сәуір айының бір таңында «Табиғаты сендерге өте ыңғайлы болған Оңтүстік Францияға жөнелтілесіңдер» деп лагерден шығарып жіберді.
Бірақ апарған жер Оңтүстік Франция емес, лагердің тура сыртындағы орман еді. Бұл жерде бәрін оққа тізіп және олардың бәрін бір жерге көміп тастады.
«Қашуға бел буғандар оққа ұшты»
«Кейбіреуі жылай бастады, кейбіреуі қол-қолымен ұстасып ажал құшты. Қашуға бел буғандарды әскерлер қуып атып тастады», – дейді лагерь күзетшілері мен шоферлардың куә болғандарынын айтқан деректеріне сүйенген Рейдинг. – Азаншының намазға шақырған, базарда желдің құм, шаң-топырақпен арпалысқан және көшелері хош иісті тағаммен аңқыған қалаңыздан 5 мың шақырым шалғайда екендігіңізді бір сәт елестетіп көріңізші. Олардың тілін білмейсіз, олар да сіздің тіліңізді ұқпайды. Және бұл адамдардың сізге не үшін хайуан сияқты әрекет жасағанын ешқашан түсінбейсіз».
Бұл тұтқындарды зерттеу үшін өте аз ақпаратқа иеміз. Фашистер 1945 жылы қашып жатқан кезде лагерь архивіне от қояды. Артта қалған есімі белгісіз екі бет-әлпеттің фотосуреті қалды. Голландтық бір тұтқынның қаламмен бейнелеген тоғыз портреттің тек екеуінде, суреттегі адамның аты жазылған.
«Есімдері жаңылыс жазылған бірақ құлаққа өзбекше естіледі», – дейді Рейдинг: «Бірі Кадиру Хатам (Kadiru Xatam), екіншісі Муратов Зайер (Muratov Zayer) деп жазылған. Бірінші адамның дұрыс аты-жөні Хатам Кадиров, екіншісі болса Заир Муратов болуы керек».
Суретке қарасам өзбек есімдері мен ортаазиялықтардың бет-әлпетін бірден аңғарамын. Тек қана қастар, өзгеше әлпет ерекшеліктері... Барлығы менің елімнің керемет табылған нәрселері. Бұл – 20 жастағы жас ерлер, мүмкін одан да жас болуы ғажап емес. Соғыс болмай тұрып аналары оларға келін іздеп жүрген шығар, әкелері тойға дейін бағып, өсіру үшін бір сиыр алған болуы ықтимал.
Жүз мың өзбек жоғалды
Бұл кісілердің кейбірі менің туысқандарым болатынын да сеземін. Екі үлкен ағам мен әйелімнің атасы соғыстан кері қайтпаған. Маған ағаларымның неміс әйелдерге үйленіп Еуропада қалуды қалағаны туралы айтылатын еді. Әжелеріміздің өздерін жұбату үшін алдаған бір хикаясы болар. Ал шындығы: соғысқа кеткен 1,4 млн өзбектің үштен бірінің кері қайтпағаны және 100 мыңының жоғалғаны.
Амерсфортта өлім құшқан 101 ортаазиялықтардың және есімі белгілі болған екеуінен басқаларының зерттелінбеу себебі өте көп. Бұлардың бірі – «Қырғи-қабақ соғыс». ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін басталған «Қырғи-қабақ соғысы» Батыс Еуропа мен КСРО-ны идеологиялық дұшпандар халіне алып келді.
Ал тағы бір себеп, 1991 жылы Өзбекстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін советтік өткен-кеткенді ұмыттыру шешімінің қабылдануы болатын. Соғыс ардагерлері енді қаһарман статусына лайық емес еді.
Не де болса, елдің жаңа мемлекет басшысы Шевкет Мирзияев кері қайтаратынын айтса да, соғыстан артта қалған 14 жетімді асырап алған бір жанұяның құрметіне орнатылған ескерткіш Ташкентте алынып тасталды.
Қысқасы, жылдар бұрын Совет армиясы кезінде жоғалған әскерлерді бақылауға алу өзбек өкіметі үшін басымдық болмады.
Бірақ Рейдинг бұл өзбектердің есімдері елінің архивтерінде табылатынын ойлап былай дейді: «Соғыста өлмеген немесе өлгенінен хабар алынбаған әскерлердің деректері жергілікті КГБ ұйымына жіберілді. Бұл 101 адамның деректері де Өзбекстанда болуы ықтимал. Егер оларға қол жеткізе алсам, бұл 101 адамның бір бөлігін тауып аламын».
Түрік тілінен аударған Руслан БЕГЕН
Фотосуреттер мен мақаланың тұпнұсқасы ВВС ақпарат порталына тиесілі