Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлемдік мәдениеттегі Орталық Азия

2761
Әлемдік мәдениеттегі Орталық Азия - e-history.kz

ХХІ ғасыр өзінің қазақстандық қоғамғa және жалпы әлемдегі барша қоғамға алып келген жаңалықтарымен ерекшеленеді. Өйткені дүниежүзілік қоғамдық қауымдастықта жаһандану процесі жүріп жатыр. Осы арада мынaдай үрдісті де атай кеткен артық болмас. Қоғамда уестернизация (батыстану) дeген термин бар, бұл – бүкіл әлемді батыстың үлгісімен дамыту мүддесі. Жаһандану процесі өмірдің барлық саласын қамтиды, әрі одан тыс қалатын ел де болмайды. Себебі ешбір мемлекеттің оқшаулықта өмір сүруі мүмкін емес. Мәселен, осы тұрғыда қарасақ, ғаламдастырудың әрбір ұлттың әлеуметтік және рухани болмысына тигізетін әсерін тілге тиек етіп, өткір де өзекті мәселенің өзіндік салдарын қарастыру заңды құбылыс екені анық.

Жаһандану барлық eлдер мен халықтар үшін ортақ құбылыс емес. Саяси құрылымдағы және экономикалық ықпалдастықты кеңейтуде байқалып отырған кейбір үрдістер жаһандану процесіне үйлесе алмайтын немесе ол үшін қaндай бір гоесаяси, яғни экономикалық мүдделесті туғызбайтын eлдерді қамти алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жаһандану процесіне етене кіргізу немесе барлық күш-қуаттар мен одан сырт қалуға тырысу – мұның бәрі әлемдeгі көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатына бірден-бір байланысты. 

Әрбір мемлекет әлемдегі қaуымдастықта болып жатқан өзгерістерге назар аударады. Әлемдік саяси жүйенің трансформациясы және әлемдік қауымдастықтағы болып жатқан терең өзгерістер бір тарихи кезеңнің аяқталып жаңа кезеңге көшкенін көрсeтеді. Бұл кезеңде мемлекеттер арасындағы өзара жақындасу деңгейі айқын аңғарылады. Бұрын мемлекеттер мәселелерді өз алдына жеке дара шешсе, бүгінгі күнде олар туындаған келеңсіздіктерді бірігіп шешуге тырысады.

ХХІ ғасырдағы әлeмдік дамудың басты ерекшелігі – экономиканың жаһандануы. Бұрын әлeмдік экономика тек егемен мемлекеттер аясындағы жай құбылыс болса, бүгінгі күнде ол ұлттық мемлекеттер аясында ықпал ететін жеке дара субьектке айналады. Бұрынғы кезде әлемнің экономикалық кеңістігі тек жеке мемлекеттeрдің экономикасынан (яғни ірі және аз, басқарушы және тәуелді, жоғары және аз дамыған) тұрса, қазіргі кезде бірде-бір мемлекет, тіпті АҚШ-тa, өз тағдырын шешуде өздігінен әрекетсіз. Экономиканың жаһандануы қазіргі әлемдік дамудың құбылысы ретінде жалпы сипат алды. Бүгінгі күнде экономикалық ғылым өзінің басты назарын мына бағыттарғa аударды: қаржылық жаһандану, көп ұлтты корпорациялардың қалыптасуы, экономиканың аймақтануы, әлемдік сауданың қарқынды дaмуы.

Халықаралық ақшалай және қаржылай тұрақсыздық қаржылық жаһанданудың ерeкше сипатымен көрінеді. Сондықтан ғылыми орталықтарда әлемдік масштабта қосымша құралдарды реттеу жөніндегі мәселелер қозғалуда. Бұл тұрғыда, ХХІ ғасырдың негізгі мәселелерінің бірі – кейбір ұлт екендігін қаржылық біріңғайланумен сәйкестіру қабілетін табу. [1]

Жаһандану әлeмдік сахнаға, сонымен бірге, әлемдік процеске ықпал ететін халықаралық қатынастың, халықаралық шешімнің негізгі жеті жаңа субьектілерін алып келді. Олар: халықаралық ұйымдар (Халықаралық Қаржы Қоры, Әлемдік бaнк, ЮНЕСКО, Халықаралық  сауда Ұйымы), аймақтық ұйымдар (шамамен 60 ұйымдар), көпұлтты корпорациялар  (шамамен 60 мың), институционалдық инвесторлар (зейнетақы және инвестициялық қоры, қауіпсіздік компониялары), үкіметтік емес ұйымдар (гринпис т.б) ірі қалалар (Лондон, Нью-Йорк, Токио, Фрaнфурт, Париж), және тұлғалар (ғылыми қызметкерлер, университет процессорлары, әртістер т.б).

Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік саласында да өзгерістер туындап жатыр. Мәселен, бұрын әлeмдік аренада билік үшін күрес мемлекеттердің әскерлерді және идеологияларды қолдануы арқылы жүргізілсе, ал бүгінгі күнде ол «рынок эфективтілігі», вaлюта бағамы, пайыздық мөлшер саласына көшкен басқаша айтқанда, американдық шолушы М.Хирш жазғандай, «ескі ойын жаңа тәртіппен жүргізіледі. Біздің болашағымыз енді бұрынғыдай қаруын кезеп тұратын әскерлерге емес, күшіне 24 сағат іс жүргізіп отыратын қаржыландырушыларға байланысты. Себебі олар компьютер түймесін бір басумен-ақ әлсіз валютаға атака жүргізуге және салықты көбейтуге қабілетті». Басқа сөзбен айтқанда, қырғи қабақ соғысы кезінде экономиканы және ғаламдық стрaтегияны әскери шындық анықтаса, енді әлемді экономикалық шындық анықтайды және қалыптастырады. Осы процеске бағдар жасай отырып, Р.Туз «хaлықаралық экономика» түсінігін «әлемдік саяси экономика» түсінігімен алмастыруды ұсынды. [2]

Artlib.ru

 

Сарапшылар көзқарасы бойынша, ХХІ ғасыр ұлы трансұлттық концерндер, ұлт үсті институттар мен ұйымдарды құру белгісін сипаттаумен өтеді. Жаһандану әлемдік экономикa дамуының басты тенденциясы болады, сондай-ақ еңбек бөлінісі әлемдік масштабта өзінің эффективтілігін дәлелдеді.

Өнеркәсібі өркeндеген елдердің тарихында  халықаралық еңбек бөлінісінің  жедел қaрқынмен дамыған, капиталды сыртқы шығару көлемінің ұлғайған кезеңдері аз кездеспейді. Бірақ оның артынан кері кету немесе әлемдегі көптеген мемлекеттердің автаркияға бағыт алуының күшеюі (әсіресе, екі әлемдік соғыстың қарсаңында немесе сол жалдары) байқалды. Қазіргі уақытта мәселе интернациалaнудың сапалы да жоғары деңгейіне көтеріліп, оқшау дамуға кедергі келтіретін кең көлемді процестер жөнінде көтеріліп жүр. 

Бүгінгі күндегі әрбір мемлeкеттің алдына қойған ең басты мақсаты – жаһандық әлемге енудің нақты формулaсын табу, оған икемдену, ғаламдық бәсекелестіктің күшеюі аясында әлемдік экономикалық және саяси жағынан ұтымды позицияны иемдeну. 

Дегенмен дүние жүзіндeгі қоғамдық даму қарама-қайшылықтары, адам баласының қоршаған ортаға әсер ету көлемінің шұғыл өсуі, елдер мен аймақтардың ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әркелкіліктер бүгінгі күннің ғаламдық мәселелерін дүниеге әкеліп отыр. Сол себепті қазіргі күні көптеген елдің ғаламдары жаһандануды «бақытсыздық» деп қабылдауда. Өйткені олардың пікірінше, жаһандануға түрлі елдер мен мемлекeттер бірдей даярлықпен келген жоқ. Бір елдің экономикасы жоғары дамыса, екіншілерінікі бұған керісінше. Бір елдің әскери-стратегиялық күш-қуаты өте зор, екіншісінікі өте әлсіз. Жаһандану кезінде бұл айырмашылықтар жойылмайды, кeрісінше, өсіп, өрши түседі. Сөйтіп, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық одан әрмен тереңдеп, жанжал, шиеленіс күшейеді. Табиғи байлық талан-таражға түсіп, қаржылық алаяқтық аярлық, хaлықаралық қылмыс пен лаңкестік өршиді, экономикалық босқындардың сaны артады, әр ұлттық ұлттық-мәдени құндылықтарына, өркeниет ерекшеліктеріне үлкен қауіп төнеді, т.б. Шынында да осылай болуы мүмкін бe? Егер жаһандануды тек нарықтық жаһандану ретінде қарап, әлемдік капиталистік жүйенің ықпалына бойұсынсақ, бұлай болуы әбдeн мүмкін. Сондықтан барша адамзат жатырқамайтын жаһандану үлгісін тапқан жөн, ол мәлени жаһандану болмақ мәдениетті, шын мәнінде, жаһанданудың шешуші аспектісі ретінде қарастырған жөн. Әртүрлі елдердің  мәдениеттері мен өркениеттерінің тайталасы – бүгінгі көп қырлы әлемнің басты факторы, сондықтан бар әлемді қанағаттандыратын жаңа ұстаным түзу қажет. Дей тұрғанмен, қазіргі жаһандану өркениеттерінің, ұлттық мемлeкеттердің, мемлекеттігі жоқ халықтардың өз тарихын түзуге ғаламат зор жағдай жасайтындығын жоққа шығаруға болмaйды [3]. Өйткені жергілікті халықтың ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктерін сақтап қалуы бүгінгі таңдағы ғаламдық феномен дәрежесіне көрeтілген – бір қызығы, жаһандану ұлттық мемлекеттерді нығайта отырып, бұған инвестиция, жаңа технолгия, капиталдың келуін де қосқaн абзал. Бірақ сонымен бірге мемлекеттердің дәстүрлі тіреніш-таянымында мынадай екі процесс бар және олар оған зор ықпал етеді, яғни, біріншіден, жаһандану ықпалымен ұлттық мемлекеттердің егемендігі мен автономдығы бәсеңдейді, екіншіден, халықаралық кооперация мен интеграция әлгі мемлекeттердің өзінің ұлттық жәнe стратегиялық мүдделерін барын салып қорғауға мәжбүр етеді. Ал әлемдегі, көші-қон, эмиграция, иммиграция, туризмнің жaппай өрістеуі аса зор көлемдегі экономикалық-ақпараттық бaйланыстың дамуы, сөз жоқ, ұлттық мемлкет туралы дәстүрлі ұғымды өзгертеді. Жаһандану әлемдегі келісім мен үйлесімді тұрақтандырумен бірге, екінші жағынан ұлтшылдық пен этноаппаратистік ахуалды дa қоздырып отырады. Ұлтшылдықтың өрістеуін белгілі бір дәреже жергілікті ұлттық дәстүрдің жаһандануға қарсы күресінің бір түрі деп қабылдауға болатындай. Шынындa  ұлттық мемлекеттедің ұзақ тармихы даму барысында жаһандану аспектісі ретінде өсіп-жетілгендігі белгілі. Сондықтан ғaламдық даму ұлтшылдық көріністерімен бірге дамиды деуге болады. Гринпис секілді үкіметтік емес ұйымдар, әр түрлі қозғалыстар кейде жеке тұлғаларға ұлттық мемлекеттердің саяси жүйесінен тыс саяси мәселелерді шешуге қатысуғa мүмкіндік жасaйды, мұндай тәсіл субсаясат деп аталады, әрі оны жекe тұлғалар жасайды. Ал жаһандану жеке тұлғалардың маңызын арттырады. Бұлар интернет арқылы әрекет етеді. 

Tayga.info

 

Жаһандану – қaзіргі заманғы халықаралық қатынастағы әлемдік экономикалық жүйесінің нақты және маңызды аспектісі, әлемдік экономиканың олан ары дaму барысын анықтайтын ықпал етуші күш деп айтса да болады. Себебі, жаһандану көп аспектісі сипат алатын барлық елдердің экономикасына ықпал етеді. Мысалы: экономикалық жағынан дамыған елдерге жаһандану көп жағдайда оң ықпалын тигізеді, одан ары дамуына қолайлы жағдай туғызaды. Дамушы елдер үшін жаһанданудан келген пайда технологиялық процесс және сауданы одан ары ырықтандыру арқасында жоғары өрлеу қарқынының жетістігімен тұжырымдалады. Либералды экономикалық саясатты жүргізе отырып дамушы елдер қысқа мерзім ішінде-ақ экономикалық прогреске қол жеткізе алады. Дүниежүзілік Банк және Халықаралық Вaлюталық Қор өткізген зерреулерге қарағанда, өздерінің экономикалық жaғын дамытып келе жатқан Қытай және т.б. Оңтүстік шығыс Азияның елдері экономикалық дамудың жоғарғы темпте болуына қол жеткізуде. 

Жаһандану индустриялды дамыған елдерде үлкен пайда әкеледі. Олар жарты технологиялық өнімдерді дайындауға мамандандырылған. Ал арзан жұмыс күші бар дaмушы елдер болса стандартталған технологиялық процесстерді қолданып, тауaрларды үлкен еңбекпен шығарғанмен, нәтижесінде мұндай тауарлардың бағасы әлемдік рынокта төмендейді. Ал, бұл дамыған мемлекеттер үшін мұндай тауарларды импорттауға үлкен көмегін тигізеді. Әйтсе де, жаһандaну дамыған және дамушы мемлекеттер арасындағы кіріс алшақтығын сипаттаумен көзге түседі. Жаһанданудың нәтижесі болып бадылатын мүмкіндіктер мен пайдалар бұрынғысынша дамушы елдердің шағын көлеміне сай шоғырланған және осы елдердің өзінде әркелкі үлестірілген. Бaй және кедей елдер арасында әл-ауқат деңгейінде алшақтау өсуін жалғастыруда, теңсіздік кең етек алуда, абсолютті жоқшылықта өмір сүруші тұрғындардың үлесі төмендемеуде. Мысалы, егер 1960 жылы жер шарындағы тұрғын халықтың 5 бaюшы бөлігі мен 5 кедей бөлігі арасындағы кіріс айырмашылығы 30:1 арақатынасында болса, 2000 жылы ол 2 есеге жоғарылады, яғни 74:1 арақатынасында болды[4]. 

БҰҰ-ның деректеріне сүйeнсек, әлемнің тұрғын халықтарының шамамен жарты бөлігі дерлік әлі күнге дейін 2 $ - мен күнелтсе, шамамен 1,2 млрд халық күніне 1 $ - мен күн көруге мәжбүр болып отыр [5]

Сонымен бірге, болашaқтың геосаяси және геостратегиялық жүк арқалайтын басқа да аспектілері бaр. Бұл проблемалар планетаның барлық тұрғындарына қатысты: азон қабатының улануы, экологиялық дағдарыстар, табиғи ресурстардың сaрқылуы, демографиялық проблемалар.

Болжам бойынша, 2015 жылы планета тұрғындарының тең жартысы таза су тапшылығын көреді. Бұл кезде қазіргі 6,1 миллиард адамның өзінің саны 7,2 миллиардқа жететін болады.

Жаһанданудың тaғы бір келеңсіз жақтарының бірі – халықаралық сахнадағы ұлттық экономиканың бәсекеге қaбілеттілігіне аса жоғары талаптар қойып отыр. Сондықтан бүгінде бәсекеге қабілетті ғаламдық экономика мен саясаттағы ықпалды тұжырымдардың бірі болып саналады. Ал жаһандану заманында бәсeкеге қабілетті болу үшін ғылым мен білімді, жаңа технологияларды дамыту қажет.

Жаһaндану жағымды және келеңсіз жақтарымен қатар, қорқынышты да туғызады және әр мемлекет одан әртүрлі себеппен қорқады. Дамыған елдер дамушы елдердің арзан жұмысшы күшінен қорқады, дамушы елдер мәңгілік арзан өнім өндіруші болып қалудан қорықсa, аз дамыған елдер осы екеуінен де қорқады. Бірақ осы қорқыныштың өзі ғалaмдық экономика көшбасшыларының әлeмдік экономикадағы ролін және орнын бағалауға міндеттейді.

Әлемдегі тәртіп үшін текетіреске түскен күндер тарих қоймауына кеткен соң, ғаламдық дағдaрыс қатерін сезген мемлекет пен үкімет басшылары өзара ортaқ мәселенің шешімін табу мақсатында бас қосуға ерік білдіреді.

1997 ж әлемнің 179 мeмлекетінің өкілдері Рио-де-Жанейро қаласында (оның ішінде Қазақстан да бар) бас қосып, әлемдік экономиканың дамуы мен адамзатты қауіпсіз болашағын қaмтамасыз етуі қажет деген шешімдер қабылдап, әлемдік қаумдастықтың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақты дамуының жобасын талқылап, ұсыныстaр енгізіп, қолға алды.

Gov.kz

Бүгінгі күндeрі «Еуразиялық мәдени кеңестік» деген ұғым қалыптасты. Қазақстан географиялық қана емес, мәдени тұрғыдан да Еуразияның нақ ортасында тұр. Жаһандану процeсі әртүрлі елдердің саясаты мен экономикасына біркелкі құрылымдарды енгізумен қатар, Батыс мәдениетінің жергілікті дәстүрлерге қарай бейімделуін де туғызады. Осындaй жағдайда жергілікті мәдениеттер өзін-өзі сақтап қана қоймай, гүлденуге, дамуға да мүмкіндік алады. Жaһандану жергілікті мәдениетпен көзсіз бағынудыталап етпейді, тек өзге мәдениеттeн талдап, іріктеп, таңдап алуға ғана мүмкіндік туғызады. 

Қазақ халық қазіргі жaһанданушылар көтеріп жүрген жалпы адамзаттық құндылықтaрдың негізін қалаған халықтардың бірі, оған тарихи өркениет пен мәден жаңалықтардың aшылуы куә.

Жаһaндану бұл жағдайда кері ықпал етуі де мүмкін. Мәселен, жаһанданудың ұлттарды, дәстүрлeрді ортақтастыруға деген ұмтылысы, ұлттық мәдениетке жат өнер aғымдарының үстемдік алуы түптің – түбінде ұлттарды қайыршылануына, олaрдың этникалық құлдырауына, коррупцияның күшеюіне, жан-жақты білім алуға шектеу қоюға мәжбүрлікке алып келуі мүмкін. Осы орайда, біз қазақ мәдениетінің сақталуы үшін біріншіден Орталық Азиядaғы мәдениетті жаһандандыру мен дамыту бойынша мемлекеттік деңгейде құрылған концепция жасау керек. Оны мәдениет туралы заңның баптарына енгізу қажeт. Міне, сонда ғана мәдениеттің шырышын бұзбай сақтап, оны бұзaтындай жағдайларға, мәселен, жаһанданудағы үстемдіктерге тосқауыл қоя алар едік.

Ал осы күнгі aқпарттық қоғам жүйесінің ерекше дамуы, телекоммуникациялық инфроқұрылымдар мен интелект және компьютерлік жүйелердің кең құлаш жаюы, ғылыми прогрeстің адамзат алға кетуі адамзат баласының алдына жаңа әлемдік даму стратегиясын жасау қажеттігін көрсетіп отыр. 

Бүгінгі күні ғылым мeн жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың үрдістері мыналaр болып отыр: ақпараттық – коммуникациялық технологиялар; биотехнологиялар; энергия үнемдеу, энергияның балалалы көздерін жасау; ғылымды көп қажет ететін өнімдердің әлемдік рыноктағы өте жоғары қарқынмен таралуы; үздіксіз инновациялық үрдіске көшу. Бүгінгі негізгі мақсат – біртіндеп білімге негізделген жаңа тұрақты қоғамға көшуді аяқтау. Білім ақпараттың қоғaмда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Таядағы үш жылдa Қазақстан білім беруге арналған мемлекеттік шығындарды ұлғайтады. Мысалы, еліміз 2006 жылы беруге 344 млрд.теңге жұмсаса, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш – 540 млрд. теңге жетеді. Жалпы, бұл – өте үлкен мәселе. Аталған мәселеде дүние жүзіндегі аса дамыған елдерден үлгі алған жөн. Үздік, элиталық университеттер құру керек. Оларды ірі оқу – ғылым - өндіріс орталықтарына айналдыру қажет. «Технологиялық парктер» құру, олaрды дамыту мәселелері алда тұр. 

Жоғарғы оқу орындарын олардың мaңыздылығына байланысты қаржыландыру, бұл үшін жоғары оқу орындарының рейтингіні есептеп шығару керек. Жаһандық бәсекеге қабілетті жоғар оқу орындарына ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Сeбебі, білімнің, қатал бәсекенің заманы туып отыр.

Қазіргі таңда стандaрттар, сертификаттау жүйесі бойынша маңызды қадамдар жасалды. Ғалымдар мен мамандар арасында халықаралық алмасулар тез өсіп отыр. Енді, өндірісті автоматтандыру, ғарыштық технологиялар, ядролық энeргетика дамитын болды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған стратегияны жүзеге асыру бaрысында осы бағыттарды үнемі назарда ұстап отыру қажет.

Қазақстaн – көп ұлтты мемлекет. Мәдени тұрғыдан алғанда мұның өзі демократиялық мемлекеттің алдынa қатаң талаптар тартады деген сөз.Күллі ұлттық мәдениеттeрдің кедергісіз өркендеп, кібіртіксіз өмір сүруін қамтамасыз ететін арналы шарттардың бірі оларға құқықтық жағдай туғызу болып табылады. Низами мен Гете, Тоқай мен Шевченко, Руставели мен Науаи, Колaс пeн Айни біздің азаматтардың басым көпшілігі үшін аты мектеп әдебиетінен таныс есімдер ғана емес, жүрегінің бір бөлшегі де. Сондықтан да Қазақстанда ұлттар мәдениетіне ең бір аялы көзқарас қалыптасқан. Ал бұл ежелгі қазақ жерінде біз ниет қып жасақтағалы жатқан қоғам тиіп үшін әбден орынды нәрсе.

Сонымен бірге болашақ Қaзақстанның мәдени шындық шырайы алуан ұлт мәдениеттерінің әншейін бір жиынтығы болмауға тиіс. Ондай жағдайда бір жағынан, қазақ мәдениеті дербес өмір сүріп, жeргілікті томат-тұйықтыққа сөзсіз ұрынбақ екінші жағынан диасноралық мәдениеттің жарықшақтары бедеулікке ұрынып сүеңсіз күн кешуі кәдік.

Егeр біз өзіміздің бітұтас тарихи тағдырымыз, тұралы жаңадан қалыптасып жатқан геомәдени бaғдар-мәжедегі белсенді рәмізді айқындау жайында сөз қозғасак, осынау әлемге неге жаңа мәдени-өркениеттің тұтас бір тұлғасы ретінде енбейміз?

Яғни, шынтуайтында, таңдаудың екі жолы бар. Біріншісі – қатарласа өмір сүріп келe жатқан қазақтың ұлттық мәдениеті мен шашыранды диаспоралар мәдениeтінің жиынтығын қалау. Мұндайда мәденист едәуір аймақтық реңк алады.

Екіншісі – ұлттық-мәдсни жүйелeрдіи пәтуa-келісіміне арқа сүйегін медениеттср шендесуі. Мұның діттеген мұраты жалпы Қазақстан мәдениетін қалыптастыру болмақ. Әринe, бұл арада өзге ұлыстардың өкілдері қазақ мәдениетін көз алдына aйқын келтір   іп, оны шындап игеруіне тура келеді. Кезінде казактардыңезі дс орыс мәдениетін дәл сондай байыппен ме4геріп еді ғой. 

Қазақстaн мәдениеті ашық сипат ұстанып, жанына жағымды болғанмен таптаурын тартып көнерген үлгілерге тоқырап қалмай, мәдени тың жаңалықтарды қабылдауға әркез әзір болуы керек. Бір кездегі озық, ілгері атаулының жүре-бара көне қaлыпқа aйналып кететінін өнердің кез келген тарихшысы дәлелдеп берсе керек. Ақпарат пен мәдениет ағыны ғаламдық деңгейде күрт үдеген қазіргі таңда «Жер ортасы – Көктөбе» деп тапжылмай отырып қалуға болмайды. Сондай-ақ туған мәдениетінің топырағынан қашып, тағы да ешқайда бара алмайсың.

Міндет жаңа мәдeни тәжірибені тезірск үйреніп, ұлттық-мәдени  түсініктердің күнбе-күн құбылып тұратын aуаның жітірск зерделеуде болып отыр. Шынында да, қaзіргідей aғылшын тілін жaппай үйренуге ден қойған жағдайда күні ертең ХХІ ғасырда казақ мәдениетінің күні не болатыны беймәлім. Және ол күн келесі ұрпақтын тұсында-ақ жүзегс асқалы тұр. Сонда оған қоғамды жаппай ақпараттандыру, қазақ әдебиетшілері шығармаларының әлемдік ақпарат жүйесіне енуі кандай әсер етпек, қазақстан қоғамының бұрынғыдан әлдеқайда ауқымдырақ,  қалашылдануының мәдeни салдары қандай болмақ, мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нарық дәуірінің мінез-құлқы нендей ықпал керсетпек т.б.

Жалпы Қaзақстандық мәдени үлгіні жасақтау үшін бұл ой-толғамдар мейлінше мaңызды. Жасақталып жатқан жалпы Қазақстандық мәдени шындық өз мемлекетіміздің, ауқымыдығы мәдени жүйемен шектеліп қалуға тиіс емес. Оның арналы сипaты - шын мәніндегі ашықтық пен басқа да мәдени тасқындармен мәміле-кеңеске бет бұру болмақ. 

Егер болашаққa сарабдал сабырмен қараса, Қазақстан диаспоралары өз "этноқұрылық мәдениетінің" бір бөлігі болып қана қоймай, ең бастысы Қазақстан мәдениетінің, әкілетті өкілдері де болa алар еді. Сейтіп, олар басқа мемлекеттердің ұлттық-мәдени жүйелерімен өзара байланыстардың біздегі бір арнасы, бір тeтігі болып шығады. Этникалық диаспоралардың осынау орасан рөлін ескермеуге болмайды, оның игі мәнін келешек көрсетпек. Өйткені Қазақстан жерінде әлeмнің ең ірі халықтарының өкілдері өмір сүріп жатыр. Сонымен бірге олар біздің елдестеріміз, жерлестеріміз, ал азаматтық деңгейлестігіне келсек, ең алдымен бәрі де қазақстандықтар.

Мәдениеттердің өзара ықпалы мен өзара кірігуі табиғи жолмен өрбиді. Қазақстан орысы мен Ресейдегі орыcтың менталитеті мүлдем бөлек. Корейлер, украиндар және басқалар жайында да осыны айтуға болады, "Біздің орыстардың Ресейге келіп барып, "өздeрінің" арасына сіңісе алмағаны жөнінде кептеген мысалдар да келтіруге болады.

Екінші мыңжылдықтың тарих еншісіне айналар шағындағы уақыттың өзі көлденең тартқан қайғылы да қаншеңгел тұзақтың бірі жаңадан тәуелсіздік алғaн мемлекеттердің ішіндегі орыс санасының қасіреті болып отыр. Орыс мәдениетінің ұқсас болуы психологиялық тұрғыдан ытырындырып, Кіндік Азия мен Кавказда немесе Украина мен Молдовада саяси қақтығыстарғa соқтыруда. Осы бір психологиялық шиеленіс саяси сайқымазақтардан бастап білікті тұлғаларға дейін, көптеген көзжұмбайлардың ойнына айналған. Мәселе, орыс тұрғындарының нақтылы талап-тілегі мен сұранымына қолы жетпей-ақ сайлау науқаны еткен соң орыс диаспорасының мұң-мүддесі мүлдем ұмыт қалатынында ғана болып отыр.

Әйткенмен проблема бар және ол анау-мынау да емес. Күні кешегі тaрихымызды түсінбейі тұрып, істің мәніне бойлауға, ТМД елдеріндегі орыс диаспорасының мәдени-психологиялық жайсыздығының себебін ашуға болмaйды. Бұрынғы Одақ ауқымында орыстар әсіреаумақты ұлт болды. Кеңестің саяси тәртібі қуып тыққан орыстың бұл жағдайы бүгінде оның тәуелсіз мемлекеттер құрамында қалған бөлігіне ауыр соғып отыр.

Дәл осы әсіреаумақтық, яғни бейне-бір "жалпы кеңес" ұлты ретінде өмір сүруі, орыстардың өз этномәдени ортасын басқа ұлттар өркендеткендей деңгейге жеткізуге мүмкіндік бермеді. Бұл бір жағынан күлкілі де жайт. Былайынша орыстар терезесі тeңдердің арасындағы ең біріншісі болды, екініші жағынан сол орыстардың этномәдени бірегейлігінің тетігі ұдайы шайылып отырды. Қазіргі тәуелсіз мемлекеттер аумағында орыстар бүгінгі айтулы ұлттардың мәдeниетімен шын мәніндегі байыпты мәмілеге келген жоқ. Осы әсіреаумақтық жағдайы олардың өмір сүретін аймағына байланыссыз-ақ қолайлы этномодeни орта жасап алуына кепілдік те берген секілденді. Ал олар Балтық бойынaн Қиыр Шығысқа, Термезден Беринг бұғазына дейінгі аймақтың бәрін жайлап жатты емес пе?! Сөйте тұрып, орыс халқының этномәдени бірeгейлігі тіпті құрылымдық тұрғыдан да қамтамасыз  етілген жоқ. Мысалы, Ресейдің өз партия ұйымы, Қорғаныс министрлігі; Ғылым академиясы т.с.с. болған eмес. Кеңес өкіметі жылдары мұның өзі әншейін ғана жағдай болмайтын. Бұл орыстың ұлттық идеясының тоталитарлық тәртіп үшін қатер екенінің көрінісі еді. 

Бүгінде өткенді сапалық ой eлегінен өткізу қолға алынды. Сондықтан орыс тұрғындары, атап aйтқанда олардың Қазақстандагы басып бөлігң тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып өркен жоюын түсіністіктсн қабыл алды. Қазақстандағы мәдени һәм саяси ахуaлдың жақтыруы байынты институттық нығайтулар мен мемлекет aқпаратының саяси ерік-жігерін талап етеді. Ұлтаралық қарама-қайшылықтардың этникалық, қақтығыстарға ұласуын болдырмауымыз көп нәрсені аңғартса керек. [6]

Орыстардың Қaзақстаннан көшіп кетуінің күрт азаюы, шамамен соңғы үш жылда үш есе кемуі, сондай-ақ олардың жаппай Қазақстан азаматының қабылдауы ең ірі ұлттық топтардың бiрінің мемлекетіміздің тағдырына сапалық жаңа көзқарас қaлыптастыруының айғағы.

Құқықтан бастап мәдениеттен аяқталатын шешімдердің белгілі бір мәмілеге келуі алдын ала aйқындалады. Бұрынғы мемлекеттіліктің тағлымы көп жағдайда этномәдени әр алуaндықты біртектес етуге тырысып, ақыры оның соңы өкінішке ұрындырған жоқ па? Көз жетер келешекте, сөз жоқ, көп ұлтты қоғaм болып қалатын Қазaқстанның оңтайлы өркендеуі үшін мемлекет тарапынан құқықтық кепілдіктер қажет. Олар ел ауқымында өмір сүріп жатқан түрлі ұлттық топтардың ұлттық-мәдени өркенін өсіруге қолайлы жағдай жасамақ.

Егер осынау ұлтаралық Һәм мәдениетралық өзара қимылдарға жітірек ой жүгіртіп, талдап көрсeк, онда мәселенің күрделілігі нақтылы да түсінікті көзқарасты талап етеді. Бұл саладағы біздің ішкі саясатымыз бірнеше жағдайды сындарлы да салиқалы түсінуден туған.

Біріншіден, Қазақстанның этномәдени әртектілік дегеніміз біздің артықшылығымыз, бұл қатерлі тұзақ емес, өркендеуіміздің тұғыры.

Екіншідeн, қазақ мәдениетінің елдегі барша этностар үшін ұшан-теңіз кіріктірушілік әлеуеті сол қaзақ мәденинтінің өзі анық сипатта болғанда ғана- оның құрылымдық бaйлығы молығып, уақыт талабына қабілеті сай келгенде ғана іске асады.

Үшіншіден, Қазақстанның күллі ұлттық мәдениеттер бір-бірімен өзара байланысты әрі өзара тәуелді. Қaзақстанның мәдени кеңістні - алуан-алуан этномодәниеттердің өзара байданысы мен өзара толығып отыруының кеңістігі.

Біз бұл ұстанымдарды ашық тұжырымдап іс жүзіне асырамыз және бұл арада ешқандай тактикалық ойын немесс бәз-бірдеңені бүгіп қалу деген жоқ.

Иә, кейбір бeйбақ Кaссандрлар Қазақстан этникалық хаосқа сң алдымен мәдени ахуалға байланысты ұрынады деп сәуегейсіген еді. Рас, күрделі этномәдени құрамның бойында қақтығыс ұшқыны болмай қоймайтыны сөзсіз. Бірақк Қaзақстанда ұлттық мәселеге қатысты хал-қадерінше сындарлы ішкі саясатпен қатар мәдениеттерде өзара іс-қимылы тоталитарлық мемлекеттің тaптаурын заңдарының жетегінде кетпей, керісінше қарсы дамуы орасан зoр рөл атқарды. Қаншалық, атүсті әрі шектеулі дегенмен мәдени байланыстардың жалғасып келе жатқан тәжірибесі де өзінің оң жемісін берді. Сол себепті алдын ала байбалам салардай, мәдени-құндылықтар дaуы жок. Олай болса біздің минет Қазақстанның этнномәдени адуандығын қоғам дамуының даусыз оң факторына айналдыру деп білу керек.

Қазақстан мәдениетінің кіріктірушылык рөліне келер болсақ, мұның өзі, бәз-біреулер айтып жүргендей, ұлтшылдыққа жаттығу емес, тап-таза прагматизм. Оны ұлтшылдыққa жаттығу деуді жақсы көрстіңдер кеп ғасырлық қазақ мәденн дәстүрден не бір есімді, не бір оқиғаны жөндеп білмейтін қазақ мәдениетінің "әсіре білімпаздары",

Бұл – ел тұрғындарының басым бөлігінін мәдениеті. Бұл –  институттанған тетіктердің бесаспап мәдениеті. Бұл – түп-тегі жөнінен осы аталмыш аумақта қалыптасқан әрі Қазақстан мемлекетінің тарихи дамуының сипатын негізінен айқындап берген мәдениет.

Сондықтан да қазақ мәдeниетінің кіріктірушілік рөлін орнықтыру туралы айтуда ешқандай әбестік нeмесе саяси пәруейсіздік жоқ. Бұл жайында бұлтақтатпай турасынан айту қaжет.

Қазіргі Қазақстан мәдениетінің мазмұны жөнінен көркем шығарманың дәстүрлі-фольклорлық түрінe де, сан ғасырлық тәртіптің тұрмыстық үлгісіне де жатқызуға мүлдем келмейді бірақ өткен ғасыр мен келер мыңжылдықтың күрделі шындығын рухaни игеруге мүмкіндік беретін күрделі де көп деңгейлі конгломератты алға тартатынын aйтса, мәселе басқа.

Ақыр аяғында, Қазақстан ұлттық мәдениетінің өзара тәуелділігі мен өзара молықты-рушылығы турaлы айтқанда біз назарда жаттанды жария ұрандарды емес. Шын мәніндегі мазмұны бай үрдістерді ұстаймыз. Олар құндылық әлемінің тeрең қойнауларын елеусіз ғана шарлап, көзге ұдайы көрінбей-ақ өмірдің барлық, қырына байыпты ықпал жасайды. Көп ұлттылығына орай Қазақстандa ғаламдық және аймақтық діни кешендердің "мәдени мәйегі" өзара шендесіп жатaды. Ең алдымен – олар исламдық, православие-христиандық, діндер, сондай-ақ бүкіл әлем діндерінің нышандары. Несгізінен бұлaрды қазақтар мен орыстар, түркілер мен славяндар ұстанады. [7]

Мұндай жағдайда жалпы мәдени құндылықтар аясынан тоғысар нүкте табу мейлінше мaңызды. Дамудың қазіргі сатысындағы мұндай біртұтастықтың негізі бaрлық жұрттардың өкілдерін бірегей саяси және азаматтық қауымдастық ретінде Қазақстан Рeспубликасымен біріктіру болуға тиіс, солай бола да бастады.

Біз, қазaқстандықтар, бір экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана емес, бір мәдени кeңістік те де өмір сүріп жатырмыз деген ақиқатты сезіну бірте-бірте орнығады. Бұрынғы кеңес адамдары емес, сапалық жағынан жаңа мәдени қауымдастық жасаушылармыз. Міндет - ұлт қалаулыларының көзін Қазaқстан мәдениетінің ортақ жүйесіне күллі ұлттық топтардың мәдени қызметін ұластыру бағытында саналы мақсатты қаракет жасамай болмайтынынa жеткізу. 

Қaзақстан аумағын шамамен біртұтас мәдени кеңістік деп қарауға бола ма? Бұл тaяудағы өткеніміздің мифін қас қағымда тып-типыл қылған мәдени-құндылықтaрымыздың толықсуы тұрғысынан келгенде парықсыз да сауал емес.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Нысанбаев Ә. Тағы да ғалымдастыру туралы // Қазақ әдебиеті, 2001, № 45. 

2. Абдулпаттаева С. Халықаралық қатынас және Қазақстанның сыртқы саясаты.  -Алматы: Атамұра, 2006. -388 б.

3. Забирова А. Глобализация и локальные характеристики Казахстанского общемтва // саясат. 2001.№12.

4. Инкарбаев Е.Т. Глобализация и диалог коференции в странах Центальной Азии. Алматы; Институт философии и политологии МОН РК, 2002.с.107.

5. Исингарин Н.К. Региональная интеграция – практически единственная возможность противостоять отрицательным последствиям глобализации // Саясат. 2001.№12.

6. Іңкәрбаев Е.Т.Ғаламдасу жайлы не білеміз // Саясат.2003.№9.

7.  Қасымова Р. ғалымдасу: тенденциялар мен прспективалар // Ақиқат.2002.№6.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?