Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енді

456
«Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енді - e-history.kz

XVIII ғасырда жазылған «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» (Memory of the World) тізіміне енгізілді. Бұл жайлы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытында нақты тапсырма берген еді. Бұл бастама өзінің нәтижесін беріп, қазақ халқының тарихи жадының аса құнды жәдігері – «Хандар шежіресі» халықаралық деңгейде мойындалды.

«Хандар шежіресі»  – ұзындығы 3 метрден асатын, бүктеме қағазға жазылған бірегей құжат. XVIII ғасырда хатқа түскен бұл шежіре қазақ елін басқарған хандардың генеалогиясын көрсетеді. Сонымен бірге VI–XIX ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін анықтауға, олардың өзге халықтармен қандай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енген құнды мұраларды тізбелейтін болсақ:

  • Қожа Ахмет Яссауидің және оның шәкірттерінің қолжазбалары;
  • «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының мұрағаттық материалдары;
  • Арал теңізіне қатысты мұрағат қорлары.

Ерлан Қарин өз жазбасында бұл жаңалықтың маңызын айта келе: «ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

«Хандар шежіресі» – тек тарихи құжат қана емес, ұлттың ұлы жадын сақтаған асыл мұра. Әлемнің мәдени қазынасына қосылған бұл еңбек қазақ халқының өркениет тарихындағы орнын тағы бір мәрте танытады.

Демек Қазақтың тарихи жады жаһан алдында жаңаша бағалана бастады. «Хандар шежіресінің» әлемдік тізімге енуі – тек ғылыми қауымдастық үшін ғана емес, жалпы ұлт үшін үлкен мәртебе. Бұл – өткенімізді танудың, түп тамырымызды қадірлеудің жаңа белесі.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?