«Болашақ» бағдарламасына 21 жыл толды
05.11.2014 5077
1993 жылы 5 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы» № 1394 Қаулысы шықты.

Мемлекетіміз енді ғана тәуелсіздік алысымен көптеген реформалардың өмірге келуін талап еткен және әлемдік қоғамдастыққа толыққанды кіру жолына түсті. Кез келген реформаны жүргізу өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап ететіндігі барлығымызға белгілі.

Советтер елдеріндегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдық мерейтойында былай деп айтты: «Бұдан 20 жыл бұрын, тәуелсіздіктің қиын дәуірінің бастапқы жылдарында біздің лайықты болашағымызды көре білу әркімге бұйыра қойған жоқ. Мен жаңа білім алып, елімізді алға апарулары үшін алғашқы стипендиаттарды жібердім. Экономика күйреу жағдайында тұрды, іс жүзінде барлық ірі өндіріс орындары тоқтап қалды. Инфляция бірден өсіп кетті, жұмыссыздық көбейді. Ел  «жабайы капитализмге» енді. Ол кезде біз нарықтық қатынастарға жаңа ғана өте бастадық. Оның не екенін білгендер аз еді. Тіпті ең тәжірибелі басқарушылардың жаңа экономикалық және әлеуметтік процестерді қалай басқару, егемен мемлекетті қалай құру туралы түсінігінің өзі бұлдыр болатын. Ол кезде елімізде жаңа нарықтық экономикаға көшу жөнінен мамандар болған жоқ. Тәуелсіз Қазақстанға халықаралық деңгейдегі сапалы білімі бар кәсіби кадрлар өте қажет болды. Жекешелендіру жүргізіп, елімізге инвестиция тарту керек болды. Бұл біздің сенімді стратегиялық таңдауымыз еді. Біз мұны, міне, 20 жылдан бері басшылыққа алып келеміз».

Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы «Болашақ» бағдарламасының алғашқы 187 стипендиаты шетелге білім алуға кетер алдында оларға өзінің сәттілік тілегенін айтты.

Студенттер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен кездесу барысында, Алматы, 1994 жыл


Бағдарлама аясындағы жұмыстар жылдан-жылға өсіп бара жатқан.

Шешуін талап еткен басқа мәселенің бірі — оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мәселе болды. 1994 -1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы негізінен қазақстандық жоғары оқу орындарының экономикалық және гуманитарлық факультеттерінің түлектеріне тағайындалды. Техникалық факультеттің түлектері бағдарламада өте аз ұсынылды, бұл техникалық мамандықтар оқу жоспарында экономикалық және гуманитарлық мамандықтармен салыстырғанда шет тілдері аз көлемде оқытылуына байланысты болды. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының шығуына байланысты инженерлік және техникалық білім алған үміткерлер шет тілінің біреуін еркін білу туралы талапты есепке алмай, «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды.

1997 жылы еліміз үшін аса маңызды жылдардың бірі болды. Осы жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясы (ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы) шықты. «Болашақ» бағдарламасына да өзгерістер енгізілген.

Дәрмен Садвақасов — «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстандық танымал шахматшы

Бастапқыда бағдарлама тек төрт елде жүзеге асырып жатқан: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция. Кейін оның аймағы кеңейіп кеткен.

21 жылдың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы 10092 қазақстандыққа тағайындалған. Аталған бағдарлама бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Ол мемлекеттің ілгері дамуына ықпал еткен.

Әлемнің 30-дан астам елінде 2132 стипендиат білім алуда. Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша Ұлыбританияның, Ирландияның жетекші жоғары оқу орындарында олардың 43%, АҚШ-тың, Канаданың — 35%, Еуропа елдерінде – 13%, Азия мен Океания елдерінде — 6%, ТМД елдерінде — 3% білім алуда.

«Болашақ» студенттерінің ҚР Президентімен кездесуі


«Болашақ» халықаралық бағдарламасының негізгі кезеңдері.

«Болашақ" бағдарламасы 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы Жарлығымен құрылған болатын.

1993 жылы – «Болашақ» Халықаралық стипендиясы 1993 жылы құрылды.

1997 жылы  – «Қазақстан — 2030» Стратегиясындағы әлеуметтік-экономикалық бағытын есепке ала отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы жаңғыртылды.


1994 - 2004 жылдары  – «Болашақ» стипендиясы әлемнің 13 елінде оқу үшін 785 қазақстандыққа берілді.

2005 жылы – Жыл сайынғы стипендиялардың саны 3000-ға дейін өсті. Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық бағыты жақсартылды.

2008 жылы – Ауыл жастары және мемлекеттік қызметкерлер үшін квоталар бөлінді. Шетелде ғылыми мен педагогикалық қызметкерлерге арналған ғылыми стажировкалардың бағдарламалары енгізілді.

2011 жылы – «Болашақ» бағдарламасы шет елдерге «бакалавриат» бойынша студенттер жіберуді тоқтатты. Кадрларды даярлайтын бағдарламалы-мақсатты іріктеу әдісі енгізілді

2012 жылы – Ғылыми, педагогикалық, медициналық, инженер-техникалық мамандарды стажировкаларға жіберу үшін бағдарламалар дайындалды.


2005–2013 жылдары – «Болашақ» халықаралық стипендиясы әлемнің 30 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 10117 қазақстандыққа тағайындалған.

2014 жылы – Шет және қазақ тілдерінің білуін анықтайтын талаптар жоғарылды. Докторанттар үшін тілдік дайындық енгізілді. Жаңа Split — PhD жобасы шықты. Жаңа санаттар — мәдениет саласы мен БАҚ қызметкерлері — қосылды.