
Монографиялық зерттеуде музейлік жәдігерлердің тарихи-этникалық дерек көз ретіндегі музейлік жүйедегі орнымен қызметі қарастырылған. Отандық тарихи деректану ғылымында алғаш рет музейлік деректанудың өзекті мәселелері, теориялық-әдіснамалық негіздері, пәнаралық сипаты, музей затының қасиеттері мен деректі кәлеуеті тарихи деректанудың пәрменді құралы ретінде айшықталды. Сондай-ақ монографияда кешенді (тарихи, археологиялық, этнографиялық, жазба, көркемөнерлік, т.б.) тарихи-мәдени (түркілік) жәдігерлер жүйесін тоғыстыратын ғылыми институт ретінде музейдің рөлімен атқаратын қызметтерінің маңыздылығы зерделенді.
Монография түркітанушыларға, тарихшы-деректанушы мамандарға, музейтанушыларға, «Музей ісі мен ескерткіштерді қорғау», «Археология және этнология» мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар мен студенттерге арналады.