Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайы XX ғасыр

13050
Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайы XX ғасыр - e-history.kz
Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты (бұрынғы Офицерлер жиналыс үйі), 1908 жылғы, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24.

Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты (бұрынғы Офицерлер жиналыс үйі), 1908 жылғы, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24.

Алғашқы қолданылу мақсаты – Верный қаласының клубтық ұйымы-әскери жиналысы; 1913 жылында – Романовтар әулетінің 300-жылдығы мерейтойына орай ұйымдастырылған бірінші ауыл-шаруашылығы көрмесінің павильоны, 1918 жылдан бастап – пошта-телеграф кеңсесі.

Жобаға қарағанда төртбұрыш пішінде, ағаштан жасалған және сырттан тақтайларменен қапталған ғимарат болып табылады. Терезелері сырттан ағаштан көркемдеп, ойылып жасалған. Көлемді-жобалама шешімі үш белдікті және бұл фасадтарда ризалиттермен белгіленген. Орталық ризалит үлкен шатырмен, ал шеткілері екі-жақты үшбұрыш шатырмен жабылған. Басты кіреберіс есігі, биік мәтке тәрізді шығып тұрған және ағаштан оймалы тіректерге сүйенген шықпа шатырмен жабылып, безендіріліп айрықша етілген.

Ғимараттың жобасы, бүкіл қолданылған жылдар ішінде маңызды өзгерістерге ұшыраған. 1979 жылы фасадтардың әшекейлі тұрпатына, ұлттық оюлардың мотивтері негізінде ағаштан ойма элементтері қосылған.


Дереккөз: madenimura.kz