Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтында «Террордың» және 1930 жылдардағы КСРО-дағы аштықтың қарқынын және ықпалын жаңа тұрғыдан түсіну» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтында «Террордың» және 1930 жылдардағы КСРО-дағы аштықтың қарқынын және ықпалын жаңа тұрғыдан түсіну» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болды. Тарихи көзқарас тұрғысындағы маңызды сауалға Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің, Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушы құрамы, сондай-ақ осы тарихта Кеңес Одағынан бері маманданып келе жатқан, әлемге танымал ғалым Стивен Уиткрофт қатысты.
Тарихшылардың көтерген тақырыбының өзектілігі, Қазақстандағы қайғылы оқиғаға – миллиондаған қазақстандықтардың өмірін қиған ашаршылық зобалаңына 80 жыл толуына байланысты болып отыр. Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның пікірінше, «дөңгелек үстел» жұмысының ерекшелігі: бір проблеманы зерттеп жатқан, алайда сол жылдары орын алған оқиғаны әртүрлі елестететін және түсінетін қазақстандық және батыс ғалымдарының диалогқа қатысу фактісі болып табылады.
Ашаршылықтың себептері жөнінде бірнеше болжамдар бар, оның ішінде КСРО-дағы аштық сол кезде елді басқарған басшының жіті арандатушылығымен болған. Стивен Уиткрофт бұл сауал жөнінде басқа көзқарасты қолдайды – ашаршылыққа Кеңес Одағының өте жөнсіз саясат жүргізуі және оған қисынсыз табиғи факторлардың душар болуы себеп болған. Қазақстандық ғалымдардың да көзқарасы шамамен ұқсас: кеңес мемлекетінің экономикалық саясаты қате болған және ештеңемен нығайтылмаған. Б. Аяған түсіндіргендей, орасан зор құрылыстар және партияның кеудемсоқтық жобалары маңызды, оның ішінде сауда ресурстарын талап етті, алайда, бұл мәселелерді нарықтық жолмен шешудің орнына, партия сауда салымын жүргізді.
Институт директоры Бүркітбай Аяған айтқандай, келесі жылы мамыр айында институт ұжымы әзірлеген «1928-1932 жылдардағы ашаршылық туралы ақиқат» атты кітап жарыққа шығады. Ғалымдар кітапта оқиғаның бастапқы себептерін табуға және мән-жайды талдауға тырысты. Еңбектің алғы сөзін профессор Стивен Уиткрофт жазады.
Материалды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ұсынды.