Қазақстанның көпұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын;
Әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлеріне, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын;
орталық атқарушы органдардың басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;
2) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейін Мәдениетті қолдау жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі, көпұлтты мәдениеттің барлық салаларын жаңғырту және өркендету мәселелерін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітсін;
3) Мәдениетті қолдау жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;
4) Мәдениетті қолдау жылы аясында белгіленген іс-шараларды бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы кең түрде насихаттауды және жариялап отыруды қамтамасыз етсін;
5) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияға Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Халық бірлігі мен ұлттық тарих, Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылдары жүргізілген жұмыстарды жалғастыруды тапсырсын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті