Қазақстан басшылығының жаңа бейбіт бастамалары ЮНЕСКО-ның жоғары бағасын алуда. Әлемдегі жекелеген елдердің ядролық әлеуеті үдете түсудің қауіпі пайда болуына байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қам көңілін бөлісіп, Алматыда АӨСШК (СВМДА) форумын өткізу жаңа дүниетанымды қалыптастыруда елеулі үлес қосады деп есептеймін.
Қазақстан Президентінің халықаралық беделі Қазақстанды Азиядағы бейбітшілікті нығайту процесі жетекшілерінің қатарына ұсынған АӨСШК бастамасының сәтті болуына жағдай жасады.
Қазақстанмен ядролықсыз әлемге арналған халықаралық конференцияны өткізуі, Қазақстанның өз бастамасы бойынша ядролық қарудан бас тарту шешімінің маңыздылығын көрсетті.
Ядролықсыз мәртебені таңдау – 90-шы жылдардың басындағы қауіпсіздіктің әлемдік жүйесі тепе-теңсіздік қауіпін түсінудің нәтижесі. Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа сыртқы саясатының ашықтығын, зорлық-зомбылық пен әскери қауіптен еркін өзінің бейбітшілікке деген талпынысын паш етті, осылайша Қазақстанның ЮНЕСКО идеясына берілгендігін дәлелдеді.
Ядролық қарудың бүкіл зұлымдығын өз қайғылы тәжірибесінде басынан кешірген елдің өкілі ретінде, мен Қазақстанның бейбітшіл бастамасын ерекше қабылдаймын, ал Бас директор тарапынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қаруды жоюға бағытталған күш-жігерін қолдаймын.
Мәліметті ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұсынды