Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егеменді мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол салып, республиканың мемлекеттік құрылысының негізгі қағидаттарын бекітті. Дәл сол кезде біздің еліміздің заманауи бейнесі белгіленді – себебі біз он бес жыл бойы 1995 жылғы референдумның нәтижесі бойынша тұрып жатырмыз. Қазақстан тарихында алғаш рет халық жалпыға ортақ референдумда мемлекеттік Ата Заңын өзі қабылдады. Жаңа Конституцияны қабылдау үрдісі оның жобасын бүкілхалықтық талқылау үрдісін қамтыды. Ол бір ай бойы - 30 маусымнан 30 шілдеге дейін өтті. Ата Заңның жобасын талқылауда қоғамның белсенділігі өте жоғары болды, бұған жобаның ұжымдық талқылауының саны куә. Жобаға түзетулер бойынша ұсыныстарды азаматтар, ұжымдар, тұрғылықты жері бойынша жиналыстар, қоғамдық бірлестіктер енгізді. Жалпы 30 мың ұсыныс пен ескерту енгізілді. Олардың негізінде жаңа Конституцияның 55 бабына 1100 түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Конституцияны осы тетік бойынша қабылдау, яғни бүкіл қоғаммен талқылау арқылы қазақ халқының мәдени және тарихи дәстүрлерінің бейнелеу пішіні болып табылады. Бүкілхалықтық жиналыстың дәстүрі – көшпенді демократияның өзіндік элементі, онда әр адамның сөзі беделді болып, барлығы үшін маңызды мәселенің соңғы шешіміне әсер еткен. Халықтың ойын білдірудегі осы форманы қолдану сол кезде қазіргі саяси институттар дәстүрінің дамымауын, олардың қызмет ету нормаларының әзірленбеуін, шамалы саяси қатысушылық пен саяси ой-сананың енжарлығын түсіндірді. Осындай жағдайда референдум халықтың көзқарасын есептеуде ең қолайлы және де сенімді тетік болып табылады. Сол себептен, бүгін біз өзіміз қабылдаған заңдар бойынша он бес жыл тұрып келеміз деп айтуға болады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билік жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Осымен Республикада басқарудың президенттік формасын бекіту туралы конституциялық ереже белгіленген. Басқарудың президенттік формасы объективті фактілермен қабылданды. Республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ҚазКСР Президентімен ұсынылған атқарушы билік бағыты мен Жоғарғы Кеңес атынан заң шығарушы билік арасында қарама-қайшылық туды. Мемлекет өзіндік «аралық» сипатта болып, кеңес типтегі президенттік республика атанды. Бұл қоғамның саяси негізінің халықпен сайланатын билік органдары – Кеңестер (Жоғарғы Кеңес және Жергілікті деңгейлердегі Кеңестер) және республиканың Жоғарғы Кеңесінің бақылауымен биліктің өзіндік вертикалін қалыптастырған, Президент арасында бөлінуін және жікке бөлінуін білдіреді. Қоғамның, мемлекеттің бүкіл әлеуметтік базисін қатал саралауының жағымсыз тәжірибесі ретінде ұстамдылық және қарама-қарсылық жүйесі болмауының салдары еді. Кеңес және Президент арасындағы айқын болған қарама-қарсылық 1993 жылғы қазан айында Ресей Федерациясында орын алды, онда Жоғарғы Кеңес Ресей президентіне сенімсіздік және лауазымын жою арқылы толық билігін қайтарып алғысы келген. Осыған ұқсас ереже 1993 жылғы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бастамасы бойынша Қазақстанның Конституциясында бекітілген. Дәл сол Депутаттар кеңесі қоғам мен мемлекеттің жаңғырту қарқынын баяулатып, экономиканың ескірген құрылымын тоқтатуға ашық барып, үдемелі дамудың тежегіші болды. Ақырында заңды және саяси сипаттағы себептердің кешені барлық деңгейлер үшін өкілдік кеңес жүйесінің қысқартылуына әкелді. Алайда бұл республикадағы демократияның өкілдік үлгісінен бас тартуды білдірген жоқ. Осы кезеңде Қазақстан Президентінің қызметі бұрын-соңды болмағандай қауырт және мазмұнды болды. Жоғарғы Кеңестің өкілдігі тоқтатылған соң, және Президентке заң шығарушылық органның кейбір өкілеттігін берген соң, Елбасы парламент болмаған кезде өзіне жауапкершіліктің жүгін артқан. Кейін Н.Назарбаев жазғандай: «осы кезең ішінде алдымен елдегі экономикалық реформалардың қарқынын тездете алуға жәрдем жасаған және даму бағытын нақты анықтай алатын, мемлекеттің тіршілік әрекетінің негізгі бағыттары бойынша заң күші бар Президенттің шамамен алғанда 140 жарғысы шығарылған. Сол кезде Президенттің «Жер туралы», «Жерқойнауы және жерқойнауынпайдаланутуралы», «Мұнай туралы», «Шетел инвестициялары туралы» және т.б. Жарғылар шығарылған. Өз идеологиясы бойынша нарықтың заңдар экономиканың реформалауын айтарлықтай жылдамдатуына мүмкіндік берді» (1). Сонымен қатар, мемлекеттік құрылым мәселелеріне байланысты заңдар қабылданды, бұл басқарудың президенттік жүйесінің орнатылуындағы атқаратын маңызы зор болған. Сонымен, кеңестен кейінгі қызмет ету жағдайындағы президенттік институт объективті мән-жай және де жас тәуелсіз мемлекет игілігіне жетекші саяси субъект рөлінде болды. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесінің негізгі сипаттамасы ретінде Конституцияның 40-бабы болады, ол мемлекеттік билік органдарының жүйесінде Президенттің орнын белгілейді. Көрсетілген бапқа сәйкес, Президент Елбасы болып табылады. Президент атынан ел ішінде де, халықаралық қатынаста да мемлекеттің өкілдігі дербестендіріледі. Бір мезгілде Президент мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы болып танылады. Заң шығарушының ойы бойынша, осындай сипаттама, ол биліктің бірде-бір тармағына жатпайды және де Қазақстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатынын білдіреді. Президенттің ерекше жағдайын түсініп, Конституция бойынша Қазақстан Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Осы жерде президенттік институттың қазақстандық моделі француз моделіне ұқсас: Елбасы арбитраждық функцияны және олардың өзара байланысын ұйымдастыратын функцияны орындап, биліктің барлық тармағында тұрады. Биліктерді бөлісу қағидатына байланысты, билiктiң әрбір тармағына өз функцияларын дербес және жауапкершілікпен орындау үшін қажетті және жеткілікті өкілеттік берілген. Осы ретте Президент заңдарды тек шектелген мерзімге Парламентпен өкілеттік берілген жағдайда қабылдай алады. Сот билігіне келетін болсақ, Президент, оны қалыптастыру бойынша шешуші өкілеттікке ие бола тұра, төрелік еткенде араласуға құқығы жоқ. Сонымен қатар, атқарушы билікке қатысты Мемлекет Басшысының өкілеттігі анағұрлым көп, бұл дұрыс, себебі біріншіден, Президент мәртебесі бойынша атқарушы билікке, оны 1993 жылғы Конституция бойынша басқармаса да, жақын; екіншіден, Үкімет, атқарушы билікті жүзеге асырып және атқарушы биліктің жүйесін басқарып, Елбасы алдында өз қызметі үшін жауапкершілікте болады. Президент өкілеттігінің ауқымдығы бойынша президенттік институттің американдық моделімен айтарлықтай ұқсастық байқалады. Сонымен қатар, кейбір отандастық сарапшылыр, қазақстандық модельді американдық және француз моделімен салыстырып, керісінше, «Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті біршама кең» екендігі туралы айтқан, бұл қазақстандық саяси жүйенің кейбір «авторитаризмдігі» туралы айтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, оның қалыптасу барысындағы жағдайларды есепке алып, көрсетілген «авторитаризм» амалсыз шара екенін білу керек, себебі транзиттік кезеңде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет еді. Сонымен қатар, ол тиімділіктің айтарлықтай жоғары дәрежесін көрсетті және де көп жағдайларда елді 90-жылдары болған дағдарыстан шығаруға себеп болды (2). Жалпы, 2007 жылғы Конституциялық реформаға дейін «суперпрезиденттік режимдердің» латиноамерикандық моделімен ұқсастығы туралы айтуға болар еді. Бұдан басқа, Орталық және Шығыс Еуропа (Польша, Словакия, Румыния, Сербия, Черногория, Болгария) елдері моделдерімен бірқатар ортақ белгілерді анықтауға болады: - Президент абсолюттік көпшілік екі турлық жүйесі бойынша халықпен сайланады; - Президент атқарушы билік өкілеттілігінің бір бөлігін жүзеге асырады, Ұлттық Банк және прокуратура басшыларын, сот корпусын тағайындайды немесе бекітуге ұсынады; - Президенттің Парламентті мерзімінен бұрын таратуға құқығы бар, бірақ оның шарты қатал ескертілген; - Мемлекет Басшысының лауазымын бір тұлғамен атқару еселігі ескертілген. ТМД ұқсас типтегі модельдер Ресейде, Беларусияда, Өзбекістанда, Тәжікстанда, Әзербайжанда және Арменияда қызмет етеді, алайда ең жақыны Ресей моделі. Мұндағы ортақ белгі ретінде: - Президент мемлекет басшысы болып табылады, алайда Үкімет басшысы емес; - Президент тікелей халықпен екі турлық мажоритарлық жүйе бойынша сайланады; - Парламенттің төменгі палатасының келісімімен Президент Үкімет басшысын тағайындайды; - белгілі бір жағдайларда Президенттің Мемлекеттік Думаны босатып жіберуге құқығы бар; - бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды. Жалпы, президенттік биліктің қазақстандық моделі Конституциямен белгіленген келесі негізгі принциптермен сипатталады: - президенттік биліктің жоғарғы сипаты мен оның арбитраждық функциясы; - билік тармақтарына қатысты Президенттің қалыптастыратын функциялары (атқарушы, сот және ішінара – заң шығарушылық); - мемлекетішілік өмір мен сыртқы саясаттың маңызды мәселелері бойынша (соғыс және бейбітшілікті қоспағанда) соңғы шешімді қабылдау; - заң шығарушылық үрдіске қатысу мүмкіндігі (Конституциямен белгіленген жағдайларда, Республика заңдарының күші бар, өз бетінше заңдар мен жарлықтарды шығару құқығы). Бірақ, ең бастысы Қазақстан Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Халықтың жалғыз билігін білдіруші ретінде, Президент өз саясатын Қазақстан халқы атынан және халқы үшін жүзеге асырады. Бұл оған қабылдап жатқан әрекеттері үшін зор жауапкершілікті жүктейді. Ішкі саяси тұрақтылықтың арқасында Қазақстан қазіргі кезеңде – ұлттық экономикаға салынатын шетел инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында алда келеді. Бүгін «көптеген мемлекеттер біздің экономикамызға ресурстар салудың мәнін көреді. Инвестицияларды Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, италиян, ресей компанияларынан 20 миллиард доллар көлемінде тарту туралы мәселелер шешілді. Осы қаражаттар шикі зат емес секторға жұмсалады, индустриалды бағдарламалардың, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді. Шамамен 3 миллиард доллар көлемінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистральін және 2 миллиард долларға еліміздің батысынан оңтүстігіне дейін газ құбырын салуға инвестиция тарту мәселесі шешілді. Бұның барлығы 10 миллиард доллардан астам шикі зат секторына салынатын инвестицияларды қоспағанның өзінде» (2). Заманауи ғаламдастырылған әлемнің картасында жаңа тәуелсіз және де қуатты кәсіби мемлекетті құру және нығайту – Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы қызметінің алғашқы және де басты нәтижесі. Осы плацдармнан өз халқымен бірге ол алға қарай бет алуда – қазіргі әлемде өзінің танымал гуманитарлық және рухани міндетін орындау. Ең алдымен - қазақ халқына тарихи әділдікті орнату, қазақтың ұлтының ұқсастығын сақтап, дамыту, өзінің зиялы ұлтын жаһандық тарихтың дербес және тәуелсіз субъектісі ретінде қарастыруға нақты психологиялық негіздеме алу қажет. Осы жылдардың барлығы заманауи демократиялық мемлекетті құру, Қазақстанның Конституциясында айтылып, стратегиялық мақсатқа айналған, осыған 2007 жылғы Конституциялық реформа бағытталған. Қазақстанда саяси плюрализм, көп партиялық ақиқат болды. Ірі, шынайы ықпалы бар саяси партиялар қалыптастырылды, олардың сайлау процессіндегі рөлі артты. Сайлау заңнамасына либералдық өзгерістер қабылданды. Қазақстанда бюджет аралық қатынас реформасы өткізілді, мемлекеттік басқару жүйесін орталықтан алуға қатысты маңызды қадам жасалды. Кез келген мемлекеттік органға шенеуніктерді алу тек қана конкурс бойынша жүзеге асырылады. Азаматтар үшін мемлекеттік қызмет көрсету қол жетімді болу мақсатында «Электронды Үкімет» жүйесі құрылады. Тәуелсіз сот жүйесін құру үшін көп нәрсе жасалды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Қылмыстық жазаны ізгілендіру процессі өріс алып жатыр. Еліміз адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылды. Қоғамда бүкіл этностық және халықтың конфессиялық топтары арасында тең құқылы қарым-қатынас қамтамасыз етілген. Республикада азаматтық қоғам институттары құрылып, тиімді қызмет етуде. Бұл, ең бірінші, 4,5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар. ҮЕҰ қызметін заңнамалық қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Азаматтық форум шеңберінде «үшінші сектор» және мемлекет арасында серіктестік қарым-қатынастың жаңа моделі құрылды. Тәуелсіз масс-медиа тұрақты қарқынмен дамып жатыр. Қазақстандық интернет-аудитория Орталық Азиядағы ең көп болып саналады. Қазақстан Республикасымен қол жеткізілген және өткергеннің барлығы, қалай болғанда да, президенттік институттың қызметімен анықталған. Сол себептен, Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағаннан кейін он бес жылдық кезең аралығында қорытынды жасап, біздің мемлекетіміздегі президенттік институт 20 жыл бойы қалыптасу призмасы арқылы осы үрдістің динамикасын орынды көрсетеді. Президенттің «Қазақстан-2030» Стратегиясының арқасында біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз еттік, өңірдегі ең жақсы экономиканы құрдық. Қазақстан өзін өңірдегі геосаяси тұрақтылық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды функцияларды орындайтын, халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде бекітті. Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге ЕҚЫҰ төраға болуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні Қазақстан жаңа онжылдықта өзінің әрі қарай дамуының маңызды кезеңдерінің біріне енді. Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру міндеті ерекше өзектілікке иеленді. Осы кезде «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асыруда межелік нүктесі болып, 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының міндеттері толық орындалды. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму қарпі мен рухына ілесіп, ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығына жоспарланған барлық міндеттерді шештік». «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізінде өткен 10 жыл ішінде Қазақстан дамуының ең басты нәтижесі – Қазақстан үшінші дүние мемлекеттері қатарынан шыққандығы. Қазақстан өзінің егеменді дамуының бастапқы кезеңдегідей, қазіргі әлемнің дамушы мемлекеттеріне жатпайтынын білдіреді. Бұдан былай Қазақстан Африка, Азия және Латын Американың көптеген елдерінің қатарынан шықты, кедейшілікпен күрес жүргізу және әлсіз әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да кесірлерімен күресу - ондағы елдердің жазмышы. «Қазақстан-2030» Стратегиясының, сондай-ақ «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жаңа Жолдауының шоғырландырушы, интегративті маңызы алдағы он жылдыққа біздің қоғамымыздың даму мақсаттары әр түрлі ұлттарға жататын адамдар мен әлеуметтік топтарды біріктіру керек. «Қазақстан-2030» Стратегиясының және «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жаңа Жолдауының мақсаттары өзіне екі еселі жүктемені артады. Бір жақтан, олар мемлекетті және жалпы қоғамды Қазақстанды қазіргі әлемнің дамыған елдеріне айналдыра алатын, әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерге бағыттайды. Ал екінші жақтан, сол мақсаттар өз отанының тағдыры мен балаларының келешегін ойлайтын Қазақстанның әр азаматы үшін бағалы болу керек. Осы құндылықтар мен мақсаттар біздің полиэтностық қоғамның келісімін, сенімін және бірігу өрісін кеңейту керек. Елімізде Президенттік тұрғын-үй бастамасын жүзеге асыру жөніндегі бағдарлама өріс алуда. «Он жылдық ішінде 350 отбасы тұрғын үйге иеленді, бұл шамамен 1,2 миллион адам». Оң саяси және құқықтық реформалар өткізіліп жатыр. «Жаңа онжылдықта өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың сәттілігін бірізді саяси жаңғыртуларды бекітіп, саяси жүйемізді жалғастырамыз. Осы жерде құқықтық реформаның алатын орны маңызды». Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы сыртқы саясатты жүргізеді. Бүгінгі күні біздің Республикамыз халықаралық қоғамдастыққа «халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қалыптастыру кезінде жаһандық шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысу» ниетін басымдылықпен білдіреді (3). Осы кезеңдер Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жүйелі түрде көрсетілген, бұл жерде Президент жалпы халықтық ерікті білдіруші ретінде сөз сөйлейді. Президенттің Жолдауы – бұл халықпен тікелей байланыс жасаудың түрі, сол кезде әрбір азамат елде болып жатқан үрдістерге өзінің қатысты екендігін сезінеді. Бүгінгі күні қазақстандық қоғам Н.Ә.Назарбаевпен 2010 жылғы 29 қаңтардағы жаңа Жолдауда қойылған басты міндет төңірегінде бірлесті – «тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құру». Шын мәнінде осында бүкіл қоғам қолдаған, ұлттық идея айтылды. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі президенттік дағдарыстан кейінгі инновациялық даму стратегиясын халық азаматтардың бірлескен, шоғырланған қоғамдастық ретінде немесе этностық және өзге де әлеуметтік шектер бойынша бөлінсе – «Қазақстан-2020» Стратегиясының іске асырылу сәттілігі байланысты болады. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде президенттік стратегияны іске асырудың маңызды шарттары қандай? Біріншіден, білім беру деңгейі, себебі ұлттар тауарлар және қызметтермен ғана бәсекелеспейді, сонымен қатар қоғамдастық құндылықтар жүйесімен және білім беру жүйесімен бәсекелеседі. Екіншіден, адами капиталды дамыту, себебі ұлттың қазіргі және тиімді білім беру жүйесін қолдау, сапалы білім беру жолымен жұмыс күшінің интеллектуалды құрамдасын арттыру бәсекелестік үшін өте маңыды болып барады. Үшіншіден, инновациялық даму, коммуникациялық және ақпараттық технологиялар өрлеу бағытында қоғамның технологиялық алға басуын қамтамасыз ететін инновациялық даму, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестиция салу көлемін кеңейту, осы салада бизнес және элита университеттерімен ынтымақтастықты тереңдету. Төртіншіден, орындау сапасы, яғни сол немесе басқа мемлекет ғалымдарының, инженерлер, технологтар, жұмыскерлерінің нарықта жоғары бәсекелестікке ие нақты өнімдер мен қызметтерге идеялар мен технологияларды іскерлікпен және сапалы өзгерте алу қабілеттілігі. Және де саяси бостандық пен ұлттық консенсус. Жоғары бәсекелестікке ұмтылатын кез келген ел үшін саяси басшылық үшін ең күрделі мәселе тек саяси бостандықты ресми мәлімдеу емес, қажетті өзгерістерді жүргізуге адамдар мен институттарды жұмылдыру. Қазақстандағы президенттік институт қазіргі қазақстандық қоғамның шоғырландыруы мен жаңғыртуында жетекші субъекті болып шығады. Президентке көрсетіліп жатқан қоғамның ауқымды қолдауы, тәуелсіздіктің бүкіл тарихи кезеңі ішінде Елбасы жүзеге асырып жатқан саяси бағытпен белгіленеді. Президенттің Қазақстан халқына жолдаған жаңа Жолдауында саясаттың ішкі тұрақтылығы Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыруының сенімді фундаменті ретінде қарастырылады, онда жүйелі саяси жаңғырту жолымен Қазақстанның саяси жүйесінің әрі қарай жетілдіруі белгіленеді. Елді үдемелі индустриализациялау жолымен дағдарыстан кейінгі дамудың ұлан-ғайыр міндеттерін орындау келесі қағидаттарды іске асыру жағдайында мүмкін: 1) бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!; 2) мемлекет және әр азамат қоғамдағы тұрақтылық нығайту керек; 3) экономикалық өрлеу – әр қазақстандықтың ісі; 4) өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану – Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының аса маңызды шарты. Қазақстанның жеделдетілген жан-жақты жаңғыртудың жаңа кезеңінде «Қазақстан-2020» Стратегиясы біздің халық мен қоғамның әрі қарай шоғырлануына жағдай жасайтын ұлттық идеяның міндетін орындауды жалғастырады. Қазақстандықтарға өз үндеуінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз бірлесіп Қазақстанды табысқа жетуші жасай алдық және бірлесіп оны өркендеуші жасай аламыз» деп қорытты. Қазақстан қоғамының шоғырлануы әрі қарай дамудың болашағын нақты көрген, қуатты да серпінді көшбасшы төңірегінде жүзеге асырылды. Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен бірлік пен тұрақтылық ел көпшілігінің саналы саяси шешімі болып табылады, олар өз еріктерін бірнеше рет сайлауда көрсетті. Сонымен, осы жағдайда тұрақтылық жаппай сұраным ретінде болса, ал ел Президентімен жүргізіліп жатқан тұрақтылық саясаты халықтың болжалына жауап береді. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан қайта құру саясаты әрқашанда консенсустық сипатта болған, бұл қоғамды ғана емес, саяси-экономикалық элитаны жұмылдыру және біріктіруге мүмкіндік берді. Осы жағдайда президенттік институт маңызды саяси міндеттерді шешуге элита топтарын шоғырландыратын, жүйе құраушы орталық элемент ретінде шықты. Сөйтіп, Қазақстанда командалық-әкімшілік жүйеден құқықтық, демократиялық мемлекетті құрудың сапалы жаңа кезеңіне көшу аяқталған соң, президенттік институт атынан қуатты мемлекеттік биліктің тұрақты да бір ізді институты құрылды. Осы жылдан бастап Қазақстанның үдемелі және тұрақты индустиалды-инновациялық Стратегия іске асырылуда. Сонымен қатар, сарапшылар қорытындылап отырғандай, «Қуатты Президент – қуатты Парламент» қағидаты практикасын іске асырған соң, бұл 2007 жылы президенттік формадан президенттік-парламенттік басқару формасына көшуді білдірген, билікті президенттік вертикалі «Қазақстан Республикасының бүкіл саяси жүйесінің орталық арқауы» болып қала береді. «Оның арбитражды және кадрлық өкілеттігінің кеңеюі мемлекеттік үрдістермен жақсы басқаруын қамтамасыз етті, Елбасының саяси маневрі үшін кеңістікті арттырды, және де бүкіл саяси жүйенің тұрақтылығын бекітті» (2). Демократиялық мемлекетті құру, сондай-ақ оның келешегін қамтамасыз ету көбінесе құрылған басқару жүйесінен, оның негізгі саяси институттарынан және де оны орталық саяси тұлғасы – Президентке байланысты болатыны уақыт дәлелдеп отыр.
Әдебиет
1 Н.Назарбаев. Қазақстан жолы. + Қарағанды, 2006 – 70 б.
2. Е.Т. Сейлеханов Развитие политической системы Республики Казахстан в годы независимости //
Опыт политической и экономической трансформации: казахстанская модель. Материалы «круглого стола» (г.Алматы, 3 апреля 2008 г.) / Отв.ред. Б.К.Султанов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. – с.40, 42.
3. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz