Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет құрудың қазақстандық үлгісі (тарихи аспект)

1883
Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет құрудың қазақстандық үлгісі (тарихи аспект) - e-history.kz
Кітап Елбасының КСРО-ның құлдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты үлкен тарихи дәуірлері кезіндегі қызметін зерттеуге арналған.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан бастады. «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства (исторический аспект)» кітабы Елбасының КСРО-ның құлдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты үлкен тарихи дәуірлері кезіндегі қызметін зерттеуге арналған.

Қазіргі мемлекеттіліктің іргетасы көрнекті алаш қайраткерлерімен салынып кеткен болатын. «Әлімхан Ермеков» ғылыми басылымы Алаш қозғалысының көшбасшыларының бірі және Алаш партиясына, Алаш Орда үкіметі мүшесі Әлімхан Әбеуұлы Ермековке арналған.

«Жұмабек Ташенев» кітабында қазақ халқының көрнекті өкілінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндалады.

Мемлекет тарихы институтының ғылыми ұжымы халықаралық ғылыми ынтымақтастығы жобаларын сәтті іске асырудың нәтижесі Қазақстандағы Болгария Елшілігімен бірлесе болгар тілінде басылып шыққан «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты кітабы.

Елбасы еңбектерін жүйелеу үшін, ол туралы және қазіргі Қазақстан туралы әдебиет «Нұрсұлтан Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстан: библиографиялық көрсеткіш (1991-2012) / Нурсултан Назарбаев и Независимый Казахстан (1991-2012)» кітабының 2-ші толықтырылған басылымы дайындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» міндеттердің басым көпшілігінде жаңа қазақстандық патриотизмді және ұлттың тарихи санасын құрастыру міндеті қойылған. Бұл міндеттерді іске асыруға ғалым-тарихшылардың жаңа зерттеулері ықпал етеді. Оның бірі – қазақ тіліндегі үш томдық «Қазақстанның жаңа тарихы» атты ғылыми-көпшілік басылым.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы. История формирования Государственных символов Республики Казахстан» атты басылымда Қазақстанның тәуелсіздігі ресми рәміздерін жасау жұмыстарындағы Мемлекет басшысының рөліне ерекше көңіл аударылған. Кітапта Мемлекет рәміздерінің авторлары туралы мәліметтер және олардың алғашқы нұсқалармен жұмыстары туралы естеліктері келтірілген.

Тарихтың қайғылы беттерінің тағылымдарын ұғу қазақстандықтардың тарихи санасының қалыптасуында маңызды орын алады. «1932–1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты. Правда о голоде 1932–1933 годов» ұжымдық монография осы тақырыпқа арналған және соңғы ширек ғасырда жарық көрген отандық, кеңестік, ресей және батыс зерттеушілердің еңбектерін талдауында негізделген.

«Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы / Голод в Казахстане: трагедия народа и уроки истории» Халықаралық конференцияның материалдар жинағы жоғарыда көрсетілген кітаптың қисынды қосымшасы және жалғасы деп санауға болады.

Мемлекет тарихы институтының ұжымы ұсынған барлық басылымдар жаңа методологиялық көзқарастардан жазылып, Қазақстанның жаңа тарихын зерттеуге қосқан үлестері болып табылады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?