«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Археология
мұражайының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 5 желтоқсанында Археология мұражайының
40 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция барысында еліміздің атақты ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, атақты археолог, т.ғ.д К.М.Байпаков; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, Ұлттық Ғылым академиясының корреспонденті Байтанаев Б.Ә; ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. профессор З.С.Самашев, У.А. Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика академиясының ректоры Байғонақов Д.С.баянадама жасады.
Археология мұражайы 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу мақсатында ашылған.
2010 жылдың маусымынан бастап Археология мұражайы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің бұйрығымен «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына енді. Мұражайда әлемдік тарихи және ғылыми маңызы бар сирек кездесетін артефакттар топтамасы бар. Археология мұражайы осындай сипаттағы республикадағы жалғыз мұражай бола тұрып, қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алады. Мұражайдың бай топтамасы, ерекше экспонаттары бүкіл әлемдік ірі көрме алаңдарының назарын өзіне сан мәрте аудартты.Биыл мұражайдың халыққа қызмет көрсеткеніне 40 жыл толды.
Конференция барысында талқыланған негізгі бағыттар:
- Мұражайдың қалыптасу тарихы;
- Археология мұражайының жетістіктері;
-Мұражайтану саласының көкейкесті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдары;
- Экспозициялық, ағартушылық және әлеуметтік мәдени іс-шаралар;
- Қазақстандағы тас ғасырының материалдарын зерттеу;
- Қазақстандағы қола ғасырының материалдарын зерттеу;
- Қазақстандағы ерте темір ғасырының материалдарын зерттеу;
- Қазақстандағы орта ғасыр қалаларынан археологиялық қазба барысында табылған материалдарды зерттеу.