Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістігіндегі имиджі

5249
Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістігіндегі имиджі - e-history.kz
Қазақстан республикасының халықаралық аренадағы имиджін көтеруде қолданылған стратегиялар мен тактикалар Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістігіндегі имиджін қалыптастыру жолында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алар орны орасан.

Көшбасшының имиджі мемлекет имиджінің құрылымында ерекше орын алады, себебі оны жоғарыда аталған құраушылардың біріне жатқызуға келмейді, бірақ ол екі компонентпен де тығыз байланысты және елеулі әсер етеді, сонымен қатар өзі де дербес элемент ретінде жан-жақтан әсерге шалдығады.

Жақсырақ түсіну үшін сызба түрінде беріліп отырған елдің сыртқы саяси имиджінің құрылымын ұсынуға болады.


 01.jpg 

 Мемлекеттің сыртқы саяси имиджін қалыптастыру схемасы
 

Саяси имидж, көшбасшының имиджі, жалпы имидж – бұл ғылымда қалыптасқан тұжырымдар. Алайда, жаһандану жағдайында елдің имиджіне (бейнесіне) оның басқа елдерімен қарым-қатынастарына және әлемдегі жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта түрлі дамыған елдер Қазақстан Республикасына көзқарасын өзгертті. Қазақстан ақпараттық замандағы әлемдік белгіленген тәртіпте өзінің жүріс-тұрыс стратегиясын анықтады, заманауи мемлекеттің имиджіне тірек болатын білікті стратегияны тағы да жетілдіре түсуі керек.
Елбасы имиджінің екі жақты бағыты бар: ішкі – елдің тұрғындар және сыртқы – әлемдік қоғамдастыққа бағытталу. Бұл ретте басқа елдердің өкілдерінің санасында Елбасының имиджі көп жағдайда мемлекеттік имиджбен байланысты. 

Елбасының жетістіктері, табыстарын қоғам елдің өзінің табыстарына теңейді, сондықтан мемлекет үшін күшті, дана көшбасшысының болуы өте маңызды.
Қазақстан – бұл Н.Ә.Назарбаев, бүгінде әлемде осындай пікір қалыптасты. Қазақстанның халықаралық аренада позицияларын ары қарай дамыту және нығайту, мемлекеттің қауіпсіздігі, әл-ауқаты және өркендеуі білікті және айқын басқару арқасында ғана мүмкін.
Көшбасшылық имиджі ғылыми әдебиеттерде жіті зерттелген.


002.JPG  

Көшбасшылық факторлары


 Зерттеушілер нағыз көшбасшының бойында маңызды тұлғалық сипаттамалардың тұтас жиынтығы деп мыналарды көрсетеді: ақыл, логика және ойлау мәдениеті, батылдық, принципшілік, коммуникативтік байланыстарды құра білу және т.б. Бірақ бастысы, ерекше дарындылық (харизма) болмай көшбасшылық имидж болмайды.
Қазіргі саясаттануда көшбасшының төрт бейнесі ерекшеленеді.


003.JPG  

Көшбасшының төрт бейнесі (Блондель)


 Тікелей дарынды көшбасшылық күштерді нығайту, ұлтты жаңғырту, қоғамдық жүйені түрлендіру қажеттіліктеріне жауап береді. Көшбасшының дарындылығын, шынайы немесе жалған марапаттарын, оның ықтимал өкілеттіктерін асыра көрсету жақтастардың және нақты айналасындағылардың осы кандидатураны билікті басып алуға немесе ұстап қалуға, көп жағдайда көшбасшының тартымды бейнесін жасанды құруға және азаматтардың өздерінің саяси көшбасшысына деген эмоционалды – бейрационалды тартымдылығын қалыптастыруға тілегін білдіреді. 

Н. Макиавелли өзінің «Государь» еңбегінде көшбасшының стилі туралы айтады, оны «патшаның бетпердесі» деп атайды. Ол: «Патшаларға бетперде керек, себебі негізгі көпшілік оларды қалай көреді, солай деп ойлайды» деп жазады. Бұл «бетперде» қандай болу керектігін айтқанда: «Топ әдетте бедел мен күшті әсер етуді» ерекше атайды. Батыл емес, айнымалы, күйрек және аңдаусыз адамдарды ұнатпайды. Мұндай қасиеттерден патша аулақ болу керек, өз әрекеттеріне асқан әдемілік, маңыздылық, батылдық пен өжеттілік кейпін беру керек».
Саяси биліктің имиджін жайғастырудың орталық бөліктерінің бірі сайлауда өз кандидатурасын басқа үміткерлерден жеңу нұсқамасымен шығаратын адам болып табылады. Саяси бәсекелестікте «күшті әсер» (фуррор) қалдыруға айқын, оң жағынан қабылданатын, сайлаушылардың күтілімдеріне сай имиджді жасай алатын және сайлаушыға жеткізе алатын үміткердің мүмкіндігі көбірек. Менің ойымша, осының айқын үлгісі Қазақстанның президенті - Н.А.Назарбаев болып табылады.

Н.Назарбаев 1990 жылдың сәуір айында тәуелсіз Қазақстанның Президенті болды. Бүгінде бұл қызметін тоқтатқанымен, тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға ретінде әлі күнге дейін елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне қатысты белгілі бір қызметті иеленіп отыр.
Қазақстандық сайлаудың мамандары 2005 жылы Н.А.Назарбаевтың соншалықты сенімді жеңісі – әлеуметтік санада жобалық ойлау қабілеті бар осындай кәсіби басқарушыға деген нақты сұраныстың қалыптасуында деп атап өтті.

Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының әкесі ғана емес, әлеуметтік – қаржылық және саяси реформалардың тиімді стратегі ретінде де тарихқа енді. Оның болмысында стратегиялық ойлау, болжау, жігері, батылдық тең мөлшерде тоғысқан, оның белгілеген жолын іс жүзінде іске асыру үшін бұл міндетті түрде талап етіледі. 

Саяси түпмәтінде әрекет ете отырып, Президент нақты маңыздылықты немесе «қоғамдық өмірдің қабылдау және саралаушы пайымдау құралдарын» көрсетеді.
Тұңғыш Президенттің жұмысын қабылдау және бағалау Қазақстан азаматтарының ол және оның жұмысы туралы пікірін сипаттайды. Адамдар оған сенеді және барлық бастамаларын қолдайды. Ғаламдық деңгейде ол табысты тарихи тұлғаға айналды.

Тұңғыш Президент тәуелсіз Қазақстанды, жаңа тарихи жолды, яғни жаңа қоғамдық – экономикалық құрылысты да құрды. Оның тегімен біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, даму кезеңі және мемлекеттіліктің нығайюы байланысты.

Бүгінде республикада рухани – өнегелік қалыптасу бағдарламасы қазіргі уақытта басым бағыт ретінде іске асырылуда, бұл Тұңғыш Президенттің әдептік императивтерді өмірге айналдыру ниеті расталады.
Әр Президент немесе саяси көшбасшының қоғамға жалпы үлкен әсер ететін өзіндік стилі бар. Өте жиі стиль және осы стильдің тасымалдаушысы сәйкес келмейді, яғни постмодернистер мәлімдегендей, «бинарлы оппозицияда» болады. Бұл жағдайда қоғамды тұрақсыздандыру сценарийін болжауға болады. Бірақ елімізде Тұңғыш Президенттің имиджі біртұтас, тамырын жайған құрылым болып табылады. Н.А.Назарбаевқа 2010 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ұлт Көшбасшысы мәртебесі ресми бекітілді.
БАҚ-та «Назарбаев факторы» және «Назарбаев феномені» секілді сөздер жиі кездеседі. Осы ұғымдардың мазмұнын ашқымыз келеді. Фактор – бұл басты себеп, қозғаушы күш, ал феномен – қарама-қайшы, сирек және тосын әрекет. Яғни бұл ұғымдардың қолданылатын түпмәтініне байланысты және екеуін қатар қолдануға болады. Мәселен, Тұңғыш Президенттің өзі саясаткер деп айтқанда, оның стилі – осындай тұлғалық қасиеттерге ие біртұтас, бұл оны демократиялық тұрақтылықпен, елдің өркендеуімен және ұлтаралық, өңірлік және мемлекеттік қауіпсіздікпен теңейтін «Назарбаев факторын» құрайды.

М.В.Ломоносов атында ММУ ақпараттық – талдау орталығының бас директоры – А.Власовтың пікірінше, «Назарбаевтың феномені – айқын факті». «Бұл держава қуаты, себебі оның басында батыл және көреген саяси қайраткер отыр, басқа орта азиялық саясаткерлерге қарағанда ерекше негізді стратегиялық ойлау қабілетіне ие, нақты, айқын міндеттер қоя біледі және оларды шешуге ұмтылады». Осы деңгейдегі және ауқымдағы Н.А.Назарбаев секілді саясаткерлер өте сирек кездесетінін айта кету керек.
Азаматтық санадағы күтілімдерді зерттеу негізінде бұл Қазақстан халқының көзқарасының көрінісі болып саналады. Заманауи саясаткерлер атап өткендей, «Нұрсұлтан Назарбаев осы күтілімдерге сай. Ол мемлекеттік міндеттерді және олардың шешімін нақты көреді, жеке тәжірибесі мен өз елін түрлендірудің нақты пайымдауы бар мемлекет басшысы болып саналады. Ол құбылмалы әлеуметтік-саяси жағдайларға сергек қарайтын прагматик –саясаткер болып саналады».

Н.А.Назарбаевтың стилі өкілдік нысандағы «сырты» ретінде көрінеді, оны қабылдауда қолдаушылар көп жағдайда өзінің саяси көшбасшының билікке деген қарым-қатынасын сипаттайды. 

«Елді құтқару үшін бір танымал адамның болуы жеткілікті» -деп жазды өз кезінде Вольтер. Саяси қайраткер өзінің жұмыс жасау стилін қаншалықты сәтті жобалауына және өмірге «енгізуіне» оның саяси күші, сондай-ақ мемлекеттегі жалпы саяси, қаржылық, әлеуметтік және мәдени процестердің қалыптасуының жалпы бағыты байланысты.

Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін анықтау мақсатында Қазақстанның ЕҚӘҰ-де төрағалық етуін зерттейік. Басты назарға ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың - «Судьба и перспективы ОБСЕ» мақаласын аламыз, онда Қазақстанның ЕҚӘҰ-де өз елінің ішкі және сыртқы саясаттағы халықаралық танылу табыстарының түпмәтінінде төрағалық етуінің ықтимал оң нәтижелері туралы ойлары берілген.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап жалпыеуропалық процестерге белсенді қатыса бастады, ол 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде баяндалған принциптерді дамыту және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл түпмәтінде Қазақстан өзінің маңызды сыртқы саяси мақсаты ретінде Еуропада қауіпсіздік және әріптестік бойынша ұйыммен тұрақты әріптестікті реттеу мақсатында анықтады, бұған дәлел оның 2003 жылы ЕҚӘҰ-да елдің төрағалық етуі туралы идеясын ұсынуы болып табылады. Қазақстан 2009 жылы төрағалық етеді деп болжанды, нақты 2010 жылы төрағалық етті.

Қазақстанның ЕҚӘҰ-да төрағалық етуі туралы шешімді әлемде әр түрлі бағалады, бірқатар елдер жаңа мемлекеттің әлем картасындағы Еуропа мен әлемде шиеленіскен жанжалдарды шешудің қиын процесіне әсер етудің саяси мүмкіндіктеріне қатысты белгілі алаңы бар. Сондай-ақ Қазақстанның ЕҚӘҰ –да төрағалық етуі қауіпсіздік мәселелерімен тиімді айналысудың жаңа саяси ақиқатында әлемде осы ірі өңірлік ұйымның құралдық мүмкіндіктеріндегі жалпы күмәншілдік аясында іске асырылды. Және оған тиісті себептері де болды.
Біріншіден, ЕҚӘҰ институттары Еуропаның өзінде әскери – саяси сипаттағы мәселелерді шешуде өздерін еш жағынан танытпаған, бұған бұрынғы Югославияның аумағында дағдарыстың көшкін ретінде жайылуы, салдарында халықтардың қанды қақтығысына алып келуі дәлел бола алады.

Екіншіден, негізгі ойыншылар еуропалық саяси алаңда (оның ішінде АҚШ) Батыстың қауіпсіздігіне сырттан (Ауғанстан, Орталық Азия) да, іштен (мұсылмандық миграция, мұсылман қоғамдастықтарының батыс қоғамына қарай ауыр бірігуі) де қауіп –қатер төндіргеніне қарамастан ЕҚӘҰ-ны жеделдетілген демократияландыру мақсатында қайтадан құрылған посткеңестік тәуелсіз мемлекеттерге қысым көрсету құралы ретінде пайдалануы оларға деген сенімді арттырмады. 

Бұл факторлар ЕҚӘҰ-ның бұрынғы және жаңа мүшелері арасында белгілі бөлініске күрделі негіз болды, осы халықаралық саяси клубтың барлық қатысушыларының күштерін жоққа шығаратын жаппай күйреу әсерін тудырды.

ЕҚӘҰ-ның басты қатысушыларында Қазақстанның төрағалық етуі олардың Ресей мен ортаазиялық елдерде іске асырып отырған гуманитарлық өлшеу саласындағы жобаларының тағдыры үшін белгілі алаңдатушылықты тудырды. ЕҚӘҰ жаңа мүшелерінің бұл мәселеге деген күмәндері орта саяси және экономикалық салмақтағы ел – Қазақстанның қауіпсіздік саласында күрделі бүлдіргіш күштерге іс жүзінде әсер ете алуы және елдердің бейбітшілік пен прогрессте жақындату жолдарында жинақталған кедергілерді еңсеруде пәрменді әріптестігін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сенімсіз қараумен байланысты болды.

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары басшылығы ЕҚӘҰ қатысушы елдердің арасындағы жалпы қауіпсіздік үшін сенім мен конструктивтік әріптестікті жасауға дайындығы мен қабілетін көрсету және осылайша, өзін әлемдік қоғамдастыққа туған жерінде және одан тыс – жаппай Жер планетасында бейбітшілік мұратын ұстанған Еуразия ортасындағы қуатты және қарқынды дамушы мемлекет ретінде таныту өте маңызды болды. Бұл саяси міндет Қазақстанның ЕҚӘҰ төрағалық ету жолындағы жасаған алғашқы қадамдарынан бастап оң жағынан шешіле бастады, бұған дәлел – посткеңестік елдердің ЕҚӘҰ Министрлер кеңесінің Мадрид отырысындағы 2008 жылғы ЕҚӘҰ-да төрағалық етуді 2009 жылы Қазақстанға тапсыру туралы шешіміне деген БАҚ-тағы жауаптары.
«Новости» РАА бұл оқиғаны ЕҚӘҰ-ны құтқару деп бағалайды. «Қауіпсіздік және әріптестік бойынша ұйымда (ЕҚӘҰ) төраға – елді таңдау формальды және маңызды емес процедура болды. Бірақ ЕҚӘҰ-ның Сыртқы істер министрлерінің аяқталған Мадрид кеңесінде Қазақстанның 2009 жылы ЕҚӘҰ-да төрағалық етуіне немесе етпеуіне байланысты бар ұйымның аман қалуы байланысты болды». «Новости-Армения» халықаралық ақпараттық агенттігінің хабарламасы дәл осы сипаттама түсіндірілді (Ереван).

Бұрынғы Кеңес Одағының басым көпшілік елдерінде БАҚ Қазақстанның ЕҚӘҰ-дағы төрағалық етуін тәуелсіз республиканың ірі халықаралық саяси жетістігі ретінде біржақты оң бағалады: «Қазақстанның ЕҚӘҰ-да 2010 жылы төрағалық етуі туралы шешім жас республиканың үлкен сыртқы саяси жетістігі болды. Мадридтегі миссияның табыстылығын Қазақстан халқы, қазақстандық дипломатия және Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаев та қолдайды» .

«Вечерний Бишкек», «Молодежь Эстонии» газеттеріндегі жарияланымдар да осы сипатта.
ЕҚӘҰ әлем істеріндегі рөлінің түпмәтінінде Қазақстанның, ең алдымен, осы ұйымның қызметінде жер шарының азиялық бөлігінде ядролық қарудың жайылуын тоқтату, Азия мен Еуропадағы қисынсыз шаруашылық ету өнімдері ретінде экологиялық миналардың көшкін тәрізді жайылуының алдын алумен байланысты басқа маңызды міндеттерін ысыра отырып, гуманитарлық өлшем жағына қарай ығысуының қауіптілігіне екпін жасауымен өзіне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудартты. Адамның құқықтарын сақтаудың әлеуметтік реттелетін маңызына есеп бере отырып, Қазақстан ЕҚӘҰ-дағы төраға ретіндегі жұмысын ЕҚӘҰ қызметінің бар шоғырын оның шынайы мақсаттары мен міндеттерінен ауытқып, бейбітшілікті сақтау және нығайт, жалпыәлемдік қауіпсіздіктің шынайы қауіп –қатерлерін жою бойынша құралы ретінде адам құқықтарын қорғауға түйістіруді тануға шақырудан бастады. 

Қазақстанның ЕҚӘҰ төрағасы ретінде қызметін ақпараттық сүйемелдеу ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың 2010 жылғы 8 қаңтар күні «Известия» ресейлік газетінің беттерінде «Судьба и перспективы ОБСЕ» танымал мақаласынан басталды, онда Қазақстанның ЕҚӘҰ-ға өз елінің сыртқы және ішкі саясатта табыстарын халықаралық тану түпмәтінінде төрағалық етуінің ықтимал оң нәтижелері туралы ойлары берілген: «Менің ойымша, Қазақстанның ЕҚӘҰ-ға төрағалық етуі Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастардың жаңа кезеңін бастауы мүмкін және өзара сенімнің нығаюына қызмет етеді. Қазақстан Венадан шығысқа және батысқа қарай орналасқан барлық мемлекеттермен іскери және сындарлы қатынастарын реттеп, қақтығысты жағдайларда түрлі тараптар арасында белсенді ғана емес, тиімді медиатор да бола алады».

Бұл мақала бағдарламалық сипатта және әлемдік оқырман қоғамға Қазақстан басшылығының халықаралық қоғамдастықтың ЕҚӘҰ-ға сенімін қалпына келтіру бойынша негіздемесін және көпвекторлы жұмысының перспективаларын көрудің барлық аспектілерін толық көрсетеді. Н.А.Назарбаевтың «Судьба и перспективы ОБСЕ» мақаласының қоғамдық назарға ілінгені туралы ресейлік саясаттың ақсақалы Евгений Примаковтың пікірлері бойынша да айтуға болады, онда ресейлік және шетелдік қоғамдастықтың материалға тұрақты қызығушылығын атайды, елдің халықаралық беделінің артқаны ерекше аталады.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 14 қаңтардағы Washington Times газетіндегі тағы бір танымал «Стагнирующей ОБСЕ необходим саммит» мақаласында ЕҚӘҰ-ның әлем істеріне әсерінің салыстырмалы әлсіреуінің жалпы қауіптері көрнекті мәлімделеді және Қазақстанның осы халықаралық құрылым қызметінің саяси, экономикалық және гуманитарлық векторлары бағытында ұйымдастырушылық күштерінің басымдықтары айтылады. Тезисін: «Шығыс пен Батыстың өте маңызды ұйымының әлсіреуіне жол бермеу керек» деп негіздеп, Н.А.Назарбаев ЕҚӘҰ қауіпсіздігі туралы мәселені шешудің өзектілігі әлі де сақталды, және оны басқа проблемалардың шешілуіне зиян келтірусіз пайдалану қажеттігін ерекше атап өтеді. Н.А.Назарбаев «Төрағалық етудің артықшылықтарына қатысты айтсақ, Қазақстан ЕҚӘҰ үш «себетінің» (әскери –саяси, экономикалық – экологиялық және гуманитарлық) оңтайлы тепе –теңдігіне қолжеткізуге ұмтылатын болады» деп атап өтті.

Белгіленген мақсатқа қолжеткізу мүддесінде қазақстандық төрағалық ету – қатысушы – елдер арасында келісім мен сенімді қалпына келтіру үшін жағдай жасау стратегиясы әзірленді.
Қазақстан өзі төрағалық еткен жылдың ішінде төзімділік пен бейбіт өмір сүру принциптерін дамыту негізінде еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылысын жасаудың маңыздылығын іспен де, сөзбен де дәлелдеді. Қазақстанның жақын және алыс елдерімен бейбітшілік пен тұрақты даму мүддесінде келісе білуі оған өзінің төрағалық етуінің басты міндетін қалыптастыру – Ұйымның алдында тұрған өзекті проблемаларды шешуде пәтуаластық өрісін кеңейту және нығайту, уақыттың сын – тегеуріндері мен қауіпсіздік қатеріне тиімді қарсы әрекет ету құқығы береді.

Қазақстанның пікірінше, ЕҚӘҰ өңірлік әріптесін тұрақтандыру проблемасын ислам әлемімен диалогсыз шешуге келмейді. Дәл осы себепті Қазақстан 2010 жыл бойы ЕҚӘҰ-ның ислам әлемімен әріптестігін кеңейту үшін аз күш жұмсамаған.

Қазақстанның әлемдік проблемаларды шеше білу қабілетіне Қырғызстандағы белгілі оқиғалар емтихан болды. Еуразия үшін жарылу қаупі бар саяси бифуркацияны тиімді «шешу», Қазақстанның ЕҚӘҰ төрағасы ретінде Қырғызстанда қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін еуропалық қоғамдастықты жылдам оңтайландыруда көрсеткен қабілеті әлемнің тағдыры үшін жоғары мемлекеттік жауапкершіліктің үлгісіне айналды.
Айта кету керек, ЕҚӘҰ-да төрағалық ету – бұл еліміздің шынайы жетістігі, бұл мойындау. Қазақстан Қауіпсіздік бойынша ұйымды басқарған ортаазиялық өңірлік алғашқы мемлекеті, ТМД-ның алғашқы мемлекеті, посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекет, түркі тілдес әлемнің бірінші мемлекеті және Ислам конференциясы ұйымына мүше алғашқы мемлекеті болды.

Нәтижесінде бұл еліміздің әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін күрт арттырды.
Қазіргі ақиқат жағдайында еліміздің имиджін ілгерілету мемлекеттік саясаттың өзекті міндеті болып табылады, оны сәтті іске асыруда мемлекеттік билік органдары ғана емес, экономиканы барлық субъектілері мүдделі.
Сонымен қатар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының позитивті имиджін ілгерілетудің тиімділігі көп жағдайда нысаналы, оның ішінде ішкі және сыртқы аудиториямен – халықпен, кәсіпкерлермен, инвесторлармен, туристтермен жұмысты олардың санасына әсер ету және      көрнекі–ассоциативтік қабылдауы арқылы сауатты ұйымдастырылуына байланысты. Бұл имидждік стратегияның негізгі өзегі. Мұнда қоғамдастықпен байланыс саясатта, бизнесте, экономикада, әлеуметтік салада түрлі нысаналы топтармен жұмыс жасаудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жетекші рөлді атқарады. 

Қазіргі уақытта қоғамдастықпен байланыс дәстүрлі маркетингің құраушы элементі ретінде қаралады. Яғни, ҚР позитивті имиджін қалыптастыру мақсатында қоғамдастықпен байланысты аумақтық маркетингтің негізгі міндеттерін іске асыруға мүмкіндік беретін түрлі PR - технологиялар мен құралдар пайдаланылуы керек.
Бұл ретте PR – технологиялар дегенде басқару субъектісінің міндеттерін анағұрлым оңтайлы іске асыру мақсатында «имидж жеке элементтерін бірыңғай үйлесімді бүтінге байланыстыруға» [41, 143-146 б.] бағытталған саналы әрекеттердің жиынтығы, жүйелі қолданылатын әлеуметтік – коммуникативтік құралдардың, әдістердің және PR - қызметтің жиынтығы, өз кезегінде PR – құралдар – бұл PR - субъектінің мақсатына қолжеткізу үшін іске асырылатын қоғаммен байланысты ұйымдастыру бойынша оңтайлы және жол берілетін әрекет әдістерін іске асырудың процессуалдық және ұйымдық –тактикалық нысандары.
Стратегиялық имидж мақсатындағы заманауи PR - технологияларға сәйкес әзірленген тактикалық PR – құралдары – бұл мақсатты аудиториямен ұзақ мерзімді өзара байланысты реттеуге, ілгерілететін аумақ субъектілерінің өнімдік қызметінің мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асуын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пікірге әсер етуге арналған құралдар. Бұл ретте PR -коммуникациялардың қолданыстағы технологиялары мен құралдарының тиімділігі көп жағдайда аумақтың халқы тарапынан ғана емес, оның шегінен тыс халықтың дұрыс қабылдауына байланысты.
Сонымен бірге бүгінде отандық ғылымда аумақтық имидж жасау үшін пайдаланылатын PR-технологияларды және құралдарды жүйелеуге арналған кешенді зерттеулер жоқ.
Менің ойымша, еліміздің оң имиджін ілгерілетуге арналған PR - технологияларға мыналарды жатқызуға болады: спортты, мәдениетті және өнерді қолдау, фестивальдар, мерекелер өткізу, қонақ қабылдау, кездесулер, презентациялар, конференциялар және семинарлар, тәуелсіз шенеуіктердің, саясаткерлердің және «танымал» адамдардың сөз сөйлеуі, көрме, жәрмеңке ұйымдастыру, халықаралық әріптестік, қазақстандық Интернет- кеңістігін қалыптастыру және т.б.
Сондай-ақ қоғамдық пікірді, мемлекетімізге оң қарым-қатынас пен бейнесін (имиджін) қалыптастыру мақсатында қолданылатын түрлі PR - коммуникациялардың түрлері мен құралдарын айта кету керек. 

Көп жағдайда мемлекеттің имиджін ілгерілету процесінде қоғаммен байланыс қызметі бойынша басқа бағыттардағы PR - технологиялар мен құралдар пайдаланылады. 
    

004.JPG

Қазақстан Республикасының оң имиджін ілгерілету үшін ұсынылатын PR - технологиялар мен құралдар

Сонымен қатар қоғаммен байланыс үшін қажетті технологиялар мен құралдардың тікелей жиынтығын анықтау мемлекет имиджінің нақты түріне байланысты, ол оны ілгерілету стратегиясын таңдаумен және нақты технологиялар мен оны іске асыру тактикаларымен шартталған. 

Мәселен, мемлекеттің бар және қалаулы бейнесіне байланысты имидждің 7 түрін ерекшелеп алуға болады: оң, шамалы танылатын, тым дәстүрлі, қарама-қайшы, аралас, теріс, шамадан тыс тартымды. 
Бір PR - технологиялар мен құралдар имиджді қолдау (имидждің оң типі), оны үйлестіруді (аралас тип), нақты жайғастыру (шамалы танылатын тип), ішінара (қарама-қайшы тип) және толық (тым дәстүрлі тип) қайта құру, сондай-ақ жаңа оң имиджді қалыптастыру кезінде (теріс тип) және оны көрсетудің теңгерімделген тәсілін әзірлеу (шамадан тыс тартымды тип) кезінде қолданылуы мүмкін. 
Халықаралық аренадағы түбегейлі өзгерістер ХХІ ғасырдың басында басталды және Қазақстанның имидждік саясатына сапалық жаңа шарттар қойылды. Имидждік саясат – бұл өте күрделі әлеуметтік-психологиялық әдістер кешені. Оның қалыптасуы мелекеттің немесе ұйымның өзінен ғана емес, оның әлеуметтік ортасына да байланысты. 
Имидждік саясат – нақты имидждік объектіге жұртшылықтың, жекелеген топтардың, жеке тұлғалардың назарын аудартуды мақсат ететін кешендер жүйесі, бұл жүйеде имидж құру және оны ілгерілету бағытындағы іс-қимылдар бағыты анықталады. 
Менің ойымша, Қазақстан Республикасының имидждік саясатын қалыптастыру кезінде дұрыс имидж-технологияларды пайдаланудың заманауи әдістері көптігін ескеріп, келесі кезеңдерді орындауды қарастыру қажет. 


  005.JPG  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік имидждік саясатын қалыптастыру кезінде рационалды имидж - технологияларды қолданудың заманауи процесі 


Бүркіт НҰРАСЫЛ


 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?