Тəуелсіздік шуағымен бірге келген құндылықтардың бірі Қазақ тарихын зерттеп зерделеудің жаңаша келбеті, ақпараттық-деректік əлеуеті мейлінше кеңейе түсті десек шындықтан алыс болмаспыз. Осы бағытта Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тікелей қолдауымен жаңадан құрылған Мемлекет тарихы институты ұжымы Отан тарихын жаңа көзқарастар тұрғысында зерттеуді ұйымдастыруда республика тарихшыларының басын біріктіріп абыройлы қызмет атқарып келеді деуге болады. Мемлекет тарихы ұжымы құрылғаннан бері тарихтың күретамыры — деректану мен оның теориясы аясында біршама ілгерілеушілік байқалады.
Əсіресе соңғы жылдары ғылым мен білім жүйесінде тарихты зерттеу мəселелеріне ерекше көңіл бөлініп, қазақ тарихы методологиясын айқындау ісі батыл қолға алынуда.
Бұл ретте теория мен тəжірибеге сүйенген ғалымдар мен əуесқой мамандардың бірнеше буыны талпыныс жасап Отан тарихына қатысты бел-белестер, ілгерілеу мен іркілістің тізбесі тиянақталуда, жазба деректердің негізгі дені толығып ғылыми сараптаудан өтіп, айналымға түсуде.
Шешімін күткен методология мəселелерінің алдыңғы қатарында Ел тарихын дəуірлеу міндеті тұр. Түптеп келгенде, тарихты дəуірлеу дегеніміз — тарих ғылымының теориясы мен методологиялық өресін көрсететін, таным биігіне көтерілу жолындағы атқарылған істер мен алдағы міндеттерді таразылайтын жауапты сəт. Тағы бір жағы, ол күрмеуі күрделі тарихи-өркениеттік үрдістердің бастысы мен екінші кезектісін, негізгісі мен қосалқысын айырып тануға мүмкіндік береді. Ғылыми-объективті жолмен негізделген дəуірлеу ғана тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, оқиғалардың ішкі қисынын сақтауға, өткен күннің қорытындысы мен сабағынан оң тағылым алуға жол ашады.
Ең бастысы — төл тарихымыздың дəуірлерін эволюциялық жолмен пішу арқылы тарих ғылымының бұған дейін ашылмай келген əлеуетіне серпін беріліп, қазақстандықтардың көптен бері өтелмей келген ғылыми, ақиқатқа зəрулігін, қарызын қайтару міндеті құр талпыныстан нақ ты сипатқа ұласқан сияқты. Егер қандайда этнос мемлекет болғысы келсе өзінің мемлекетін ұзақ мерзімге меңзеп құратын болса, онда халық руханиятының бастауларынан бастау алатыны жөнінде Елбасы еңбектерінде бағдарламалық түрде шегелеп айтылған [1].
Халқының, тіпті бүкіл адамзаттың тарихын қат-қабат оқиғалардың тізбегі ретінде ғана ұғынбай, оған тəн заңдылықтарды, белестерді, мəнді сипаттарды ашуға талпыну əлем тарихшылары ортасына, соның ішін-де Қазақ тарихы аясында ерте замандарда қалыптасқан дəстүр екені зерттеушілерге мəлім. Айталық, байырғы түркі жазба мəдениетінің тамаша мұрасы — Күлтегін ескерткішінің мəтінінде қағанаттың тарихын төрт дəуірге бөлгені белгілі. Бірінші дəуір адам баласының пайда болғанынан түркі қағанаты құрылған уақыт аралығын алып жатыр. Екінші дəуір Бумынның қаған тағына отырғанынан түркі елі табғаштар ға (Қытай) тəуелдікке түскенге дейінгі аралықты қамтиды. Үшінші дəуір — табғаш қол астында болған жылдар. Төртінші дəуір — табғаштардан азат болып, мемлекеттіліктің табаны бекіген тəуелсіздік тұсы [2].
Тарихи үрдістердің заңдылықтары мен кезеңдеріне талдау жасауға сындарлы ғылыми жүйелілік əкелмегенмен, оларда белгілі бір реттілік бар екенін зиялылар қауымы өз замандарында қозғап келген. Солай болғаны мен одан бері осынау мəселе күн тəртібінен түспей келеді. Өткен күндердің өзегінде не тұрғанын табуға ұмтылыс қилы-қилы тұжырымдар ды, теория мен сəуегейлікті дүниеге əкелді. Бір замандарда тарих пен тағдыр — тəңірінің не адамзатты жаратқан қолындағы іс деген пайымдау басым болса, жаңа заман ойшылдары тарих толқынының шешуші факторы ретінде ауыл өмірі немесе өнеркəсіп (индустрия) басымдығын, ағартушылықты, əлеуметтік-саяси ахуалды, жеке тұлға əрекетін, мемлекеттік билік түрін мойындады. КСРО тұсындағы сыңар жақты идеология аясында тарихты дəуірлеудің формациялық амалы күштеп енгізіліп негізі меншік түрі болатынын қолдап, яғни қоғамдық-экономикалық формацияларияны жан-жақты дəлелдеуге əрекеттенді. Қазақ этногенезіне моңғолдардың, арабтардың пəрменді ықпал еткені, аңшылық, мал бағу, егін салмақ, сауда қылмақ тəрізді шаруашылық түрлерінің ұлт мінезіне əсері еске салынады. Ал əлем ғылымында тарихты дəуірлеу аясындағы пікірсайысының сан қилы жобалары ұсынылып талданған.
Тарихты дəуірлеудің арқалап тұрған жүгі айрықша жауапты екендігі ұлт зиялыларының ойынан тыс қалмаған. Мысалы, М.Тынышпаевтың «Түрік-моңғол тарихы» атты зерттеуінде түрік-моңғол күн шығыс түрік те рі жəне күнбатыс түріктері болып бөлінетінін дəлелдеуге ықылас білдірген. Зерттеушінің пайымдауынша түрік-моңғол тарихы екіге бөлінеді: біріншісі, ескі заманнан бастап, 1456-шы жылға шейін (өзбекпен қазақ-қырғыз жіктелетін жыл); екіншісі, 1456-59-шы жылдан бері қарай қазақ-қырғыз бөлініп шыққанға шейін, қысқаша түрік-моң ғол тарихының бəрін жазбақшымыз, сол жылдан бері қарай бір-ақ қазақ-қырғыз тарихын айтатынын тұжырымдаған болатын. М.Тынышпаев ұсынған дəуірлеудің амалдары мен бағыттары қазақ мемлекеттілігіне барынша ұштастырылып құрылғанық байқалады [3].
Қазақ тарихын дəуірлеудің өзекті жəне өткір мəселелері С.Ас фендияровтың шығармаларында барынша дəлелденіп баяндалған. Ол автордың «Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында ғы деректер мен түйін тұжырымдар төл тарихын дə уірлеуге тың серпін берді. С.Асфендияровтың пайымдауынша, қазақ тари хының үш дəуірін ескерген жөн. Оның бірінші дəуірі — капиталистік дамуға дейін (XVIII ғасырға дейін), екінші дəуірі — отарлау. Қазақстан — патшалықтың отары жəне Қазақстандағы қазан революциясының ал ғы шарттары; үшінші дəуірі — кеңестік. С.Асфендияровтың алға тарт қан дəуірле уін-де басымдық саясаттанған өлшемге — өндіріс тəсіліне, тарихқа материалистік көзқарас негізінде баяндалған [4].
Тəуелсіздік жарияланған тұста Қазақстан тарихын дəуірлеу мəселесін кешенді көтергендердің тұңғышы болған академик М.Қозыбаев еді. 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайындағы ғылыми баяндамасында ол тұңғыш болып қазақ тарихының тоғыз дəуірін жария еткен болатын [5].
Отан тарихын дəуірлеуге байланысты ойларын кейінде басқа да ғалымдар ортаға салып талдап келеді. Мəселен, олардың басым көпшілігі тарихтағы бетбұрыстардың, дамудың, белестердің хронологиялық ауқымы бірде ұзақ, бірде қысқа болатынын ескере келе, эра, дəуір, кезең, саты тəрізді ұғымдардың аражігін нақты ашуға, соларға табан тіреп тұру қажеттілігіне баса назар аударды. Егемендік тұстағы зерттеушілер дің келесі тобы мəселенің теориялық-əдіснамалық байыбын сарабдал саралауға ғылыми шығармаларын арнаған болатын. Бұл орайда ғалымдардың қаламынан туған концепцияларға талдау жасап, баға беруден гөрі əр зерттеуші жеке ұстанымын ғана білдіргені тиімді болатыны күмəн келтірмейді.
Сөйтіп тəуелсіздік тұстағы тарихшылар ортасындағы тарихымызды дəуірлеу туралы ой-ұстанымдары бір арнаға түспей əлі-де болса ортақ тұжырымға тоқтай алмай келеді. Біздің ойымызша, Қазақстан тарихын дəуірлегенде қандай теориялық-əдіснамалық пайымдарға, өлшемдерге, ұстанымдарға сенгеніміз нық тірек болар? Даму белестері арасын дəйектегенде басты көрсеткіштерге нені алып, қандай негізге сүйенгеніміз дұрыс болады? Бұл орайда, өздерінің ғылыми концепциясымен елге танылған тарихшылар пікірінше Қазақ тарихын дəуірлегенде төртқұндылықты шешуші фактор ретінде қаперді ұстанғанымыз жөн болар деп есептеймін. Олардың, біріншісі, қазақ жеріндегі алғашқы адамдар дың, тұрғындардың пайда болуы мəселесі. Осы сұраққа жауаптан кімнің маймылдан адамға айналғаны, кімнің адамнан тарағаны, кімнің автохтонды, кімнің келімсек екені тиянақталады;
екіншісі, қазақ этногенезінің мəселесі. Дей тұрғанмен бұл сұрақтың мазмұнын қазақ кеңістігіндегі антропологиялық, нəсілдік, тілдік, рухани-дүниетанымдық, əлеуметтік, саяси тұтасу құпиясы, тарихқа табиғи-жағрафиялық ортаның əсері, шаруашылық-мəдени типтің қалыптасуымен сабақтастығы, этностың өзін өзі тануы болғаны туралы ойланған жөн;
үшіншісі, ұлттық мемлекеттің, яғни Мəңгілік ел жəне жуырда жарық көрген Қазақ елі пайда болуы мен өмір сүру мəселесі. Мемлекеттің басты мақсаты — халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тарих аманатын ұрпақтан ұрпаққа жалғау, яғни қоғамдағы табиғи — ырғақты даму мен Тəуелсіздіктің Байрағын асқақтатып бейбіт өмірді сақтау;
төртіншісі, құндылық жұмыр жер бетіндегі халықтардың даму-деңгейі ешқашан біркелкі болмақ еместігінен туындайды. Этностың алшақ басып жүруі немесе əлемдік салқар көштің соңында салпаңдап шаң ға көмілуі — бəрі дүниенің бірде ана өңірінен, бірде мына өңірінен жанартаудың жалынындай көрініс беретін өркениеттік өрлеуге, соған алыс-жақын орналасуға, бəсекеге қабілеттілікке көп байланысты екен. Адамзат баласын алып кеменің үстіндегі жолаушыдай елестететін болсақ, сол көліктің ілгерілетуші қуаты əлемдік эволюция арнасында талданып танылған өркениеттер негізге алынғаны дұрыс болады деп есептеймін. Бұл ұсынымыздың нақ ішінде немесе соған жақын жайғас қан этностар кезінде тарихтан өз сыбағасын алып қалды, бəсекеге шыдамағандары əлдінің уысына түсті. Тіпті жұтылып кеткендері бар.
Сонымен, Қазақ елі дүниежүзілік өркениет қауымдастығының толық мүшесі екенін Тəуелсіздік тұстағы əлемге танылған мəнді істеріміз дəлелдеп берді. Сол əлемдік өркениет тəжірибесі негізіндегі айырмашылықтарына жəне үзілмеген сабақтастығына сəйкес Қазақстантарихы төмендегідей дəуірлерді басынан кешкен деген дұрыс болар: Көне Қазақстан; Түркі дəуіріндегі Қазақ кеңістігі; тұңғыш қазақ мемлекеттері (хандықтары); Қазақ кеңістігі — Ресей империясының отары; КСРО құрамындағы Қазақстан; Тəуелсіздік сапарындағы Қазақ елі.
Дегенмен мынадай мəселелерді естен шығармаған жөн болар. Біріншіден, заманы өткен, тарих қойнауынан орнын тапқан дəстүрлі қазақ қоғамын, ережелері мен зандылықтарын сол қалпында орнына келтіру мүмкін емес. Екіншіден, əлемдік жаһандасу жағдайында іргемізді қымтап, томаға-тұйық өмір кешу-де мүмкін емес. Үшіншіден, азаттық дəуірінің өтпелі кезеңін бастан кешудеміз. Сондықтан, Қазақстанның бүгіні мен көз жетерлік болашағы, яғни өтпелі кезеңнің мазмұны бейімделе табиғи даму мақсат-міндетін шешумен айшықталады. Яғни, өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — əуелі ісіңізді қолдап тірек болатын жанкүйерлерді көбейту.
Ғасырларға теңелген тарихы бар əлем өркениетінің басы мен бел ортасында шарқыған мемлекеттермен салыстырып бағалайтын бол сақ Тəуелсіздікке қолы жеткеніне 20 жылдан астам уақытпен өлшенетін бұғанасы бекімеген, еңбегі қатпаған, жалғыздықтан үніміз-де, жаяулықтан шаңымыз да шықпаған өтпелі кезеңдегі сəбидей шағымызда біз алыс-жақын мемлекеттерді ырқымызға көндіреміз деп əуре болу былай тұрсын, көп ұлтты, көп дінді Отанымыздың ішкі тұрақтылығын сақтау үшін қоныштан басуға жол бермей, бір-бірімізге, жаңа құндылық тарға (нарықтық, идеологиялық, ақпараттық, т.б. с.с.) ел ішінде-де бейімделе өмір сүруіміз қажет. Əлем мойындаған əрі қабылда ған ережелерді құрметтеу, соларды икемділікпен игеру, өзгелер мен қытықсыз араласу арқылы өзімізді таныту. Əрине, бейімделе даму тəуелсіз Қазақстанның маңдайына мəңгілікке жазылған жоқ шы ғар. Қазақстан мемлекеті батыл қарқынмен өсіп жетіліп, бəсекеге қабілеттілер қатарына біртіндеп қосылып келгені баршамызға аян. Осы орайда ғы қарышты қадамдарымыздың басты кепілі Қазақстан-2030, 2050 бағдарламаларындағы теория мен тəжірибенің ұштасуы негізінде дүниеге келген міндеттер болып табылады.
Сонымен, Отан тарихын дəуірлеудің теориялық-əдіснамалық негіздерін түйіндер болсақ, біздің өткеніміз бен бүгініміздің тарих тол қынында ғы белестері алғашқыда қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыста, кейінде империя таңған сыртқы əсердің күшімен бой көтерген этникалық жəне саяси үрдістерден негіз алатынын ұмытпаған жөн. Бұ лар ға Қазақстанның табиғи-географиялық, геосаяси ерекшеліктері, ша ру, а шы лық-мəдени типі ықпал еткені сөзсіз. Дегенмен, шешуші рөлде, тағдыранықтағыш тоғыста, алдыңғы шепте бірде этникалық, енді келесі сəтте саяси фактор алма-кезек табысып жатты. Қазақ қазақ болға лы басқаларға тізесін батырып, зорлық-зомбылық көрсеткен емес. Момындығымыз да, өрлігіміз-де бір басымызға жетерлік. Батыс пен Шығыс тың, Еуропа мен Азияның өтіне орналасқандықтан бізге осындай тағдыр мен тарих жазылған болар. Ендігі жерде азаттығымыздыны ғай та түсіп, оңтайлы геосаяси орналасуымыздан тек жағымды нəтиже лер мен ілгерілеуге жетелейтін дəуірлерді бастан кешсек, өткеннің бəріне салауат дерміз.
Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Назарбаев Н. А. Казахстанский путь. Караганда, 2006. 372 с.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. Алма-
ты: «Атамұра», 2010.
3. Əйтиев Ə. Октябрь төңкерісі жəне ұлт мəселесі // Қызыл Қазақстан. 1923,
№ 1; Соныкі. Из истории общественно-политического движения в Ураль-
ской области // Степные зори. Оренбург. 1923. Книга 1.
4. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). Алма-Ата,
«Қазақ университеті», 1993.
5. Козыбаев М. К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Кн. 1,
2. Алматы, 2000.
Нұртаза Абдоллаев
Қ.Жұбанов атындағы, Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д., Ақтөбе қ.