Тарих ғылымында тарихи таным жəне тарихи сана деген ұғым дар бар. Бұл мəселенің маңызы мен мəніне назар аударсақ, тұтастай бір ұлттың сана-сезімін, тарихи жадын қалыптастыратын тəрбие құралы, ол өзінің тарихы екендігі хақ. Сондықтан, ұлтымыздың тарихын ұлықтау, оның сан ғасырлық тағылымына мəн беру, сабақ алу аса қажет мəселе. Тек сонда ғана ұлттық сана нығайып, тарихи таным арта түседі. Нəтижесінде тарихи зердесі күшті халықтың рухы да асқақ болады. Ал, рухы көтерілген ел қазіргі жаһандық жағдайда ұлт болып сақталып, өзінің құндылықтары мен рухани байлығынан сусындап, жас ұрпағына дұрыс тəлім-тəрбие бере алады. Елдің келешегі жастардың алған бағытының дұрыстығына байланысты екендігі белгілі.
Еліміздің дамуы, тарихы мен тағдырына байланысты Қа зақ стан Республикасының Президенті — Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа зақ стан халқына Жолдауында: «Біз ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» [1] — деген болатын.
Əлемде ерте уақыттарда тарихи жад қалай сақталған. Олар жазумен сызу жоқ кезде, аңыздар, ертегілер, ауызша жаттап жеткізетін жолмен ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келген. Ал, жазу пайда бол ған да шежіре, жылнама, библиографиялық сипаттама жəне тағы басқалары арқылы жалғасып отырды. Одан кейінгі уақытта тарихи жад тың сақталуына жəне қалыптасуына əсер еткен өнер, мүсін, архитектура, музыка жəне ең бастысы көркем əдебиет, ұлттық тарихы болады.
Міне, осы аталғандардың ішінде тарихи сананы қалыптастырып, тарихи жадты сақтаушы рөлді тарих ғылымы атқара алады. Сондықтан, тарихшының еңбегіне көркем əдебиетті жазушылар, драматургтар, киномотогрфтар жəне тағы басқалары сүйенеді. Яғни, тарихшы өмірде өткен оқиғалар мен құбылыстарды ой елегінен өткізіп, тарихи деректерді салыстыру, талдау арқылы шындықты бейнелеуге, бағасын беруге тырысатындығымен құнды болады [2].
Өмірде қай халық болса да ұлттық идеясыз, дінсіз жəне салт-дəс түр сіз болашағы бұлдыр болады. Сол себепті, «мəңгүрт» болмаса, əр адам баласы өзіне «Мен кіммін?», «Қайдамын?» жəне «Не үшін өмір сүріп жүрмін?» деген сұрақ тар қоя білуі қажет [3]. Дəл осы жерде ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыратын оның тарихы екендігіне күмəн жоқ.
Ал, осы тарихи таным арқылы ұлттық сананы қалыптастыратын рухани құндылықтардың екі түрі болады. Біріншісі, «мəң гі құн ды лық тар» бұл қазақ халқына тəн сан ғасырлық əр кезеңдерде жазылған ғұлама ғалымдардың шынайы жазған тарихи туындылары. Мысалы, М. Х. Дулатидың «Тарих -и-Рашиди», Қ.Қ. Жалайридің «Жамиғ-ат-тауарих», Ш. Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һəм хандар шежіресі» сияқты аса құнды рухани еңбектерін атауға болады.
Ал, «жалған құндылықтар» деген мəселеге келсек, олар белгілі бір уақыт саяси режимнің ықпалымен күштеу, тықпалау арқылы адам санасын шырмауға тырысып, кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалады. Оған дəлел, кеңестік идеология «Марксизм», «Ленинизм» деген сияқты утопиялық жалған құндылықтарды айтуға болады.
Тарихи танымның əлеуметтік бір функциясы сананы қалыптастыруға бағытталады. Тарихи сана деген не? Бұл тарихи сана əлеуметтік жад сияқты қарастырылады. Осы ұғым көптүрлі қалыптасқан немесе ғылыми формада құрылған өткенді бағамдаушы қоғамдық пікірге негізделеді. Тарихи сана басқа ұғымдардан өзінің уақытты қосымша өлшемдермен қарастыратындығымен өзгешеленеді. Сондай-ақ, тарихи сана қоғамдағы өткен кезеңді əртүрлі қырынан қарасты руы мен-де айрықша сипатқа ие. Сондықтан, əлеуметтік жадсыз тарихи сана қалыптаса алмайды. Ал, білімнің ішінде ерекшесі — кəсіби тарихшы білімі. Осы жерде бір анық мəселе тарихи сананың ерекшелігі өткен уақыт пен қазіргі кезеңдерді сабақтастыра қарастыратындығында. Бұл тарихи уақыт байланысы нені білдіреді жəне ол қоғамға не береді деген сұрақтарының туындауы заңды құбылыс.
Жалпы тарихи сана тарих ғылымындағы бір ғана мəселе емес, əрбір қоғамдағы өмірде аса маңызды болып табылады. Тұрақты тарихи сана қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші саналады [4].
2013 жылдың 5 маусымында Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы (жалпы-ұлттық кеңес) өтті. Осы тарихшылардың алқалы мəжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу жəне жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді [5].
Тарихшылардың алқалы мəжілісінде көтерілген мəселелердің бір қатарына тоқталсақ. Мысалы, ұлттық сананы қалыптастыру жəне нығайту жолдары. Бұл сұрақтың шешімі ұлттық тарихты ұлық тау, зерделеу жəне халыққа дұрыс баяндап түсіндіру арқылы жү зе ге асады. Өйткені, қазіргі жаһандану заманында ұлт болып сақталу үшін тіл, діл жəне дін, сонымен қатар Отандық тарихқа көңіл бөлу қажет. Сонда, халқымыздың ұлттық санасы нығайып, мықты ел ретінде тəуелсіздігі баянды болады.
Ұлттық тарихымызды ұлықтауға байланысты көтерілген мəселелерді кеңінен қамтып айтсақ, ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан əлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға тиіс. Олар ұлттың мəдени кодын: тілін, руханиятын, дəстүрлерін, мəдениетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Әлемдік тарихнамада орын алған таным тəсілдерді сыни тұрғыдан қайта қарау біздің назарымыздан тыс қалып қойды.
Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Планетада мəн-мағына мен құн-дылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу — жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.
Отандық тарихты зерделеуге байланысты тарихшылардың мəжілісте бас қосуы өте орынды игі іс болды. Нəтижесінде «Халық тарих толқынында» деп аталатын Мемлекеттік бағдарлама өмірге келді. Бұл бағдарламаның аясында тарихшылар қазақ халқының сан ғасырлық тарихын тарихи деректер арқылы зерттеуге бағыт алды. Бұл үлкен жақсылық екені рас. Өйткені, ұлттық тарихты зерделеу, оны жүйелеу жəне күрделі мəселелерді қарастырып шешу қажет. Сондықтан, болашақ үшін аса керек жəне орындауды талап ететін ұлттық тарихтың ғылыми-зерттеу жобалары жолға қойылды деп айтуға болады.
Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Н.Ə. Назарбаев. «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 15.12.2012 жыл.
2. Никифров А. Л. Историческая память, история и истина / Способы постижения прошлого: Методология и теория исторической науки / отв. ред. М. А. Кукарцева. М.: «Канон» РООИ «Реабилитация», 2011. 134–135 бб.
3. Алимова Д. А. История как история, история как наука. в 2-х томах. Ташкент: «Узбекистан» 2008. 103-б.
4. Смоленский Н. И. Теория и методология истории: учеб. пособие для студ. выш. учеб.заведений / Н. И. Смоленский. 2-е изд, М.: Издателский центр «Академия», 2008. 39–40 бб.
5. М.М. Тəжин. «Тарих толқынындағы халық" // Егемен Қазақстан, 06.06. 2013 жыл.
Қанат Еңсенов
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының төрағасы, т.ғ.к., Астана қ.