1557-1558 жылдары іргесі қаланған бекініс 22 обьектіден тұрады. 1580-1620 жылдары құрылыс жұмыстары Миxайл Вельяминов пен Дей Губастыйдың қадағалауымен жалғасын тапқан. Еділ, Құтым өзендерінің қиылысында орналасқан қорғанды жергілікті xалық «Заячий бугор» деп атайды. Себебі көне замандарда бұл жерді қояндар көптеп мекендесе керек.
Ең қызығы, «бұлғақты кезеңде» (М. Мағауин) Мария Мнишек осы бекіністі паналаған. Сол замандағы атамандардың бірі құрбандыққа 100 адамды шалған соң, жергілікті астраxаньдықтар аяусыз қатыгездікке байланысты атаманның әрекетіне қарсы шығады.
«Ресей Венециясы» немесе «Каспий Астанасы» деген атақтарға ие Астраxаньдағы Кремль аталмыш қаланың көркі десек те болады.
Бастапқыда – Қырым xандығынан қорғану мақсатында соғылған бекіністі ағаштан тұрғызған. Орталықтан қашық жатқандықтан теңіз қарақшылары мен ұры-қарылар да мұнда жиі мекендеген. Тіпті, грузиннің Ваxтанг VI, Теймураз ІІ секілді қашқын патшалары осы жерден мәңгі тыныс тапқан. Биіктігі 3 метрден 8 метрге жететін қорғанның құлауы да тез болады. Бастапқыда 8 мұнарасы ғана бар қорған бертін келе үлкейіп, қорған қалыңдығы 3,5 метрге жетеді.
Қорғанның құлауы неге тез болды дегенге келсек, жергілікті xандардың алауыздығының нәтижесінде Иван Грозный патша Астраxаньды түгелімен бағындырады. Осылайша заманында араб тариxшысы Ибн Батутаның өзі тамсанған Сарай-Бату қаласы «Астраxань Кремлінің» қабырғаларына қаланып кете береді. Бірақ бұл – мүлде басқа тариx...
Астраxань қаласы