Бүгін ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына тарту ретінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Астана Суретшілер одағының, "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Жоғарғы санатты реставраторы Кениева Мәраш Ғабілмәжитқызының «Өмірім – менің өнерім» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Мәраш Ғабілмәжитқызы – Қазақстаннан шыққан тұңғыш әйел ағаш ұстасы. Он саусағынан өнер тамған шебер-реставратор, қолөнерші, өз ісінің майталманы. Атқарып жатқан жұмыстары музей ісі саласында ерекше орынға ие. Бүгінде қалпына келтірген аса құнды заттарының саны 200-ден асады. Олардың ішінде Арыстан баб кесенесіндегі XV ғасырдан қалған діңгек, 300 жылдық тарихы бар Жəнібек батырдың қымыз ішкен саптыаяғы, суретші Николай Хлудовтың орындығы, Әлібек Жангелдинге сыйланған сыртқы қабы бар домбыра, Ш. Уәлихановтың інісі Мақы Уəлихановтың жасаған қымыз ожауы, Ділдəнің домбырасы, қазақтың тұңғыш инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың жазу үстелі сияқты бірталай заттар бар.
Бүгінгі өткен тағылымды көрмеде астаналықтардың назарына халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы мол мағлұмат беретін қазақтың ұлттық аспаптары мен бұйымдары ұсынылды. Көрмедегі туындылары бейнелілігі мен көркемдігі жағынан бір-бірінен кем түспеді және мазмұнды шараға жиналған.