форумы Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе өткізілді.
Форумның ашылу салтанатында Астана қаласы студенттерінің қолынан шыққан бүрмелі көйлек, сыртынан бешпент, сәукеле сияқты қазақтың ұлттық киімдерінен колледж студенттері сән көрсетті.
Форумның алғашқы сөзін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов алғашқы сөзін жастарға үндеумен бастады.
«Құрметті форумға қатысушылар! Жастар жылына арналған Астана жастары – Қазақстанның индустриалдық стратегиялық дамуында» атты қалалық форумға Елбасы Кітапханасына қош келдіңіздер! Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы баршаға аян. Бүгінгі іс-шарамызға 35 колледж студенті қатысып отыр. Және осы форумды өздерің сияқты 20 мыңға жуық студент көріп отыр. Біз, Елбасы кітапханасы Қазақстанның түкпір-түкпірінде өздеріңіз сияқты студенттермен көптеген жұмыстар атқарып келеміз. Осыдан 15-20 жыл бұрын мен сіз сияқты студенттердің бүгінгідей қазақтың ұлттық нақышындағы киімдерін өз қолдарымен тігеді деп еш ойламаппын. Бұл университеттеріміздің білім беру сапасы жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжанов.
Форум барысында елорда колледждерінің оқушылары еліміздің индустриалдық даму стратегиясын жүзеге асыруда жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған жобаларды таныстырады.
Таныстырылған жобалардың ішінде Политехникалық колледжің 4-курс студент Әли Сапарбеков ұсынған BookCrossing жұысы бар. Студент өз жобасы арқылы қазақстандық жастар арасында кітапты сапалы оқуды насихаттағысы келетінін жеткізді.
«2017 жылы Политехникалық колледжде алғашқы шарамды өткіздім. Оған 450-ден астам студент қатысып, 500 данадан астам кітап алмасу жүзеге асырылды. Яғни, BookCrossing жобасының мақсаты –студенттер арасында кітапқа қайта қызығушылықты арттыру. Кітапқа деген жауапкершілікті нығайту да аса маңызды рөл атқарады. Бұл шара жастар арасында сұранысқа ие екеніне шара кезінде көзім жетті. Бұл жерде кітап оқушылардың санын арттыру мақсат емес, алдымен оқылған кітап кәдеге жарауы керек. Кітаптың пайдалы болғаны тиімді. Кітаптарға шектеу қоймаймыз. Қалаған кітаппен алмасуға болады», –деді Ә. Сапарбек.
Тағы бір қызығарлықтай жоба: мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жол қозғалысынан жолақ бөлу жобасын АСУ гуманитарлық техникалық колледжінің 2 курс студенті Сымбат Жарылқасын қорғады.
«Менің ойымша, жолдардың көп бөлігі қолайсыз. Оны жүзеге асыру үшін шаралар өткізуді дұрыс деп отырмыз. Қазір ол бойынша ғылыми жетекшіммен жұмыс жасап жатырмын. Жобамда бір көшені автоматты түрде орналастыру кестесін көрсеттім. Әзірге жобаның сомасы есептелмеген. Электронды түрде жолдар салу және оны дамыту. Жол қозғалысы бойынша мамандар дайындалады. Сол бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға жол қозғалысында ыңғайлы жолдар салу жобасын ұсынамыз. Мәселен, аялдамада қалай тұру, қосымша жолдар салуды қарастырған жөн деп санаймыз. Жолдың арғы бетіне өту барысында кедергілер туындайды», – дейді С. Жарылқасын.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Астана қаласы Білім басқармасының директоры Әнуар Жанғозин, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы, колледж директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, колледждердің жастар ісі бойынша комитеттерінің, сондай-ақ Астана қаласы жастар ұйымдарының өкілдері және Елбасы кітапханасының еріктілері және БАҚ өкілдері қатысты.