Екінші Дүниежүзілік соғыс ел тарихында өшпес із қалдырған. Халқына жеңіс сыйлаған батырлардың есімдері мен ерлік істерін ұрпақ жадында мәңгі сақтау міндетті.
Қоладан жасалған ескерткіш бейнелері біздің замандастарымыздың дүрбелең соғыс жылдары майданға аттанған балаларын, әкелерін, жұбайларын есіне салады. Жеңіс көшесінің бойында орналасқан. Ескерткіш өте қарапайым жасалғанымен, мағынасы өте тереңде жатыр. Адамдардың санасында қайғы-қасірет сезімдерін оятатын, ертеңіне деген сенім ұялататын, әскер қатарына өз еріктерімен аттанған, соғыстан қайтып оралмаған жас жауынгерлердің бейнесін сипаттайтындай нышанда жасалған. Нақтырақ айтсақ, Екінші Дүниежүзілік соғысы жылдары Ақмолада 310, 378 және 29-атқыштар дивизиялары қалыптасқан болатын. Сол дивизия құрамында болған жауынгерлердің рухына бағышталып тұрғызылған. 1995 жылы 9 мамыр айында Ұлы Жеңістің 50 жылдығының құрметіне ашылған. Ескерткіш авторлары: елордалық мүсінші Валерий Пирожков және сәулетші В. Тоскин.
Валерий Пирожков – Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше ескерткіштің авторы. Оның жұмыстарының арасында Ашаршылық жылдарына арналған ескерткіш және француздардың еркіндік символына айналған Шарль де Голльге арналғандары бар. Ал В. Тоскин болса Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс жоспарын жасағандардың бірі.
310 және 387-атқыштар дивизияларының соғыс қимылдары туралы тарихи деректер. 310-атқыштар дивизиясы 1941 жылдың шілде айында құрылған болатын. Ақмола облысында құрылған бұл дивизия құрамын ақмолалықтар, қарағандылықтар, көкшетаулықтар, солтүстік қазақстандықтар және қостанайлықтардың есебінен толтықтырылған. Құрамды жабдықтау 1941 жылдың 30 шілдесіне сәйкес келіп, соңынан үздіксіз оқу-жаттығулар өткізілді. Әскери машықтандыру сол жылдың тамызына дейін созылды, қажетті дайындықтан өтіп, әскери борышты меңгерген жауынгерлер тамыз айының 18-19 күндері алапат соғыс майданына аттандырылды. Бұл дивизия майдандағы алғашқы шебін солтүстік-батыс фронтта бой көрсетті. Дивизия құрамы сан алуан болды, нақтырақ айтсақ, қырық пайызы қазақ, отызға жуығы орыс, жиырма беске шамалас украин болса, қалған бес пайызын өзге ұлт өкілдері құрады. Дегенмен, дивизияның құрамына келгенде, Т. Әшімбаевтың редакциясымен «Отанды қорғауда» атты майдан газеттерінің біреуінде (Ленинград үшін шайқастан кейін осы дивизиямен бірге соғысқан болатын) құрама сапында 80 пайыз қазақ болған деп еске алады.
Армия құрамында 1941 жылдың жиырма жетісінен бастап, 1944 жылдың сегізінші маусымына дейін, 1944 жылдың 16 маусымынан бастап, сол жылдың 15 қарашасына дейін, 1945 жылдың 28 қаңтарынан бастап, сол жылдың 9 мамырына дейінгі уақытта өз қызметін бұлжытпай орындап шығады.
Дивизия 1941 жылдың 8 тамызынан бастап соғыс алаңында бірнеше тактикалық жетістіктерге жетті. Қолбасшының бастамасымен, үздік ұйымдастырушылықтың арқасында Синиявинск операциясында белсенділік танытып, жау шебін бұзып, Ленинградқа басып кірді. Шығыстан басып кірген дивизия жауынгерлері стратегиялық мақсатта 28 тамыз күні эстониялық ауыл Тортоловоға дейінгі жерді өзінің бақылауында ұстады. Әрине шығынсыз соғыс болмасы анық, дейтұрғанмен қалың жауды он-он бес шақырымға дейін шегіндіру – ерліктің ерлігі. Бұл операция қазан айына дейін үздіксіз жалғасын тауып, ақыр соңында ерен ерлік көрсеткен дивизия жауынгерлері басым түсті.
Бірақ соғыстағы басымдық әр кезде екі жақ тараптың бағытына шешіліп отырды. Есін жиып қайтадан қалың қолмен шабуыл жасаған жау шебі дивизияның қорғаныста ғана қалуына мәжбүр етті. Қарашаның 28-і дивизияның кейбір бөлімшедері қоршауда қалса, кейбірі саптан шығып қалды, оққа ұшты.
Басқа бөлігі сапта қалған жауынгерлерімен Городище ауданында, Пчёва және Витки ауылдарында соғысты аяусыз жалғастырды. Бір аптаға созылған талас-тартыста дивизияға тылдан көмек келмегенде позициядан айырылып қалуы әбден мүмкін еді. Сводный отряд жауынгерлерінен 1084-тқыштар полкі түгелі дерлік осы шайқаста қаза тапты. Осы полктан 125 адам ғана аман есен қалды. Осы сәтте Городище аумағында аяусыз соғыс жауынгерлердің келесі өмірге өтетін табалдырығы іспетті болып тұрды. Қатты соққыға ұшыраған, жауынгерлерінінің көп бөлігінен айырылған дивизия құрамы бір полкке жиналды. Шебі қысқарған полк Волхованың сол жағалауына бет алып, Волхово қаласына жол ашты. Бір күн ішінде полк тоқтамай жиырма шақырымды жүріп өтіп, тылдағы Вындина аралына жетті. Өзеннің оң жағалауына өткен полк Карпина–Безова–Теребанижье тізбегі бойынша қоршауды ұстады.
310-атқыштар дивизиясының ардагері Баймұқан Алтынбековтың Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағатында арнайы қалдырған естеліктерінде дивизия сарбаздарының кейбір ерліктері тамаша бейнеленіп кеткен болатын. 310-атқыштар дивизиясы Волхово деп аталатын майданға жетпей тұрып, неміс әскеріне жолығып бірінші шайқасын өткізді. Ленинградқа жақын орналасқан бұл шайқас Ленинград майданында жалғасын тапты. Алғашқы қақтығыс кезінде жаңбыр мен арпалысқан жауынгерлер 400-ге жуық шақырымды жүріп өтті. Қыркүйек айының 7-8 күндері дивизияның бір бөлігі темір жолы арқылы Вайбакало, Живарева, Новый Быт станцияларына шабуыл ұйымдастырып жатқан немістерге қарсы тұрды. Оларға тойтарыс беріп, кейін шегінуге мәжбүр етті. Қыркүйектің 9-ы күні Апраксин, Тортолова, Гонтова қалаларын азат етіп, 1080-батальон көмегімен неміс әскерін кейін шегіндірді. Бұл уақытта ескі дивизиядан 250 адам ғана қалған болатын. Оған соғысқа жарамды 860-артиллериялық полк қосылды. Дивизия құрамы біршама азайғандықтан, Ленинградтан келген атқыштар полкы сапты толықтырды. Бұның өзі бір аптадай уақытқа созылды.
1941 жылдың қараша айының сегізінде Волхово қорғаныс шебінде соғысқа майданынан енген дивизия, Усадище және Леоновщин елді мекендерін азат етуге, қорғауға бар күшін салды. Соғыс майданы бірте-бірте Куколь жеріне ығысты. Төрт күн өткен соң зор ықпалға ие болған дивизия шебі Зеленец елді мекеніне де көмекке келді. Волховода соғыс ошағы бәсеңдей түсті. Қараша айының он алтыншы жұлдызына таяу дивизия бүкіл Волхово қаласының және оның жанындағы елді мекендегі жерлерді өз бақылауында ұстады.
Дивизия қарамағына көшкен елді мекендерде соғыс күйі бірте-бірте қорғаныстан шабуылға ауыса бастады. Аяусыз қан төгістен өткен дивизия Куколь разъездіне шабуыл жасап басып кірді. Жау бетін қайтарған жауынгердер разъезд маңындағы ауылдарды да азат етті, атап өтсек бұл елді мекендер қатарында Елошня, Бар және Сорокина, кейін жау соңынан қуып отырып, желтоқсан айының 21-і күні дивизия Лынка елді мекенінде орналасқан төртінші армия сапына келіп қосылды.
Гайтолова және Липка қалаларын алысымен дивизияға жаудың бетін қайтару бұйырылды. Содан кейін жоғарыда аталған қалаларға дивизия мен неміс әскері арасындағы тартыс өрши түсті. Шайқас қатты тартысты болғанымен жеңіс дивизия жағында болды. Алғашқы қақтығыс үш күнге созылып, дивизия он шақырымды артта қалдырды. Соғыс кезінде көпетген жауынгерлер ерлік көрсете білді. Өр кеудесін оққа тосқан офицерлер өздерінің жауынгерлерін батыл түрде алға бастады. Бұрықты бұлжытпай тапжылмай отырған жауынгерлер ұйымдасқан түрде жеңіске жетіп отырды. Офицерлердің жоспары көңілден шықты. Ұтымды тактикалар ойластырылып, жаудың шебін бұзып оларды әрі қарай ығыстыра берді. Жауынгерлердің көзінде отанға деген ыстық ықыластары мен махаббаты айқын көрініп тұрды. Мәселен, лейтенант Сычев бастаған топ неміс әскері жаудырып тұған оққа қарамастан жау тарапынан бұзылған көрірлерді қайта қалпына келтіріп, дивизия әскерлерінің әрі қарай қадам басуына оңтайлы жағдай жасап отырды. Жау әскері мүмкіндік бермеуше тырыстып-ақ бақты.
Дегенмен отан үшін жігерін салған қайтпас қайсар жігіттерді тоқтату мүмкін емес еді. Көпірлерді қайта қалпына келтіруде, жолдарды ашіп отыруда ерекше көзге түскен Гребцев, Волошин атты кіші лейтенанттар, ал Горбунов пен Лукьянов сияқты қарапайым жауынгерлер болатын. Олардың ерлігі мен еңбегі орасан зор еді.
Бірінші болып қадам басушылардың бірі 1080-атқыштар полкі командирі капитан Житлев болатын. Ол өз полкін бастап алдыңғы сапта жүретін. Дивизия әскерінен қашқан немістерден минаметтер, автомат және байланыс құралдары қалып отырды. Олар өздерінің керек жарақтарын тастап алты шақырымға дейін шегінген болатын. Немістің екі бірдей батальонын талқандап, оннан астам танктерін жойып, қару-жарақ тасушы үш бірдей автомобильді қолға түсірген полк командирі майор Юртов бастаған топ ерекше құрметке ие болды. Олардың қолға түсірген олжалары соғыс алаңында таптырмас тіпті баға жетпес байлық болатын.
Ақмолалық, бұрынғы шаруа, трактор машинисі Петрухин сөзсіз ерлік көрсетті. Оның экипажындағы жауынгер бауырлары неміс шабуылы кезінде түгелімен қаза тапқан болатын. Ол жалғыз өзі жау танкісін иемденіп, өзінің бауырлары үшін кегін алды. Осылайша ол өзінің өмірін майдандас достары үшін құрбан ете отырып, жаудың әскеріне айтарлықтай шығын алып келді. Ол танкінің шынжыр табандарын пайдалана отырып, жаудың әскерлері мен техникаларын таптап, фашистердің зеңбіректері мен минаметтерін жарамсыз еткен. Жау тылына танкпен басып кірген бұрынғы тракторшы өзінің елі үшін де, саптағы бауырлары үшін де осындай ерен батылдық арқылы пайдасын тигізген. Петрухин нөмірі 65-экипажының жауынгері еді.
1941 жылы қыркүйек айының 23-і дивизияға Гайтолова ауылын жаудан азат ету жайында жаңа бұйрық келген болатын. Дивизия танк және ұшақтардың көмегімен берілген бұйрықты уақытында орындап шықты. Ауыл жау қолынан толықтай азат етіліп, Кеңестер билігіне көшті. Гайтолова ауылы үшін шайқас қыркүйек айының 24-і күні болды. Бұл жолы дивизияны армия штабынан генерал лейтенант Антанюктің өзі бастап барған болатын. Тұтқиылдан соққы берген дивизияның серпініне төтеп бере алмаған неміс әскерлері техникаларын және қару жарағын тастап қашудан басқа амалдары қалмаған еді. Осы шайқастағы дивизияның олжасы 4 танк, 7 зеңбірек, 7 минамет, 20 пулемет, 3 көлік, көптеген винтовкалар еді, сонымен қатар 150 солдат пен офицерлер тұтқындалды. Батарея командирі Рудой, жауынгерлерден Полковнико, Федоров, Әбу Ақжан, Серкебай Күзет, Жамағалы Батай, Байко, Қасен Қойшымбай Гайтолова елді мекені үшін шайқаста ерекше көзге түскен болатын.
1941 жылдың 24 қыркүйегінде Правда газетінде Совет Информ Бюроның хабары жарияланған болатын. Бұл деректерге сәйкес командир Замировский өзінің жауынгерлерімен Ленинград түбінде дұшпанға қарсы шабуыл ұйымдастырып жатқан болатын және олар жауды кейін шегіндіріп, олардың қару-жарақтарымен техникаларын иемденгені айтылады.
Дивизияның кезекті жеңісінен кейін көп күттірмей, жаңа бұйрық қыркүйектің 26-сы күні келді. Ол бұйрық бойынша дивизия Волховқа шабуыл жасап жатқан неміс әскерлерін талқандау керек болатын. 45 күнндік ұрыстан соң өз майданында жеңіске жеткен дивизия келесі майданға ауыстырылған болатын. Дивизияға майданның ең салмақты тұсы түскен болатын. Өйткені олар Волхов ГЭС-ін қорғау керек болатын. Стратегиялық маңызы бар бұл объектіні командование кез келген дивизияға сеніп тапсырмауы анық. Маңызды объектіні қорғаудың өзі – қиынның қиыны. Жаудың ең ұтқыр тобы осы жаққа қарай бет алуы әбден мүмкін. Волхов қаласын жаудың қолына беру дегеніміз – Ленинградты электр тогынан айыру деген сөз. Сол арқылы Ленинградтың жансыздануы, ал ол Ленинград бекінісінің уақытынан бұрын жау қолына өтуі деген сөз. Осыны білген дивизия жауынгерлері соңғы оғы мен қасық қаны қалғанша табан тіреп бекіністі жау қолына бермеуе тырысып бақты.
Көп күттірмей айтқандай-ақ неміс бомбардировкасы 28 қазан күні қаланың шығыс бөлігін бомбалап бастады. Бір жағынан танк, бір жағынан артилерия оқ жаудыра бастады. Бұл шайқас жайында 310-атқыштар дивизиясының жауынгері Б. Алтынбек былай деп баяндайды: «Мыңдаған адам, көпетеген танк бізге қарай тебелеп келе жатты. Бомбаның жарылуынан, снаряд оғының ізінен шаң көтерілсе, винтовка, автоматтардан шыққан түтін күллі төңіректі жауып кетті. Соның әсерінен арғы жақ бізді, біз оларды дұрыстап көре алмадық. Сонда да оқ жаудыру бір сәтке де сейілмеді. Дүние астаң-кестең бола қалды. Оқтары біткен жауынгерлер қолма-қол шайқасқа шықты. Қақтығыс таң ата басталып, ымырт түскенше жалғасты. Екі жақтың шығыны таудай болды. Дей тұрғанмен, қанша қиындыққа қарамастан дивизия жауды тоқтата алды. Бірақ майданның келесі жағында 1084-полк жау қоршауында қалып қойған еді. Дивизия жауынгерлер дұшпанның бетін қайтарып, 1084-полкті азат ету үшін соғысқа қайта кіріскен болатын. Таңғы сағат алтыға дейін ұрыс жүргізе отырып, дивизия Пчево селосындағы полкті аман есен қоршаудан алып шықты. Ол күнгі соғыс еш естен кетпесе керек.
Полк командирі Юртов лейтенант Халюзвтің орнына жауынгерлерді ұрыс алаңына бастап шықты. Полк командирі екенін байқаған қарсыластар іле шала шала взводқа қалың қолмен соққы беруге талпынды. Қыр соңынан қалмай отырып, полк командирін атып өлтірді. Полктің комисары Сергей Зеленский Сарфонов батальонын шабуыл жасау үшін қайта қайта көтерумен болды. Ақыр соңында Зеленский қатты жараланды. Жауынгерлер жаңын маңдағы бекініске апарып жарасын таңды. Бірақ соңынан қуып жеткен жау әскері қоршауға алды. Соңына дейін шайқасқан комиссар жау қолынан қаза тапты.
Капитан Садық Жұмабай осы соғыста мерт болған еді. Ол полк штабының бастығы еді. Бір топ әскерін тасаға жасырып, айла танытқан капитан қарсыласты көп шығынға ұшыратты. Тасада жатқан әскерлер пулеметтен қапталдай оқ жаудырып, неміс әскерінің көп бөлігін қырып жойған болатын. Оларды тоқтату мүмкін еместігін сезген фашистер де айлаға көше бастады. Капитан бастаған топтың оқтары біткенде барып қана оларды жеңе алды. Қатты жараланған капитан тірідей қолға түспес үшін өзін-өзі өлтірді деген мәліметтер жетті бізге.
Капитаннан айырылған бір топ жауынгерлер шегінуге мәжбүр болды. Олардың бір тобы колхоз аралап пана іздеуге көшті. Бірақ олар паналаған үйлерге фашистер кіре алмай тек сыртынан өртеп жіберу ғана қолдарынан келді. Жауынгерлер жау қолына түспей сол паналарында өрте оранып қаза тапты.
310-атқыштар дивизиясының майдангерлерінің көрсеткен ерліктерін көптеп келтіруге болады. Олардың бірегейі қан майданда ерлік көрсеткен барлаушы қызметін атқарған Сәмет Қармеддин еді. Соғысқа дейін ол коммунистік партия мүшесі және ауылда ұстаздық қызмет еткен болатын. Ол жаудың тылына барып, дивизияны маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды. Олардың жағдайларын баяндай отырып, қандай тактикаға дайындалып жатқандығын, барлық-барлық әрекеттерін басшылыққа жеткізіп отырды. Қазан айынының басында ол серіктестерімен бірге жау тылына аттанған болатын. Оның серіктестері Нұғыман, Еременко, Иванов, Дунаевский, Богдан, Кравцовтар болды.
Олар астыртын жаудың тылына өтіп, қимыл әрекеттерін бақылаумен айналысты. Олар жаудың маңызды стратегиялық ошақтарын анықтап жоспарларын орталыққа жеткізді. Кейіннен олар тиімді жағдайда әрекетке көше бастады. Шоғырланған әскерлерге граната лақтырып жайратып кетіп, кейіннен олардың қаруларын ұрлап әкетіп отырды. Содан кейін өз істерін жақсы меңгерген жігіттер солдаттарды, офицерлерді ұрлап әкетіп жүрді. Оларды орталыққа әкеліп, сұрақ астына алып кейбір мүмкін болған ақпаратты олардың тілінен ала білді. Осылайша олар отан алдындағы борыштарын атқарды. Кейбірі сол тылда жүріп мерт болды. Солардың бірі – жауынгер Сәмет еді.
Дивизия жауынгерлері жоғарғы басқолбасшының командаларын мүлткісіз орындап отырды. Жау қолынан Ленин атындағы ГЭС-ті, Волхов қаласын аман есен алып қалды. Осының өзі Совет Одағына үлкен жеңісті алып келгені айқын. Өйткені бұл аталған объектілер маңызды еді. Оларды басып алу арқылы жау біршама жеңілдікпен мүмкіндік ие болар еді. Дивизия табан тіреп бұған жол бермей, тосқауыл бола білді.
Дивизия желтоқсанның 22-сінен бастап Волхов майданындағы төртінші әскер армиясы қатарынан табылды. Сөйтіп Привалов жоспарлаған операциясының арнайы тобына кірді. Желтоқсан айынының 26-сы күні Рысино ауылын басып алып, арғы жағындағы қалың орман арқылы жиырма бес шақырым жерде орналасқан Чиркого Леготовко және Мыслово елді мекендерін жаудан қорғады. 1942 жылы қаңтар айының бірінде дивизия Волхов өзенін жағалай шығысқа беттеді. Ол жерде олар генерал лейтенант Яковлев гарнизонына қосылды. Олардың жасақтары Тигода пристанында орналасқан болатын. Дивизия қаңтарайында 65-атқыштар дивизиясымен және 4-гвардиялық атқыштар дивизиясымен бірігіп, сәтсіздікке ұшыраған болатын. Олардың күш біріктіріп соғысқанымен қарсыластың күші де, саны да әлде қайда артық болатын. Соған қарамастан шабуылдар ұйымдастырып, табан тіреп жауынгерлер соғыса білді.
Сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан дивизия аянбай соғысты. Шабуылға шығып, қажет кезінде таслап, қорғаныста да болды. Осы жағдайға қарамастан билік тарапынан жауды тұтқынға алу жөнінде бұйрық келді. Дивизия жауынгерлері бұйрықты орындау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді жасап көрді. Ақыр соңындағы шешім былай болды. Араларындағы шаңғыны жақсы тебушіні таңдап алып, оны жау тылына аттанырды. Ол жау тылына барып, соққы жасап, артқа қашты. Артынан қуған неміс әскерлерін дивизия тылында арнайы дайындықпен күтіп отырған жасақ бар еді. Осы әдістері іске асып, жаудың 200-ге таяу әскері мен офицерлерін өлтірді. Сәуірдің 30-ы күні дивизия өзін екіге бөлуді жөн санады. Бір полк Кириш, Добровольный және Новинка ауылдарына шабуыл ұйымдастырса, енді бірі неміс әскерлері қыспағында қалып гарнизонға шегінуге мәжбүр болды. Алғашқы топ өзінің шабулымен жауды кейін шегіндірді. Гарнизонға оралған 1080-полк орныққан жерлерін тас қамалдай тұрып, жауды сол арадан әрі өткізбеді.
Мамырдың 29-ы барлаушылардан жаудың Зеленцы ауданында жасақтарын орналастырып жатыр деген ақпарат жеткен соң, дивизия өз дайындығын бастап кетті. Сол күні көп күттірмей жау жағы шабуылды бастап кетті. Таңғы 9-дарда бомбалаған ұшақтар, оқ жаудырған арттилерия мен автоматтар және пулеметтер дауысы бір сілкіндірді. Бұл кезде дивизияда бар жоғы 6 танк қана бар болатын. Сол күннен маусымның сегізіне дейін немістер тарапынан дивизияға 14 шабуыл ұйымдастырды. Жағдайдың шиеленісіне қарамастан дивизия барлық шабуылға сәтті түрде төтеп берген болатын. Осы уақыт аралығында қарсыластың екі бірдей танкі істен шығып, бір полк жаяу әскері опат болды және көптеген қару жарақтар дивизия қолына өткен болатын. Осы ерлігіне сай 116 майдангер батыр атағына ие болып ордендермен, медальдармен марапатталған болатын. 1943 жылы неміс әскерлері жойқын күшпен басып кіріп, Добровольный ауылын өздеріне қаратты. Ал дивизия кейін шегініп, Рочаги, Опалево және Новая Деревня елді мекендерін пана етті. Олар сол жерде қарсыласты күтіп, қорғаныс пен шабуылға дайындалды. Содан соң 4-армия бас қол басшысынан неміс әскерлеріне қарсы шабуыл ұйымдастырып, оларды ол жерден қуып шығу жайында бұйрық келді. Дивизия әскерлерін тік тұрғызып, Губарева, Пташкино және Маркова аудандарын өздеріне қаратып, жау әскерін 120 шақырымға дейін кейін шегіндірді.
Дивизия Новгоpод-Лeнингpад қалалаpын азат ету үшін ең әуелі Новгоpод қаласының шығыc бөлігін, яғни Хутынь-Новгоpод аумағын азат алу міндeті тұpды. Аталмыш аумақты азат еткенде дұшпан әскерін шеттетіп, дивизияға жаңа қарқынды шабуылдаp жасауға жол ашатын еді. 52 майдангер батальоны аpтиллepиясы көмeгімeн Волховeц аумағын таңғы сағат 7-лер шамасында шабуылдайды, қарсыластарға тылдарыннан тағы да көмeк қолы жетіп кeлгeндіктeн әpбіp шақыpым үшін ұрыс жүргізуге туpа кeлді.
Қанды шайқаста дивизия біpталай шақырымға шeгінуге мәжбүр болды, дегенмен 1082-полк аpнайы жаңа құраммен батальон жасақтап, Волховeцтің батыc өңіріне оpналыcқан болатын. Бұл батальон ұрыс әрекеттері баpыcында тpаншeялар қазып, баpлық әcкepи құрамға біpталай ауыртпашылықтан құтылуға мүмкіндік жаcады. Науpыз айының 29-ы күнінен баcтап дивизия Плашкиноны азат етуге кіpіcіп кетті. Новгоpод қаласын азат ету опepацияcы үшін біршама майдангерлермен мeн қолбасшылар оpдeндаp мeн марапаттауларға иe болды, дұшпан сапында 2113 адам опат тапқанын айтып кету маңызды.
1943 жылы мамыp айының онынан баcтап дивизия 59-әcкepи құpама сапына енеді. 59-нөмірлі әcкepи жасақтың баc қолбаcшыcының бұйpығымeн дивизия Нeкpаcов, Вишep елді мекендері арқылы Жихаpeво, Алeкcандpовка, Поляна, Камeнка аудандарында 8-ші әcкep армиясы қатаpына қоcылады. Әрі қаpай дивизия 59-әcкepи армия сапында Новгоpод қаласында ұрыс әрекеттерімен, ондағы ерліктерімен көзгe түcеді. 1944 жылы дивизия құpамындағы 1080-атқыштаp полкі Новгоpод қалаcынын cолтүcтігіне таман үш-төрт ай бойы үдемесіз жойқын шабуылдаp жасады. Дивизияның алдына қойылған мақсат – ол Пcковь елді мекеніне таман ойысу болатын. Дивизия өзінің алдына қойылған міндeттeмелерді абыроймен оpындап шыққаны үшін Новгоpодтық дивизия мәртебесін алды. Ұрыстың аяқ жағында аталмыш дивизия Шығыc Помepания, Штeттинcк-Pоcтокc опepациясына белсенді түрде қатысты. Жоғары аталған опepациялаp орындалуы баpыcында Гдын, Кезлин, Шлохоу, Бублиц, Волин, Cвинбeмюндe қалалаpын азат етуге зор көмегін тигізген болатын.
19 қаңтарда дивизия бөлімдері Татино станциясы жанындағы Ленинград – Новгород темір жолы желісін кесіп тастады. 20 қаңтарда Новгород Кеңес әскері қолына қарады. Дәл осы күні қаланы азат етуге ат салысқан 310-атқыштар дивизиясыны Новгородтық деген мәртебелі атау берілді. Операция 14 қаңтарда 54-армияның шабуылға шығуымен басталды. Үш күнге ұласқан ұрыста Кеңес әскері дұшпанның Новгородтың солтүстігімен оңтүстігінде орналасқан бекінісін бұзды. Негізгі соққыны бағыттау үшін әскери басшылық майданның ұзындығын жиырма шақырымға және тереңдігін сегіз шақырымға созды. 59-армияның құрамындағы 310-атқыштар дивизиясы Волхов майданында Мясной Бор ауылына бекінген дұшпанның бекінісін талқандап, Люцы, Копцы және Прутик ауылдарындағы бекініс пунктеріне тұрақтады. Дивизия қарамағына көшкен елді мекендерде соғыс күйі бірте-бірте қорғаныстан шабуылға ауыса бастады. Аяусыз қан төгістен өткен дивизя Куколь разъездіне шабуыл жасап басып кірді. Жау бетін қайтарған жауынгердер разъезд маңындағы ауылдарды да азат етті, атап өтсек бұл елді мекендер қатарында Елошня, Бар және Сорокина, кейін жау соңынан қуып отырып, желтоқсан айының жиырма бірі күні дивизия Лынка ауданында орналасқан төртінші армия сапына келіп қосылды. Новгород үшін шайқаста 59-армия дұшпанның 28-жаяу әскерін, 1-әуе күштерін, 29 және 290-ыншы және 121-жаяу әскер дивизияларын «Лорд» атты әскери полкін және өзгеде бірнеше маңызды бөлімдерін күл талқан етті. Жаудың он жеті мың жауынгерімен офицерлері оққа ұшты. 182 зеңбірек, 20 минамет, 635 пулемет, 263 автокөлік және басқа да әскери маңызды техника совет сарбаздарының қолына өтті. 1944 жылғы ақпан айының басында 310-дивизия Батецко станциясын солтүстік және батыстан айналып өтіп, Ленинград және Лигқа бағыт салатын темір жолын кесіп тастады. Шабуылды үдете түскен дивизия бірінші наурызда Волга өзенінің жағасына және Псковтың шығысында орналасқан Абросово ауылының аумағына дейін жетті. Дәл осы жерде қорғанысқа көшкен дивизия маусым айына дейін аталған аймақта тұрақтап қалып үшінші Балтық майданынынң құрамындағы ұрыстарға дайындала бастады. Новгород Лужск операциясының нәтижесінде Кеңес әскерлері Ленинград және Новгород стратегиялық шабуылының сәтті аяталуына жол ашқан маңызды жеңіске жетті.
Он бесінші ақпанда Волхов және Лениград майданының жауынгерлері жауды 50-120 шақырымға дейін кейін шегіндіріп, Чуд көлінің оңтүстік жағалуына жетті. Новгород пен Лугтан тыс 779 қала және елді мекен азат етілді. Стратегиялық маңызға ие Киров және Октябрь темір жолын қайта бақылауға алудың маңызы зор болды. Кейіннен Ленинградта Рыбинскке, Мәскеуге, Новгородқа, Батецкіге және Остлогқа бағытталатын жеті темір жолы желісі қайта қалпына келтірілді.
310-атқыштар дивизиясы Померанияның Шығыс өңіріндегі Балтық теңізі жағасында жаудың бетін тойтарып, ерен ерлік көрсеткен болатын. Атап айтатын болсақ: Новгород, Глыня, Кезлин, Шлохоу, Бублиц секілді стратегиялық маңызы зор бірнеше ірі қалаларды азат етіп, жау құрсаунынан азат етіп, өзінің бақылауында ұстады.1943 жылы қыркүйегінде Ленинград және Волхов майданының әскери кеңесі жоғары әскери басшылыққа ауқымды шабуыл жоспарын таныстырды. Мұндағы мақсат 18-неміс әскери армиясын талқандау және Ленинград өлкесін жау қоршауынан құтқару болатын. Операция бірінші кезекте қос қапталдай шабуылдай отырып, 18-неміс армиясының Петергов Стрельнин және Новгород топтарын талқандауға негізделді. Артынша жауынгерлер кеңесіп және Луж бағытын бетке алып жаудың негізгі күшін қоршауға алудың жоспарын жасады. Кейіннен сарбаздарға Нарва, Псков және Идрицаны шабуылдай отырып, Ленинград облысын жау қолынан толықтай тазарту жүктелді. Бұл өз кезінде Балтық маңайындағы майданға бет алуға жол ашатын еді.
1944 жылдың он төртінші қаңтарында Новгород – Лужской шабуыл операциясында дивизия жаңа жетістіктерге қолжеткізді. Зомошского батпағы жағалауымен шауды кейінге ығыстырды. Батпақты жағалай жау шебі Зомошскогоның оң жақ жағалауын қорғаныс етті. Онбесі күні Питьбы маңындағы үздік жасалған стратегия арқасында басымдыққа ие болып дивизия жауды қатты састырды. Он алтысы күні Питьбы маңы түгелімен дивизияның бақылауында болды. Позициядан айырылған неміс әскері Раптиция, Соло-Гора, Падгорье, Любуница, Вольная Горко, Вольное Загорье, Большие Григорьево елді мекендерін тастап қашуға мәжбүр болды. Дивизия осы мүмкіндікті қалт жібермей, жау шебін ығыстырып, Батецкий мен Ореджем аралығындағы Выбитская темір жолына шықты. Бұл оқиға аталмыш жылдың ақпанына сәйкес келген болатын. Бұл темір жолы неміс әскерлерінің қару жарақтарын тасымалдайтын маңызды көліктік қатынасының бірі болатын. Сондықтан да неміс әскерлері көп күттірмей құрамдас әскер тобын осы объектке бағыттап, темір жолы қатынасын өздеріне қаратып алды. Шығын жағынан неміс әскері алда еді. Бұл дивизияның тағы бір жеңісі еді.
Өздеріне деген зор сенімге ие болған дивизия Псков – Островск бағытымен жауға ашық шабуылға шықты. Свирь өзеніне дейін жақын келген дивизия Свирско – Петрозаводский операциясына армиямен бірге жұдырық жұмылдыра жаумен соғысты.
Дивизия шешуші шайқаста Шығыс Померанск және Штеттинск-Ростокский операцияларына қатысып, Гдынья, Кезлинь, Шлохау, Бублиц, Воллинь, Свинемюньде қалаларын жау құрсауынан азат етті.
1945 жылдың 28 маусымында дивизия таратылды. Басым бөлігі 43-армия құрамындағы 28-атқыштар дивизиясына өтті.
Қорыта айтқанда, 1941-1945 жылдары аралығында дивизияның ұрыстағы әрекеттері жайында деректеме көздерінің әуелгі жылдарға қарағанда мардымсыз екендігінің басты себептерінің бірі – дивизия хатшысының ұрыста барлық жазған жазбаларымен бірге опат болуы еді.
1945 жылы ақпан айында екінші Белорус майданының алаңына енген дивизия Шығыс Померанияда соғыс әрекеттерін жүргізумен болды. Дивизия наурыз айының 4-і күні Балтық теңізі жағалауына жетті. Екінші Белорус майданының басқа да бөлімшелерімен табан тіресе Кезлин елді мекенін азат етуге күшін сарп етті. Бұл неміс әскерлерін Данцигтен Штетцтейнге шығатын аса маңызды шығыс бекеті және комуникациялық маңызға ие торабы болатын еді. Дивизия аталмыш қалаларға кіре берісте екі мың бес жүзге жуық неміс солдаты мен офицерін, жау тарапының 27 танкісін жойып жіберді. Бірталай тұтқындар қолға түсті. Осы батырлығы үшін дивизия – «Қызыл Ту» орденімен марапатына ие болды.
Дивизия отыз мыңға жуық ауыл аймақты, соның ішінде 12 қаланы азат етуге қатысқан болатын. Дивизия сапында 9000-ға жуық әскер орден-медальдарға және әртүрлі марапаттарға ие болды. Жорық кезігнде 8000 солдат пен қолбасшылар Коммунистік партия қатарына өтті. 310-дивизияның батырлығы Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихында алтын әріптермен жазылды.
1943 жылы Ленинград және Волхов аймақтарын жау құрсауынан азат ету үшін қосымша әскери күш қажет болды. Осындай қажеттіліктерден 310 және 387-атқыштар дивизиялары құрылды. Аталмыш дивизиялар Ақмола өңірінде құрылып, Ленинград және Волхов майдандарына аттанып, 18-неміс армиясына қарсы тұрды. Қару-жарақ, киім-кешек, оқ дәрі тағы басқа қандай да қажеттілік болмасын, екі жақтың дайындығын салыстыру мүмкін емес еді. Қан майданға ақмолалықтар әскери күш ғана беріп қоймай, сонымен қатар олардың қажеттіліктерін де өтеп отырды. Ақмолалықтар бұл жағдайды тек соғыс аяқталғанша деп ойлады. Алайда соғыс біткеннен соң жағдай күрт өзгере қоймады. Соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі билік тарапынан жасалған қысымдар мен алым-салымдар, қуғын-сүргін жалғаса берді. Дивизия құрылғанда сапта 9784 әскер болса, соның 75 пайызы еліне қайтып оралмады.
Ақмолалықтардың көрсеткен ерліктеріне сәйкесінше жауап берілмеді. Кейбірі жазықсыз қараланып, кейбірінің ерлігі ескерусіз қалды.
Бұл біз жазған бірнеше ғана мысал. Солтүстік Қазақстан жерінен майданға аттанып, Жеңістің туын желбіреткен жерлестеріміздің есімдерін ескеру қажет-ақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Aбишeв Г. Кaзaхcтaн в Вeликoй Oтeчecтвeннoй вoйнe 1941-1945 гг. A.-A.: Кaзгocиздaт, 1958.;
- Кoзыбaeв М. Кoмпapтия Кaзaхcтaнa в пepиoд Вeликoй Oтeчecтвeннoй вoйны (1941-1945 гг.).- Aлмa-Aтa: Кaзaхcтaн, 1964.-363 c;
- Кoзыбaeв М.К. Кaзaхcтaн-apceнaл фpoнтa. Aлмa-Aтa. Кaзaхcтaн. 1970. 471 c., Ұлы epлік.-Aлмaты: Қaзaқcтaн, 1980.156 c. Мaйдaнгep cтудeнттep.-Aлмaты,1985.-105c.
- Нуcупбeкoв A.Н. Мoгучий apceнaл Вeликoй Oтeчecтвeннoй вoйны // Извecтия AН КaзCCP. Cep. иcтopич. - 1947. - Вып.З.- C.73-84
- Мaлыбaeв O. Дpужбa, иcпытaннaя в бoях зa Poдину. A.-A., Кaзгocиздaт,1955;