Бейіс Тәктенұлы (1849-1917) – жаңа заманның жарқын тұлғаларының бірі, белгілі ағартушы, қазақ халқының рухани тәлімгері. Ол Павлодар облысының Баянауыл өлкесінен шыққан, Ташкенттегі Көңілташ медресесінде оқыған. 1865 жылы медресе бітірген соң Бұхарадағы медреседе білімін жалғастырады. Осыдан соң, Мединедегі белгілі мұсылман мектептерінің бірі – Махмудия медресесі директорының шақыртуы бойынша сонда барып, оқуын әрі қарай жалғастырады. Бейіс өмірінің 16 жылын Мекке мен Мединедегі оқуға арнайды. Туған елінен алыста болса да, киелі жердегі туыстарын барынша қолдап жүреді. Қасиетті жерге қажылыққа барған Құнанбай қажы, қажылық етуші қазақтарға арнап қонақ үй салады, Бейіс хазірет сол үйдің меңгерушісі болады. Мұрағат құжаттарына сәйкес, қонақ үй Хамидия медресесі тұрған ауданда, Меккенің жанында, Қағбадан 2 шақырым жерде болған екен. Өкінішке қарай, бұл үй мен медресе сақталмаған.
Мекке қаласының көрінісі. XIX ғасырдың аяғы
1891 жылы, халқының бишара күй кешіп, діни қуғындауға түсіп жатқанын естіп, Бейіс хазірет елге оралады. Мүфти Сұлтановтың шақыруымен Орынбордағы Діни мұсылман мәжілісінің Хусаиния медресесінде жұмыс істейді. 1892 жылы Ресей императорының бұйрығымен Көкшетау және Ақмола өңірлеріне миссионерлік істі күшейту үшін архиерей жіберіледі (бұл туралы біз порталымызда жазған болатынбыз – Православиеге мәжбүрлеу туралы). Қазақтарды христиан дініне тарту үшін православиелік шіркеу, тіпті Библияны да қазақшаға аударды. Бұл жағдайлар Бейіс хазіреттің Атбасарға көшуіне себепші болды, онда ол 1897 жылы медресе ашып, халықтың ұлттық және діни дәстүрлерін қорғауға және сақтауға бар күш-жігерін салды.
Жас тарихшы Шыңғыс Оразалы, кітаптың авторы
ХХ ғасырдың басында Бейіс хазірет Осман империясының зайырлы және діни көшбасшыларымен белсенді түрде хат алмасып тұрды. 1903 жылы Бейіс хазірет пен Науан хазірет қазақтарды шоқындыруға қатысты РПШ-нің (Ресей Православиелік шіркеуі) дін саясатына қарсы күресте көмек көрсету туралы Осман империясының сұлтаны ІІ Абдулхамитке хат жазады. Түрік сұлтаны үлкен делегация жібереді, олар дала өлкесінің мұсылмандарына барынша көмектеседі: Ислам туралы кітаптар аударылады, адамдарды оқыту ұйымдастырылады, жаңа медреселер ашылады. Кітап авторы Ш. Оразалы, түрік сұлтны делегациясының ұрпақтарын тапты. Солардың бірі Найзабек имам – Омбы олбысы Таврический ауданының имамы – соңғы түрік сұлтанының бұйрығы бойынша қазақ даласына келген делегация мүшесі Ғабдолланың ұрпағы. 1905 жылы Бейіс хазірет Санкт-Петербурге пен Нижний Новгородта өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. Съезге ресми түрде жіберілген қазақтардың өкілі Шәймерден Қосшығұлов болады. Өзінің белсенді азаматтық ұстанымы үшін Бейіс хазіретті ресейлік «охранка» өлкенің «сенімсіз тұлғалар» тізіміне енгізген екен. Бейіс хазірет орыс, түрік, араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Соның кезінде ондаған мешіттер мен медреселер салынды. 1917 жылы Бейіс хазірет қайтыс болып, Атбасар ауданында жерлендіол туралы Қазан, Уфа, Ташкент қалаларының мұрағаттарында көптеген жазба деректер сақталғанбейіс хазірет туралы 600-ге жуық құжат қазір аударылу үстінде және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен келісуден өтіп жатыр. 2017 жылғы қарашада энциклопедия шығару жоспарлануда, онда барлық құжаттар аудармасымен көрсетілетін болады.
Кітап тұсаукесеріне қатысушылар
Кітап авторы Уфа мемлекеттік мұрағатының, Қазан мемлекеттік мұрағатының басшылығына, Түркиядағы қазақ диаспорасының төрағасына алғысын білдірді. Кітап тұсаукесеріне Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры профессор Зиябек Қабылдинов, Серік Негимов, қоғам қайраткері және Құнанбай қажының ұрпағы Сиязбек Мұқышев, ҚМДБ наиб-муфтиі Наурызбай Тағанұлы, өлкетанушы, ақын, жазушы Тортай Сәдуақас, жас ақын, ғалым Қайырбек Кемеңгер және т.б.. Өзбекстан мен Ресейден келген шетелдік қонақтармен бірге Қазақстанның түрлі қалаларынан (Павлодар, Алматы, Атбасар) қонақтар келді.