Айна – біздің күнделікті өміріміздегі маңызды заттардың бірі. Адамдар айнадағы кескіннің әсеріне таңғалып, оны ертеден-ақ пайдалана бастағандарын археологиялық айғақтар дәлелдейді. Айналардың көпшілігі сопақша келген, сапқа бекітілетін кішкентай құйрықшасы болған; ол таза функционалдық сипатта болған. Айналардың эстетикалық құндылықтарымен қатар діни мән-мағынасы да болған.
Тарихқа дейінгі адамдар су бетіндегі табиғат көрінісін көрмеулері мүмкін емес еді. Біздің заманымызға дейінгі 6000 жылдай уақыт бұрын Анатолияда қолданылған, обсидиан сияқты, жылтыратылған кентас метал ертеде айнаның болғанын дәлелдейді. Чатал-Хююктегі қазба жұмыстары кезінде еске түсіру сыйлығы ретінде қалдырылған айналар табылды. Біздің заманымызға дейінгі 4000 жылдай уақыт бұрын Месопотамияда жылтыратылған мыс негізіндегі айналар белгілі болған.
Хань әулеті басқарған кезде Қытайда айна жасау үшін мыс-қалайы қоспасын қолданған. Мыс-қалайы қоспасынан дайындалған айналар сондай-ақ бұрынғы Рим империясының аумағынан да табылды.
Ежелгі Үндістанда айналар кең қолданылған, сондықтан олардың кейбір сирек кездесетін үлгілері қазір бізге белгілі, қолжетімді болып отыр. Бірнеше тас мүсін мен күйдірген саздан істелген пластинкалар субконтиненттің осы бөлігінде табылды, айналардың тұрмыста кеңінен пайдаланылғанын көрсетеді. Мысалы, Кхаджурахо Лакшман ғибадатханасындағы (б.з. 930-950ғ.), Пуридегі (б.з.XIV ғасыр), Карнатактағы Халебидтегі (б.з.12 ғасырынан бастап) және кейбір басқа жерлердегі тас мүсіндерден айна қарап отырған әйел бейнесін көруге болады. Бұл мүсіндер Дарпаник (хинди тілінде айна деген сөз) деп аталды. Қосымша дәлелдер бойынша айналардың таралу деңгейін байқауға болады, мысалы, №17 Аджанта үңгіріндегі суреттерден – киіну бөлмесінде, қолындай айна ұстап тұрған ханшаның бейнесі. Хараппада жүргізілген қазба жұмыстарына қатысты – ондағы айналар әйелдердің қабірлерінде орналасқан. Хараппа мәдениетінде кездесетін жерлеу немесе молалардың үш түрін атап көрсетуге болады: тек қыш ыдыстар және басқа жерлеу заттары бар тіктөртбұрышты немесе сопақша келген молаларда ортақ жерлеу, дөңгелек пішінді жерлеу үлгілері, және тіктөртбұрышты немесе сопақша пішінді молалар.
Бірінші үлгідегі жерлеу ыдыстарында құмыралар және қоладан жасалған айналар сияқты жеке бас әшекейлерінен тұрады. Соңғы екі үлгідегі жерлеу рәсімдерінде сүйек қалдықтары табылған жоқ.
Хараппа қазбаларындағы айналар
Археологиялық қазбалар мен зерттеулер нәтижелері бойынша Хараппаның байтақ аумағында мәдениет аралық байланыс пен сауда алмасу біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдың аяғы мен екінші ғасырдың басында туындағаны жөнінде нақтырақ дәлелдер табылды. Бұл Үндістан мен Пәкістанды және олардың көршілері Ауғанстанның солтүстік-батысы (ежелгі Бактрия), Белуджистан, Оңтүстік Пәкістан мен Иран, Өзбекстан, Араб шығанағы мен Месопотамия облыстарын қоса алғандағы Инд өркениетіне қатысты. Бактрия мен Инд алқабындағы қалалар арасындағы мәдени және коммерциялық экономикалық тікелей байланыстарды М-Ч Поттиер 1984 (Дьюринг Касперс айтқандай) дәлелдеп, толықтай көрсетіп берді. Қазба жұмыстары кезінде табылған айналар, астына қоятын үйкегі бар кубоктар мен басқа да антиквариат осы байланыстардың болғанын растайды. Оңтүстік Белуджистанда Кулли мәдениетінің ізі табылды, атап айтқанда, мыс-қола жәдігерлеріне өте бай болған Мехи қорымы. Оның жарқын үлгісі – әйел пішініндегі ұстайтын сабы бар мыстан жасалған айна. Дьюринг Касперс Мехи қорымынан табылған антропоморфты сабы бар айнаны және осы стильдес Бактрий айнасын көрсетіп берді.
Дәуірлерге бөлу
Сол кезеңде қалыптасып болған Хараппа мәдениетінде (б.з. дейінгі 2600-1900 жылдар) айналарды қолдану басталған. Айналардың көпшілігі Хараппадағы қазба жұмыстары кезінде жерлеу орындарынан табылды. Хараппа қорымдарының көпшілігі кезінде тонауға ұшырағандықтан, Хараппалық әйелдер қолданған айналар туралы толық мәлімет жоқ. Ракхигархи мен Калибанган сияқты Хараппалық қоныстардан да айналар табылды, бірақ бұл қазба жұмыстарына әлі байыпты зерттеулер жүргізілген жоқ.