Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әнұрандай ән қайда?!

5733
Әнұрандай ән қайда?! - e-history.kz
Әнұран – елдің туы мен елтаңбасымен қатар мемлекеттік символдарының бірі

«Гимн» сөзінің нақты этимологиясы жоқ болғанмен, антикалық «гимн» сөзімен «тігу» сөзінің туыстық байланысын атаған. Демек, «гимн» сөзінің мағынасы «тігілген» сөз, ән» деп есептеледі.

Сонымен қатар, әнұран қазіргі түсінігінде – бұл ұлттық мерекелер мен ресми рәсімдерде орындалатын арнайы салтанатты ән. Ұлттық әнұран арқылы жеткізілетін халық көңіл-күйі әр түрлі болатын: «Das Lied der Deutschen» («Немістер әні») замандастардың ұлтшылдық идеяларын сипаттаған, «Марсельеза» - революциялық идеяларын сипаттаған, ал «God save our Lord the King» - сарай маңындағы жалпы көңіл-күйдің суреттемесі.

Айта кететін болсақ, дәл осы ағылшындардың «God save our Lord the King» бүкіл Еуропа мемлекеттерінің ең алғашқы әнұраны болып есептеледі. Оның бір қызығы, ол бірде-бір патша прокламациясымен немесе бірде-бір парламент актімен еш уақытта бекітілмеген, сондықтан ол мемлекеттің әнұраны де-факто болып саналады. Осы әнұран нұсқасы Еуропа елдеріне ұнағаны соншалық, реселіктер «Орыстың дұғасы», швейцарлықтар «Rufst du mein Vaterland» және басқа 20-дан астам ел британдық әнұранның әніне ыңғайластырып өз әнұранын шығарып орындаған. Кейін, мемлекет әнұранды бекітіп бастаған соң, әр елдің әнұрандарына жеке әндер жазылған.

Қазақстанның ең алғашқы әнұраны 1945 жылы ҚазССР заманында қабылданған. Сол әнұранның әнін жазған қазақтың әйгілі композиторлар мен дирижерлар Мұқан Төлебаев пен Евгений Брусиловский және де советтік композитор мен ҚазССР-дің халық артисі Латиф Хамиди.

Сөзін жазған Қайым Мұхамедханов. Бұған Ғабит Мүсірепов пен Әбділда Тәжібаев қосылды. Бұл әнұран 1992 жылы бірнеше өзгерістерге ұшырағанға дейін 50 жыл бойы мемлекеттің басты әні болып саналған.

2006 жылы 7 қантарда «Менің Қазақстаным» атты әнұран Қазақстан Республикасының ресми ұлттық әнұраны болып бекітілді. Жаңа әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнұран мәтініне кейбір түзетулерді еңгізген соң, ол да әнұранның соавторы ретінде көрсетілген.

 

Аян ӘДЕН

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?