
Оның айтуынша, қазірдің өзінде Түркиядан, Қытайдан, Ресейден, Ираннан, Египеттен материалдар әкелінген. «Бүгінде бізге Францияның, Испанияның Ұлттық мұрағаттарындағы Қазақстанға қатысты құжаттарды беруде. Сонымен қатар осман императорлары мен қазақ хандырының хаттарын Ыстамбұл мұрағаты, сондай-ақ Мұстафа Шоқайдың 250 хатын түрік ғалымы Ахат Ани Жанди бермекші. Қазір біз Қытайға да өзіміздің зерттеуші ғалымдарымызды жіберудеміз. Мүмкін болғанша қолжазбаларды алуға тырысудамыз, халықпен жұмыс істеп жатырмыз, ескі артефакттарды, қолжазбаларды жинап жатырмыз. Соңғы кездері біз Қытайдан Шәкәрім Құдайбердиевтің қолжазбасын таптық, оны бізге береді. Мұрағаттың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етудеміз, оларды цифрландырып жатырмыз, қазір құпиялылық грифі салынған құжаттардан басқалардың барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады», - деді Әбсеметов.