Рүстем Екібаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті деканының орынбасары, т.ғ.к., доцент:
Мерзімінен бұрын өткізілетін Парламент сайлауына пікіріңіз қандай?
Бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау табатынына сенімдімін. Қазіргі уақытта мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен әлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отыр. Сондықтан да Мәжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет. Осындай үлкен шаралар қарсаңында Мәжiлiс депутаттарының, партиялардың сайлауға түсiп, елдiң ой-пiкiрiн бiлуi, менің ойымша, игi бастама және бiз бұл бастаманы өз қолдаймын.
Сіздің ойыңызша жаңа шақырылым қандай өзгерістер әкелуі мүмкін?
Депутаттардың жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге, осынау жауапты сәтте дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігуге, тек бірлік пен үйлесімге шақыруын орынды іс-қимылға санаймын. Сонымен қатар, қазіргі дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінгідей күрделі уақытта Парламент Мәжілісі жаңа, тың күшпен толығып, ауқымды реформаларды дәйекті жалғастырушы ретінде танылып жатса, халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономикамыз тұрақталуы мүмкін.
Жақын мерзімде өткізілетін сайлауға өз ұстанымыңыз қандай?
Қазіргі әлемде орын алып отырған экономикалық қиындықтар біздің елге де өз әсерін тигізуде. Сондықтан да, қазіргі уақытта сайлау өткізуді орынды деп санаймыз. Сайлау нәтижесінде халық қолдауына ие болған партиялар мен жеке тұлғалар азаматтық белсенділік танытып, кешенді бағдарламаларды тиімді жүзеге асырарына сенімдімін.