Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

2243
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады  - e-history.kz
Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына өтетін болып бекітілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеуін жолдады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған жалпыхалықтық үндеуде бесінші сайланған Парламент Мәжілісі өкілеттілігін тарату және мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу жайы жөнінде баяндаған. 

«Құрметті қазақстандықтар! Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын жан-жақты талдап, қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр», – деді Назарбаев. 

Қоғамдық қызу талқылауда сайлауға қатысты ой-пікірлердің дені сайлаудың өтуі тиістігін және маңыздығылын атап өтіп, жұрт назары қажетті саяси додаға ауған шақты қадағалап отырған Президент өз ойын былайша сабақтады: «Бастаманы саяси партиялар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнес пен шығармашылық, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ көптеген жеке азаматтар қолдау көрсетіп отыр. Оны өздеріңіз ақпарат құралдарынан көріп, естіп отырсыздар. Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер маған түсінікті. Ол – елдің қамы». 

f18e5ba2ae50b79bf453e1479fe32309.JPG

Елбасы депутаттардың бастамасы Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі деп санайтынын да атап өтті. «Мәжілістің кезектен тыс сайлауы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарының сайлауы бар және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бар. Осы екеуін қосып өткізу деген – ол уақытты да, қаржыны да үнемдеу деген сөз. Меніңше, дұрыс ойластырылып отырған мәселе», – деп қорытындылады сөзін Президент. 

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы қаулыға қол қойды. Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына өтетін болып бекітілді. 

Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастама қазақстандықтардың дағдарыс кезіндегі ерік-жігері мен саяси ұстанымын айқын аңғартты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?