Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарихи фотосуреттер» байқауы аяқталды

1719
«Тарихи фотосуреттер» байқауы аяқталды  - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Тарихи фотосуреттер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

«Тарихи фотосуреттер» байқауының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі. Фотографтар байқауы 2015 жылғы ақпан айы мен 30 қазан аралығында өткен болатын. 

«Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы» деген аталымдар бойынша өткізілген бәсі биік байқауға барлығы 27 фотограф өз жұмысын ұсыныпты. Мұнда кәсіби және әуесқой фотографтарға бірдей мүмкіндік берілгені байқау шартының ерекшелігі болып есептеледі. 

9405ed9347a044218c58484457a0fb10.jpg

Байқау мақсаты қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудартуды және жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыруды көздеді. 

– Өткен жыл айтулы даталарға толы жыл болды. Осыған орай біз республикалық фотобайқау жарияладық. Бұл байқау белгілі бір тақырып аясымен шектеліп қалған жоқ, мұнда Қазақстанның тыныс-тіршілігі жан-жақты қамтылып, қас-қағым сәттердің барлығы фототарихқа айналды, – деді Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай. 

61cc0db242548a03f45418eef42d06ae.jpg

05be385a4bbac017ed829c18792e1de3.jpg

Cөз арасында ол Ұлттық музей еліміздің рухани, мәдени өміріне белсенді атсалысуын жалғастыра беретінін және алдағы уақытта осындай байқаулар өткізіліп тұратынын баяндады. 

– Ұлттық музей алдағы уақытта да фотобайқау өткізеді. Бір байқағанымыз, бізге әлі де болса фотоөнер саласын дамыту және фотоөнерге деген қызығушылықты арттыру қажет. Бізде кәсіби фотографтар көп. Олар Қазақстанды шет мемлекетке жаңа қырынан таныту әлеуетіне ие. Біз тарихы терең, сиқыры мол өнер иелеріне қолдау көрсете беруіміз керек. Өйткені олар тарихты таңбалап, тарихты жазып жатыр, – деді музей басшысы. 

53e7da4a62b5c095a1612cc950217c75.jpg

Қазылар алқасының шешімімен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталымында Назарбаев университетінің әкімшілік қызметкері, әуесқой фотограф Қанат Нұртазин, «Жеңістің 70 жылдығы» аталымында Петропавл қаласындағы «Солтүстік Қазақстан» баспаханасының фототілшісі, кәсіпқой фотограф Вадим Мударисов, сондай-ақ «Конституцияның 20 жылдығы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» аталымында «Оңтүстікфильм» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, кәсіпқой фотограф Мақсат Шағырбаев жүйрік деп танылып, музей директоры Д. Мыңбай жеңімпаздарға алғыс хат пен қомақты қаржылай сыйақы табыс етті.

83a8d37b045e047cf1a24f8a5c6ea938.jpg

Байқау қорытындысы ретінде әр аталым бойынша жеңімпаз атанған Қанат Нұртазин, Вадим Мударисов және Мақсат Шағырбаевтың бірлескен фотокөрмесі ел назарына ұсынылды. 

Заңғар Кәрімхан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?