Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сыр бойындағы ашаршылық пен індет

2612
Сыр бойындағы ашаршылық пен індет  - e-history.kz
Қазақ жеріндегі алғашқы ашаршылық (1918-1922) жайлы деректер мен мақалалар не дейді?

Ашаршылық қалай басталды? 

Біз көбінесе ашаршылық әңгімесін айтқанда, оны 1931-33 жылдармен, 20-жылдардың аяғында жүргізілген кәмпескелеу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастырумен байланыстырамыз. Шын мәнін¬де, ашаршылық қазақ даласына большевиктердің үкімет басына келген күндерінен басталды. Билік басына келген әртүрлі саяси қашқындар мен соғыстан қашқан солдаттар тыныш жатқан қазақ даласына ойран салды, қазақты атты, асты, тонады. Кеңес үкіметінің шынайы бейнесіне 1917-1919 жылдары Перовск уезін басқа¬рған уездік совдептің төрағасы Иосиф Гержодтың басқаруымен жасалған қанды қырғын айқын дәлел бола алады. 

Сол кездегі тарихи жағдайға үңілсек, Сыр аймағында басталған аштық пен індет халықты қырып, қаусатып тастағанын сол кездердегі тарихи деректер көрсетеді. Бір ғана 1918 жылдың өзінде «Түркістан халқының 30 пайызы аштықтан қырылған» («Наша газета», 13 авг., 1918). Түркістан республикасындағы аштықпен күресу Орталық комиссиясының аштарға көмек көрсетумен айналысқан комиссияның нәтижесі жайлы 1919 жылдың 11 наурыздағы баяндамасында Перовск уезінде 47 мың, Қазалы уезінде 29 мың адамның аштықта екені жайлы дерек айтылған (ЦГА Уз ССР, ф. Р-17. Оп.1, д.11, л.149 түпнұсқа). Осындай сұмдық аштық кезінде, Сыр халқы өздерінің бала-шағасы аштан қырылып жатқанына қарамастан большевиктердің зорлауымен Ресейге балық жіберіп тұрған. Кеңес заманында Сыр өңірінің азаматтары, соның ішінде Арал балықшылары өз аймағының адамдарының ұлы Ленинге байланысты тарихи дерекке қатысы барлығын әрқашан мақтан етіп айтып жүрді. Атап айтқанда, 1920 жылдың 25 желтоқсанында «пролетариат көсемі» В.И. Лениннің Арал балықшыларына жазған өтінішіне орай 1921 жылдың 5 сәуірінде аштықта қалған Поволжье халқына 14 вагон балық жібергені мақтанышпен қайта-қайта айтылатын. Қалыптасқан пікір бойынша, Арал балықшылары тек бір рет қана, онда да көсемнің өтінішімен 14 вагон балық жіберген дейміз. Олай емес, большевиктер ең бірінші балық аулау саласын меншіктеп өз қолына алды да, ауланған балықты шашау шығармай Ресейге жөнелтіп тұрған. Бірақ, сол жіберіліп тұрған балық көлемі сол кезде Ресей жағына жетіп тұрды ма? Оған күмән көп, жетіп тұрмаған сияқты. 

Қазан төңкерісінің белгілі қайраткерлерінің бірі, кейін атылып, сосын ұмытылған Геор¬гий Сафаровтың 1921 жылы шыққан «Колониальная революция» (Опыт Туркестана) кітабында («Жалын» баспасы, 1996 ж.,155-бет) мынадай дерек келтірілген: «В громадном количестве была заготовлена рыба из Аральского моря для вывоза в Россию. Но ввиду оренбургского фронта и отсутствия транспорта часть испорченной рыбы пришлось сжигать вместо топлива» («Наша газета», 14 марта 1919 г.). Құй сен, құй сенбе, паровоздың пешіне отын орнына балықты жағып отырған! 

182bc32da4db3adb9d445d63a6371cd1.jpg

Осы бір ғана мысалдың өзі 1917 жылы болған қазан төңке¬рісінің қазақ даласы мен қазақ халқына қаншалықты орасан трагедия әкелгендігінің, қазақ даласына жат саналатын советтік тәртіпті зорлықпен орнатқан большевиктердің іс-әрекет, қимылдарының қылмыстық, қарақшылық сипатта бол¬ғанының айқын дәлелі бола алады. 

Міне, осы кездерде Гержод бастаған Перовск совдепі аштық мәселесін шешуге байланысты жанталасты әрекет, қимылдарға кірісті. Арнайы азық-түлік комиссариаты, аштықпен күресу комитеттері құрылды, Ташкенттегі үкіметке қайта-қайта жеделхат, өтініштер мен қатынастар жазып, ақша мен қаражат сұрап, байлар мен ауқатты кісілердің тізімін жасап, оларға салық салу, артық астықты тартып алу, саудагерлермен күресу сияқты әрекеттерге кірісті. Бірақ большевиктер бұл тірліктерді Сыр бойындағы қазақтардың жағдайын ойлап емес, уездегі европалықтардың, Перовск қаласында орналасқан №3 Сібір полкының, теміржол, пошта, милиция, комиссариат қызметкерлерінің отбасылары мен өздері үшін істеді. Жергілікті қазақтар, егер олардың малына салық салынбаған болса, егіншілікпен айналыспайтын қазақтарға астық салығын салы¬п зорламаған болса, бұл аштық пен індеттен аз шығынмен құтылып кеткен болар еді. Астық салығын төлеу үшін қазақтар бар малын орыстарға астыққа айырбастауға мәжбүр болды, қалыптасқан көшіп қонып жүрген қыстау мен жайлауларын тастап, бастары ауған жаққа қашты. Осы қашу кезінде қырылғандардың саны жайлы деректер жоқ. Атбасар мен Қарсақбайға 2000 түйеден тұратын 3 астық керуенінің жіберілетіні осы мезгілге жатады (Бұл жайлы Битуған Нұрымбетовтың қайғылы тағдыры туралы мақалада айтып өттік). 

1918 жылдың 23 маусымында Перовск азық-түлік комиссары Сапожников Түркіс¬тан өлкесінің Халық комиссарларының азық-түлік бөліміне жазғ¬ан № 3179 хатында былай депті: «В дополнение к представлению Комиссара продовольствия Перовского уезда от 22 сего июня за №1922 на имя Краевого продовольственного отдела, доношу, что действительно население как города Перовска так и его уезда, за полным истощением продовольственных продуктов, систематически голодает, а потому ходатайствую о разрешении Перов¬скому продовольственному отделу, хотя бы частичной но самосто¬ятельной заготовки хлеба¬ для Перовского уезда. 

Краевому продовольственному отделу 

Копия: Сыр-Дарьинскому областному продовольственному отделу 

22 июня 1918 г. №1922. 

В ответ на отношение Краевого продовольственного отдела от 19-го июня с.г. за №10229 сообщаем, что упрек в отношении захвата двенадцати вагонов хлеба, идущего в Ташкент, несправ¬едлив: хлеб этот приобретен нами совместно с железнодорожными агентами в обмен на мануфактуру и на нашу долю пришлось получить только 7000 пуда, 5000 пуд. – ст. Перовск, так что говорить о каких-то самовольных захватах не приходится. Город Перовск в борьбе за существование употребляет все усилия и средства для добытия хлеба но со стороны высших продовольственных инстанции в лице Обпродота и Крайпродота не только не встречает поддержки, но наоборот наталкивается только на препятствия. Эти высшие продовольственные инстанции и не выполняют своего прямого назначения по снабжению населения хлебом и не разрешают непосредственных заготовок местным органам – в результате чего население буквально стонет. Сепаратные выступления с товарообменом не допускаются и Краевой продовольственный отдел просит высылать сырье в его адрес, взамен какового сырья обещает выдать мануфактуру, по высылке же сырья уездный продовольственный отдел остается и без сырья и без мануфактуры и без денег, ввиду того что Краевому отделу нужно только сырье, в отношении же своих обязанностей Крайпродот не думает, на правах высшей инстанции. На все крики изгол-одающего населения поступают ответы: «Вам за время с 22 апреля по 15 июня назначено 1200 пуд. пшеницы и 3000 муки» («назначено» - а получено всего 1200 пуд.) В течении трех месяцев «назначено» 1500 пуд., тогда как ежемесячное потребление хлеба одним городом Перовск выраж-ается в 8625 пуд., не говоря уже о 200 тысячном уездном населении и высшая продовольственная инстанция вероятно, спокойно себя чувствует «назначая» 1500 пуда хлеба на три месяца. 230 тысяч жителей в течении трех месяцев получают 1200 пуд., а контр-революционный Чилиинский район, имеющий 4000 жителей получает 1000 пуда на май месяц. 

Докладывая изложенное сообщаю, что и без того безсистемная продовольственная работа, подрывается самими высшими продовольственными инстанциями, которые заботясь только о гор. Ташкент («Наша газета» от 18 июня с.г.). Ташкент получил 11 вагонов, а Сыр-Дарьинская область 1 вагон, но ничуть, ни вообще о населении, ввиду чего прошу, указать район в котором мы могли бы заготавливать хлеб своими агентами и средствами и выдать на перевозку этого хлеба, в противном случае голодное население не будет считаться с «Планомерным подвозом» хлеба в Ташкент, а будет отцеплять и отцеплять хлеб без конца. 

За Комиссара продовольствия Сапожников 

Делопроизводитель Шевченко». 

Уездің астық комиссары Червяков Перовск совдепіне жазған хатында: «...видим смертные случаи от голода. В уезде рядом с ними богатые баи и спекулянты, которые имеют хлеб и зарывают таковой, я нахожу это преступлением. Все имеющиеся крупные запасы должны срочным порядком отобраны у владельцев и переданы в продо-вольственный отдел для распределения по комитетам бедноты. Если же Исполком не примет в данный тяжелый момент никаких мер, то я считаю это преступлением. Поэтому я предлагаю сейчас же послать несколько человек в пределы Джулекской волости и весь имеющийся там хлеб взять на учет. Дальше так жить нельзя. Видим смертные случаи, с другой стороны развиваем спекуляцию, поощряем спекулянтов и богачей – это недопустимо...», - делінген.  

Гержодтың Ташкенттегі Түркістан республикасының басшылығына бағынбағанын осы хаттан жақсы аңғаруға болады. Аштық мәселесін желеу етіп Ташкентке өтіп бара жатқан астық вагондарын өз қалауынша ағытып алып отырған. Бұл әдетті ол 1917 жылдың қараша айында билікке келген уақыттан 1919 жылдың аяғына дейін жасап отырған. Оған нақты дәлел мына құжат (қазақ даласы мен қазақ халқына қандай орасан трагедия әкелген): 

«В Совет солдатских депутатов 

Командир Сибирского Стрелкового полка 

4 ноября 1917 г. 

№22467 Прошу сообщить когда нужно назначить 5 человек г. Перовск солдат в распоряжение продовольственного комитета для реквизиции хлеба, следующего с поездами №22 и 8, согласно сношения Совета солдатских депутатов на 20-е ноября с.г. за №695 

Полковой адъютант, 

Прапорщик қолы».

Ашаршылық тек Түркістан өлкесін ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ даласын, Ресей губернияларын да жайлап, өлкенің үлкен қалаларынан шұбырған ашыққан босқындар жайлап кетіпті. Осы орайда Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы М. Мырзабаев 1921 жылдың 16 қарашасында №3953 циркулярлық хатпен (Қосымша құжаттарды қараңыз) барлық уездердің басшыларына: «Аш босқындар уезд орталықтарында, теміржол стансаларында екі-үш күннен артық кідірмесін. Аш босқындардың бір жерде көп жиналуы олардың өздеріне де, біздерге де қауіпті (індет жайылуы мүмкін), сондықтан да оларды тезірек тіркеуден өткізіп, ауыл, қыстақ, селоларға таратыңдар» деген тапсырма берген. 

Ресейдің губернияларынан келіп жатқан аш босқындар бүкіл теміржолды, пойыздарды жайлап, үкімет орындарының қызметіне біраз кедергі келтірген. 

«Ташкент 

Турчека О.К.Т.Ч. К Ташчека 9. 02. 

В связи массовым наплывом из голодающих губернии граждан каковые ежедневно приходят исполком Политбюро и Одчека за разрешением пропусков литерах на проез некоторых городов Туркреспублики тчк Неимея достаточно правил положении о эвакуировании из голодающих губернии просим точно разъяснить как поступить таких случаях дабы невпасть ошибку ибо эвакуированные никаких документов на право въезд туркреспублику не имеют 

Предугорисполкома Сахаров 

Комворужсилы ташжелдороги перваго района Фасберг 

Зампред Ташчека Ескараев 

Начальник Политбюро Алифбаев (ф.1. оп.2. д.62)». 

Түркістан өлкесіндегі ашаршылықтың ең ауыр кезеңі 1917-1918 жылдарына келеді. Бұл жайлы Г. Сафаровтың 1921 жылы шыққан «Колониальная революция» («Опыт Туркестана») кітабында: «Зимой 1917-1918 года трупы умерших с голоду валялись всюду – на улицах новых городов, на железнодорожных станциях, на больших дорогах. Вот краткие, но красноречивые сообщения того времени; «В селении Янги-Корган за одну неделю умерло от голода 35 человек. В селении Будал умерло голодной смертью за одну неделю 43 человека. В селении Буке за то же время умерло от голода 37 человек. В Семиречье голодные киргизы начинаю¬т поедать трупы умерших от голода» («Новый Туркестан» 19 февраля 1918 г»). 

«По данным с мест, убыль людей от голода, холода и болезней доходит к настоящему времени (ноябрь 1918 г.) в разных районах от 25 до 50 процентов» («Известия Ц.И.К. Турк. Республики», 23 ноября 1918 г»). Жергілікті халықтың аштықтан қырылып жатқан жағдайына тек Гержодтың ғана емес, Түркістан республикасының басшылығының да басы ауырған жоқ. Республика басшысы Колесов сол жылы өткен Советтердің ІV съезінде азық-түлік туралы жасаған баяндамасында аштан өліп жатқандар жайлы бір ауыз да сөз айтпаған. Баяндамашы негізінен алғанда үлкен қалаларды, атап айтқанда Ташкент халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты талқылаған. Бір сөзбен айтқанда, жаңа келген «революциялық басшылық» тек өздерінің, атап айтқанда европалықтардың көңілінен шықсам болды деген бағытта жұмыс істеді. Бұл жөнінде Георгий Сафаровтың аталған кітабында айтқан мына пікірімен келіспеске амал жоқ: «Ясно, что все поступавшие хлебные грузы шли исключительно для распределения среди русского населения».

Уездегі індет жайлы 

Совет үкіметінің орнауымен басталған қолдан жасалған ашаршылыққа сол жылдары «жығылған үстіне жұдырық» болып қосылған қасірет – індет болды. Атап айтқанда, тырысқақ пен іш сүзегінің індеті. Сүзек індеті 1918 жылдың қаңтарында басталғанға ұқсайды. Оған дәлел, сол кездегі денсаулық сақтау жөніндегі уездік комиссар Шухардттың Перовск аткомына жазған мына хаты: 

«Председателю Перовского совдепа 

Сыпной тиф начался в уезде 1 января месяца, т.е. до принятия мною комиссариата; на будущ¬ее время донесения будут поступать аккуратно. Распоряжение сделано на №1096 

Уездный комиссар Шухардт Секретарь Письмоводитель (ф.1, оп. 2, д.7.)». 

Осы мерзімнен бастап Шухардт совдепке індет жайлы ақпаратты жиі беріп тұрған. Бірақ, уезде дәрігерлер жетіспеген, аурухана жоқ, қаражат аз болған. Совдептің атына ауру таситын арба, қосымша аурухана, лазарет ашу, дәрі-дәрмек, азық-түлік үшін қаржы сұраған арыз-өтініш қайта-қайта түскен. 1918 жылдың 10 наурызында дәрігер Шилов совдепке «Уматжановтан тартып алынған ат арбаны (карета) ер-тұрманы, ат-сайманымен сүзек ауруларын тасу үшін беруіңізді сұраймын» деп өтініш жазғаны (ф.1. оп.2, д.7) осыған дәлел. 

Сүзек пен тырысқақ ауруы тек қана уезде ғана емес, жаппай етек жайған сияқты. 1918 жылдың 28 сәуірінде лазареттің аға дәрігері Готлиб «Лазаретке поездан түсірілген сүзекпен ауырған жолаушыларды әкеліп жатыр. Бұл дұрыс емес, індет бүкіл қаланы жайламауы үшін, мұндай адамдарды жұқпалы бөлімге апару жөнінде қаулы шығар¬уды сұраймын» деген. 

Комиссар Шухардт Совдепке 28 мамырда жазған хатында «...Перовск уезінің 1-учаскесінің 20 мамырдағы ақпарын жібере отырып, індеттің Сауран, Үзгент және Телікөл болыстарындағы жағдайын жеткізіп отырмын. Қаржы, қаражат жетіспеуде» депті. 

«Комиссару Перовского уезда 

ДОКЛАД 

Я уездный фельдшер Ефим Стожаров был командирован в Баюзакскою волость станции Джалагаш, для следствия больных. Мною было обойдено 5 аулов и причем оказалось, больных 20 человек. Милиционер Баюзакской волости заявляет, что неделю тому назад много померло киргиз, от чего неизвестно. Мною было предусмотрено как я видел в Баюзакской волости голод и жители питаются только одним кислым молоком и пьют сырую воду. По моему предусмотрению как я вижу заболевают жители от голода и также помирают. 

Уездный фельдшер Е.Стожаров 14 июня 1918 г.» 

Осы жылдың 21 маусымында Жөлек учаскелік ауруханасы¬ның дәрігері Елена Яковлевна Барцеваның совдепке жазған хатында мынадай жағдай айтылған: «Сим довожу до сведения Перовского уездного Совдепа, что ввереный мне участок неблагополучен по холере. Холерн¬ая эпидемия развивается, в отношении поселении Скобелево имеется 20 случаев заболевания холерой, из них 50 проц. смертности...». 

500932632c22b726b3fccf4712de6537.jpg

Дәрігер Шилов 8 наурызда жазған хатында «тифке бөлінген 50000 рубльдің әлі түспегенін» жазған. Індет асқындай берген соң дәрігер Ключанский Ташкентке Түркістан республика басшылығына хат жазыпты: «В Перовском и его уезде появились заболевания холерой. В то же время увеличилось число сыпно-тифозных больных, для борьбы с этими болезнями в г. Перовске открыты больницы холерная и тифозная. Оказать какую-либо помощь жителям уезда больным холерой и тифом. Отдел не может за отсутствием свободного санитарного персонала и средств. Сыр-Дарьинский областной врач согласно его сообщению от 22 мая с.г. за №1149 в этом отношении тоже не может ни чем помочь. Находя такое положение борьбы с эпидемиями и помощи больным в уезде ненормальным, отдел обращается с просьбой сформировать особые подвижные отряды для борьбы с эпидемией и отправить их в Перовский уезд. Председатель Ключанский». 

Маусым айынан бастап бірнеше ауылдардан адам өлімдері жайлы хабарлар түсе бастайды. Атап айтқанда, 8 маусымда тырысқақтан бір адамның өлгені, Жалағаш¬тың №3 ауылынан тырысқаққа ұқсас аурудан өлген адам жайлы хабарлар көп түсе бастаған болса керек, «Распоряжение о закапываний трупов мною сделан» деп хабарлапты Шухардт. Індеттен жаппай адам өлімінің көбеюі, өлген адамдарды көміп үлгіре алмай жатқаны жайлы Шухардттың Совдепке келесі жазған хатында көрсе¬тілген: 

«Перовскому Уездному Совету 

При разследовании о непогребении трупов, Тартугайский Сельский Исполнительный комитет донес, что умершие погребаются через 2 часа в глубокой яме. Был только один случай, когда труп лежал 6 дней, за неимением родственников его скрывали и боялись зарыть, за что виновн¬ые Исполнительным Комитетом были привлечены в наказание к общественным работам. 

Уездный комиссар Шухардт 16 июня 1918 г.». 

Осы кездерден бастап тырысқақ пен сүзек ауруы жаппай етек алып денсаулық сақтау комиссары Совдеп¬ке күн сайын ауруханаға түскен, жазылып шыққан, өлген аурулардың саны сияқты деректерді беріп тұрған. 

«Совету Р.С.К.М. депутатов г. Перовска Доношу, что на 28 июня 1918 г. больных при воинском лазарете состоит: русских 7, военно-пленных 30, туземцев, красной армии 4, из тюремного дома 2. Итого больных 65 чел. 

Комиссар народного здравоохранения подпись (ф.1, оп.2, д.17)».

Індеттің уезд халқының қаншасын жалмағаны жайлы нақты дерек жоқ. Бірақ, оның ешкімді аямағаны, әсіресе іш сүзегінің жас балаларды аяусыз алып кеткені мына бір деректен аңғарылады. 1918 жылдың тамыз айының 26-жұлдызында Перовск священнигі П. Тиховтың денсаулық сақтау бөліміне жіберген мынад¬ай қатынасы сақталыпты. «Отделу народного здравия Перовского уездного совдепа Сообщаю, что в течение прошлой недели всего отпето лиц: Михаил Кенемань – 6 мес. от поноса, Александр Горюнов – 8 месяцев, от поноса, Людмила Дементьева 1 год, от поноса, Константин Ернев 8 месяцев, от поноса, Валентина Кобрякова от поноса, Александр Конобевцев 4 месяцев от поноса.

 Подписал священник П. Тихов».

Сүзек індеті уезде 1919 жылдың ортасына дейін сақтал¬ып, ажал отын себуін тоқтатпаған сияқты. 1919 жылдың сәуір айындағы Перовск қалалық ауруханадағы аурулардың динамикасы жайлы мына бір дерек осыған дәлел. 

«Сведения о движении больных заразными болезнями в Перовской городской больницы для сыпно-тифозных больных с 10 по 16 апреля 1919 г. Состояло – 10; умерло - 3; поступило - 6; осталось - 8. Сведения с 16 по 22 мая: Прибыло - 21; умерло - 1; осталось – 19. (ф.1, оп.2, д.50)». 

Бұл табылған деректер негізінен алғанда уездегі қалалық европалықтарға, орыстарға, солдаттар мен әскери тұтқындарға ғана қатысты. Жергілікті халықтың ауруханалар мен лазареттерде емделуге, дәрігерлерге көрінуге құқы болмаған. Сондықтан да 1917 жылғы қазан төңкерісінің «топалаңынан» қанша қазақтың қырылғанын анықтау тарихшыларымыздың алдағы уақыттағы міндеті болмақ. 1917-1918 жылы Сыр бойын жайлаған ашаршылық жайлы өте құнды деректі Перовск уезінің Скобелево (қазіргі Шиелі кенті) қыстағының тұрғыны, Иван Саньков деген сауаты бар мұжығы бізге қалдырып кетіпті. Ол кезде уездің орыс тұрғындары қызметпен, азық түлікпен қамтамасыз етіліп отырған.. 

Г-НУ ВОЛОСТНОМУ КОМИССАРУ 

Гражданина села Скобелево 

Перовского уезда И. Санькова 

ЗАЯВЛЕНИЕ 

Везде голод везде недостача хлеба Но такого голода какого приходится переносить нашим окрестным жителям нигде нет Везде дают полфунта хлеба в день а нам полфунта не дают в неделю и хлеба некоторые достают у лесничества с большим трудом. А именно лесничество дает за доставку леводарьинских саксауловых дров за каждые 100 пудов 1 пуд муки 40 золотников сахару меняя осмушки чаю 1 ½ аршина ситца 100 снопов камышу для скота и вот кто только чтоб ни сдохнуть с голоду возют эти дрова в том числе поехал и я как не имеющий крохи хлеба А семейство 8 душ Я предполагал съездить за дарью в два дня и привезти 50 пудов дров чтоб получить пол пуда муки Но не тут то было. Человек предполагает а бог располагает К моему сожалению подули ветры настал холод и я обморозил пальцы в руках и ногах привез вместо 50 пудов и вместо двух суток проездил четверо Приехавши к дому не входя во двор меня встретили жена с криком дети с плачем, чего кричит чего плачут тут уже спрашивать нечего Известно с голода. Я успакаивая жену жену и детей сказал им не плачьте сичас здам дрова получу муку зарежу теленка и наварим пельменей и не успел досказать как мое семейство еще пуще подняли вопли говоря мне что теленок с голоду сдох а муку у лесничаго солдаты забирают. И на самом деле не успел я свалить дрова как вижу что солдаты при всем вооружении забрали всю муку и даже не дали мне получить с большим трудом заработанный 14 фунтов муки тут уже и на самом деле хоть с голоду сдыхай разве это не подлость Разве это не грабеж разве Это ни наглость отобрать у меня со слезами заработанный 14 фунтов муки Кроме этого эти же солдаты позволили себе ездить по туземным кишлакам производить обыск разве солдаты в России только для того чтобь пугать мирных жителей и кроме того выставляя свою противную рожу уйди а то я тебе дам муки сичас у меня пулю получишь Где же девалась правда Неужели ее в России нет Неужели прежде времени придется подыхать с голоду Правда с голоду не страшно было умереть с голоду если бы на самом деле был голод а то ведь у нас теперь у нас так очень много развелось королей которые с жиру бесются подобно той старухи которая в сказке о рыбке и рыбаке Имея дурацкую рожу и баранью голову изображают себя осла в львиной шкуре Это не те короли которых некоторые называют буржуями а те которые до войны ... молоко хлебали а теперь они товарищи то есть какие товарищи Значит один другому в карман залезут вот например теперь наши железнодорожники 8 часов они они смотрют когда они пройдут а по прошествии 8 часов Советы делают где бы кого и как ограбить как бы капиталы. На жить все лето они получали из вагонной лавки лишнюю муку для того чтоб печь хлеб для пассажиров а вместо этого они эту муку меняли киргизам на масло а потом нажили капиталы и заделались отправителями цельными вагонами баранов быков клевера и сена у каждого стрелочника имелся летом гурт баранов И теперь эти же стрелочники и другие служащие железнодорожные отобрали у лесничего 1000 пудов муки чтоб снова променять на масло. Некоторые же продали ссылаясь на то что мука размол есть нельзя корлевскую глотку дерет Этого мало что у них всего запасена с лета они еще сумели разделить здаденного в багаж 60 пудов коровьяго масла с уплатою по полтара рубля фунта а сами тут же его продают по 7 р. фунт По надевали чужие отобранные калоши а до войны в лаптях ходили по разделили урюк и из которого по наделали самогонки понабрали себе всякого материя назначая за все цену какую им вздумается Если станешь им говорить что и почему вы так делаете то они отвечают пусть нам дают по старой цене и столько сколько нам нужно тогда Мы не будем грабить А мы мирные жители не имея погон на плечах не имея винтовки и не имея участия на железной дороге пропадай хоть с голоду и раздевший и во всяком случае было бы чего есть не поехал бы за 50 верст на паре лошадях за 14 фунтов муки и ту ты отобрали. 

Заявление это прошу на печать в Туркестанском вестнике и передать такую в совет солдатских и рабочих депутатов 

К сему гражданин Иван Саньков 22 декабря 1917 года. 

Бұл хатты оқыған Перовск уезінің совдепінің төрағасы Иосиф Гержод ашуға басып мынадай бұйрық берген: «Уездному комиссару. Произвести следствие, вызвав жалобщика Санькова В прошении обвиняются целая организация, - есть данные для привлечения Санькова к судебной ответственности за клевету 15. 01. 1918 г.» Пред. Совета қолы Гержод Бірақ, қағаз әуелі учаскелік комиссарға, содан кейін Саньковқа жетемін дегенше біраз уақыт өтіпті. Жазға таман Саньковты тауыпты, бірақ ол өліп қалған... Сөйтіп, Гержодтың жазасынан «аман» қалған. 

Сағат Жүсіп, өлкетанушы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?