14 наурыз күні Маңғыстау өңірі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "болашаққа бағдар: рухани жаңғырту" бағдарламасы аясында дәстүрлі бірлік пен ынтымақтастық мерекесін тойлайды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы Маңғыстау облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мереке қарсаңында Ақтау қаласынан Отпан тауға дәстүрлі "Ұлы дала көші" аттанды.
"Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласында Мемлекет басшысы қазақ даласында өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың жеті қазынасын атады. Маңғыстауда Амал-мерекесін тойлау, Елбасы мақаласының мәнін айқындай түскендей. Бұл мерекенің басты мақсаты-халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы Амал мерекесі немесе көрісу күні
Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласында салт ат мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді: "Жылқыны қолға үйрету, сол кездегі ата-бабаларымыздың көшбасшы болуына ықпал етсе, қазіргі заманда шаруашылықта және әскери істе ауқымды төңкеріс жасады".
Көшпелі халықтарға құрмет ретінде, Амал мерекесінің алғашқы күнінде "Ұлы дала көші" атты театрландырылған және мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, оған ұлттық киім киген 300-ге жуық шабандоз қатысты. Дәстүр бойынша,алдымен ерлер арасында ерлер арасында аудараспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Содан кейін «Амал келді, жыл келдi» театрландырылған қойылымы өтті.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық қонақтарды келе жатқан Амал мейрамының басталуымен құттықтады. "Амал-бұл көктемнің келуінің, халықтың бірігуінің дәстүрлі мерекесі, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласында қойылған негізгі міндеттерді толығымен көрсететін мереке. Бұл мерекеде қазақ халқының көп ғасырлық тәжірибесінің мәні, оның баға жетпес мұрасы, қайнар көздері, ұлттық мәдениетінің мәні жатыр. Бүгін, Амал мерекесін тойлай отырып, біз Маңғыстаудың ұлттық тарихи мұрасын зерттеуге, қорғауға, сақтауға және насихаттауға өз үлесімізді қосамыз. Сондай – ақ, Ақтауда өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысушы
Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Әзербайжан және басқа елдерден келген ғалымдарға қош келдіңіздер дегім келеді. Қазір олардың еңбегі өлкенің баға жетпес тарихи мұрасын зерттеуге және сақтауға бағытталған. Олардың Маңғыстауда жасаған ғылыми жаңалықтары жалпы тарих ғылымының дамуына серпін береді", - деді әкім Ералы Тоғжанов.
Содан кейін ақсақалдар мен аймақ басшысы Ақшұқыр маңындағы, Бегей ауылына аттанған көшпелі көшке баталарын берді. Көшті жергілікті тұрғындар қарсы алды. Осы жерде мерекелік іс-шара, өнер көрмесі мен концерт ұйымдастырылды. Содан кейін көш қатарына Ақшұқыр жастары қосылды және барлық театрландырылған шеру Отпан тауға шықты. Бұл жерде дәстүр бойынша 13 наурызда кешкісін бірліктің қасиетті алауын жағу рәсімі өтеді.