Аталған конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды көздейді.
Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» (http://adebiportal.kz/kz/ruh) «Арнайы жобалар» айдарынан егжей-тегжейлі таныса аласыз.
І «Рух» халықаралық әдеби конкурсының Қағидасы
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағида «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес І «Рух» халықаралық әдеби конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізу тәртібін және шарттарын анықтайды.
2. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
3. Конкурс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған.
2 тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
4. Конкурстың мақсаты мен міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу; 2) қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау; 3) қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату; 4) ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін нығайту; 5) жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту; 6) ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайту.
3 тарау. Конкурс шарттары
Конкурс «Әдебиет порталында» онлайн режимінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу туралы өтінім биылғы 5-желтоқсанға дейін қабылданады
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
Проза: роман, повесть Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Проза: әңгіме, эссе Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Поэзия: поэма Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Поэзия: топтама өлеңдер Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Үздік драматургия Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Үздік әдеби сын Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Поэзия: балаларға арналған өлеңдер Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
Проза: балаларға арналған прозалық шығармалар Гран-при - 2 млн. теңге І орын - 1 млн. теңге
8. Конкурс шарттары: Конкурсқа қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі шығармалар қабылданады; Шығармалар автордың түпнұсқа тілінде ұсынылады (аударма қабылданбайды); Конкурсқа бір автордан бір шығарма ғана қабылданады; Конкурсқа ұсынылатын шығармалар кітап болып басылып шығарылмаған және бұған дейін басқа конкурстардан жүлделі орын алмаған болу керек; Бірлескен авторлардың шығармалары да қабылданады, өтінімде автордың (авторлар) жеке мәліметтері көрсетілуі қажет; Конкурсқа қатысушы автордың жасына, тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне ешқандай шектеу қойылмайды.
4 тарау. Конкурсқа қатысу үшін тіркелудің қағидасы
Конкурсқа қатысу үшін автор порталға тіркелу қажет. «Арнайы жобалар» бөліміндегі «Конкурс» бөлімшесіне өтіп, «Материал қосу» тетікшесіне кіре отырып, төмендегі жолдар толтырылуы арқылы шығарма орналастырылады: JPEG, PNG форматындағы фото жүктеу; аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда); шығарманың атауы; автордың байланыс телефондары (бұл мәліметтер тек портал әкімшісіне ғана көрінеді); автор туралы қысқаша мәлімет; шығарманың жанрын таңдау; шығарманың толық мәтіні doc форматында (шрифт Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал - 1). Шығармалар редактордың тексеруінен кейін ғана жалпы оқырманға қолжетімді болады. Мәліметтер толық емес немесе қате болған жағдайда шығарма порталға орналастырылмайды. Бұл жағдайда портал редакциясы авторға мәліметтерді қайта енгізу қажеттігін ескертеді. Порталға орналастырылған шығармаларға оқырмандар онлайн дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Дауыс берудің нәтижесі
Конкурс қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.
11. Конкурстың қорытындысы 2017 жылдың IV тоқсанында шығарылады және порталға жарияланады.
5 тарау. Ұйымдастыру комитеті
12. Конкурсты өткізу басшылық ету және өткізуді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес І «Рух» халықаралық әдеби конкурсын ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.
13. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша барлық мүдделі ұйымдармен қарым-қатынас жүргізеді.
14. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың шарттары, ережелері және өткізілу мерзімі туралы ақпаратты барлық республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
6 тарау. Конкурстың қазылар алқасы
15. Авторлардың конкурсқа жіберген шығармаларын бағалап, Конкурстың қорытындысын шығару үшін осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес І «Рух» халықаралық әдеби конкурсының қазылар алқасы (бұдан әрі – қазылар алқасы) құрылады. Қазылар алқасының құрамы әдебиет, мәдениет және өнер саласындағы көрнекті қайраткерлерінен құралады.
16. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
17. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
18. Қазылар алқасы жеңімпаздардың саны мен жүлделі орындардың санын белгілейді және белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
19. Қазылар алқасының мүшесі конкурсқа қатыса алмайды.
7 тарау. Конкурстың қаржыландырылуы
20. Конкурсты өткізуді қаржыландыру «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы Заңында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
8 тарау. Қорытынды ереже
21. Осы Қағидада қарастырылмаған барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.