Өз басым, Елбасының Жолдауын асыға күтемін, жылына бір келетін туған күнімді қалай күтсем, солай Жолдауды да күтемін, өйткені жыл сайын болатын Жолдау да жағымды жаңалықтарға толы болады.
Елбасы көптің ойын дөп таба білді, ең төменгі жалақы 1,5 есе көтеріледі, мектептер 3 ауысымдықтан арылады, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі, келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданады, осылай тізе беретін болсақ, біздер үшін, білім және ғылым саласында қызмет жасайтындарға жағымды жаңалықтар өте көп.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.
Елбасымыз «алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет» деп баса айтуы, көңілімізге қуаныш орнатып, осы аталған мамандықтардың иесі болғанымызға тәуба дейміз.
Жолдау әрбір қазақстандықтың көңіліне сенім ұялатып, еңбекке деген құштарлығымызды шыңдай түсті. «Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды» деген Елбасымыздың сөзі бізге күш жігер берді.