Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Туған жерім – алтын бесігім» байқауы жалғасады

4047
«Туған жерім – алтын бесігім» байқауы жалғасады - e-history.kz
«Туған жерім – алтын бесігім» байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген өтініштер келіп түсті

Әрбір қатысушы өз өлкесі туралы баянауда, осындай жұмыстар көбірек болуы үшін ұйымдастырушылар байқауды 2018 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Ұйымдастырушылар байқау нәтижелерін 15 қарашада жариялауды жоспарлап отыр. Ресми марапаттау рәсімі 2018 жылғы 16 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазконтент» АҚ ішкі және халықаралық туризмді дамытуға бағытталған «Туған жерім – алтын бесігім» атты туристік байқаудың басталғанын жариялаған болатын. Қатысу үшін 3 минуттан аспайтын бейнесюжет түсіру керек.

Ең көп «лайк» жинаған қатысушылар жеңімпаз болады. Сыйлық I, II, III орындарға беріледі. І орын жеңімпазы 900 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады, ІІ орын иегері 600 000 теңге және ІІІ орын 500 000 теңге алады.

Естеріңізге сала кетейік, #qazcontentkonkurs2018, #konkurs_s_qazcontentom хэштегтерінің жұмыс сипаттамасында болуы міндетті шарт.  Сонымен қатар, жұмыстар kaztubetour@gmail.com  поштасына жіберілуі тиіс.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?