Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Туған жерім – алтын бесігім» байқауы аяқталды

1945
«Туған жерім – алтын бесігім» байқауы аяқталды - e-history.kz
Бүгін «Қазконтент» АҚ 2 апта бойы өткен «Туған жерім – алтын бесігім» туристік байқауының ресми түрде қорытындылады

50-ден астам жұмыс конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан жіберілді. 3 минуттық бейнероликтерде қатысушылар туған өлкесінің сұлулығын толық көрсетіп әлуметтік желідегі әр жазылушының қызығушылығын тудыруға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік үш жұмыс іріктеліп алынды.

Осылайша дауыстарды санау бойынша бірінші орынды Көкшетау қаласынан Игорь Стрельцов иеленді. Игорь өзінің шағын бейнесюжетінде Бурабайдың табиғатының ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетті. 

Екінші орынға Павлодар облысынан Айбек Маратов ие болды. Баянауылдың табиғатына деген махабатымен ол  өз жазылушыларын бей-жай қалдырмады. 

Соңында ең көне қалалардың бірі – Түркістанның көрікті жерлерін көрсеткен Олжас Әлжанов үшінші орынды алды.

«Менің ойымша, аталмыш байқауды ұйымдастыру ішкі туризмді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді» деп атап өтті бірінші орын иегері Игорь Стрельцов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазконтент» АҚ ішкі туризмді дамытуға бағытталған «Туған жерім – алтын бесігім» туристік байқауының басталғаны туралы хабарлаған болатын.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?