Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

А. Жолдыбалина: Жасампаз жобалардың болашағы жарқын

1972
А. Жолдыбалина: Жасампаз жобалардың болашағы жарқын - e-history.kz
Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина өз пікірін білдірді

Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.

Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.

Мақала шеңберінде аталған жобалар тарих ғылымының, тарихи-археологиялық зерттеулердің, мұражай ісінің, фольклорлық-этнографиялық бағыттың, киноиндустрия, музыка саласын дамытуға үлкен серпіліс береді. Әсіресе, ерекше атап өтетін жоба - Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.

Бүгінде балаларға арналған мультфильмдер, кинолар, сериялар келешек ұрпақтың құндылықтары мен олардың өмір сүру салтын, көзқарастарын, өмірде ұстанатын принциптерін қалыптастыратынын естен шығармаған жөн.

«Тәрбие тал бесіктен» деп ұғынған ата-әжелеріміз ұлттық болмысымызды сақтау үшін бала тәрбиесіне ертеден ерекше мән берген. Ертегі аңыздарды бала санасына сіңіріп, өнегелі іске үгіттесе, бүгіндері көгілдір экран «тәрбиешімізге» айналды. Қазіргі уақыт ағымымен көгілдір экрансыз, ғаламторсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеткен балаларға «Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білу қажет».

АҚШ-тың зерттеушілері мектепке дейінгі жастағы баланың теледидар алдында 5 мың сағат уақытын өткізетінін атап өткен, сол себепті қазақ халқы өзінің бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы бағалап, дәріптей алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт, сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені ерекше қуантады.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?