
Ғазымбек Бірімжанұлы - алаш қайраткері, публицист, агроном. Ол 1896 жылы 28 ақпанда Қостанай облысының қазіргі Жангелдин ауданында (бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысының 1-ауылында) дүниеге келді. Қазақтың бас ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті болған Ғазымбек Бірімжанұлының өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, әдеби мұрасы әлі де зерттелу үстінде. Ғазымбектің қазақ халқының мәдени және рухани дамуына қосқан үлесі өте үлкен. Қаншама еңбек жазса да оның құнды еңбектері тасада елеусіз қалған.
Текті атаның ұрпағы
Әңгімені Ғазымбектің отбасынан бастайық. Ғазымбек жай ғана қарапайым отбасынан шыққан жоқ. Текті, киелі Бірімжан әулетінде дүниеге келді. Арғы аталары – Шеген би. Ал ағасы Ахмет Бірімжанұлының да тарихта ізі қалған. Ғазымбекке ағасы үлгі болды. Ағайынды Бірімжанұлы ұлт үшін қызмет ету жолында жүрген. Кішкентай кезінен бастап Ғазымбектің білімге, оқуға талпынысы мен ынтасы ерекше болды.
Шетелде білім алған алғашқы қазақтың бірі
Ғазымбек Бірімжанұлы әрдайым өз заманындағы және қазіргі күнге де үлгі алатын қазақ халқының мақтан тұтатын азаматтардың бірі. Оған дәлел ретінде Ғазымбектің шетелде оқығанын айта аламыз. 1923-1927 жылдары Германияның астанасына Берлин жоғарғы ауыл шаруашылық университетіне оқуға түсті. Берлинде білім алу оның білімін тереңдетіп қана қоймай, көз аясының кеңеюіне үлкен ықпал етті. Жаңа идеялар мен ойларға мүмкіндік туды. Қанша жырақта жүрсе де, өз елін ешқашан есінен шығармады. Сол кездегі өз замандастары мен соңынан ерген жастарға үлгі болып үлгерді. Олардың да шетелден оқу дейтін армандарына жол ашуды Ғазымбек ешқашан естен шығарған емес. Солай болды да. 1921 жылы Берлинде оқып жүрген кезде «Шетке оқушылар жіберу, оқуға жұмылу керек» атты мақаласы жарық көрді. Сол мақаласында Ғазымбек Бірімжанұлы жастарды шетелге барып білім алып, сосын ол алған білімдерін өз еліне, өз халқының пайдасына жарату керектігін айтты. Шетелден тәжірибе алып келген жастар халқың тұрмыс деңгейін көтере алатыны туралы жазды. Ғазымбек Бірімжанұлы өз жолының үлгісімен басқаларға да жол ашқысы келді. Оны туған елінің болашағы туралы ойлар үнемі мазалайтын. Ғазымбек Бірімжанұлының шетелде алған білімі және тәжірибесі тек оның жеке жетістігі емес, бүкіл қазақ халқы мақтан тұтатын жетістік.
Журналистика саласындағы алғашқы қадамдары
Ғазымбек Бірімжанұлы журналистика саласына көп еңбегі сіңген өте жан-жақты тұлғалардың бірі болды. Журналистердің қоғамдық ойды қалыптастыра алатынын және оны өзгерте алатынын ескерсек, Ғазымбек Бірімжанұлы оны әлдеқашан сезінген. Сондықтан да оның қаламынан туған мақалалар және публицистикалық еңбектер бүгінгі күнге мұра болып жетті. Оның әрі журналист, әрі публицист болу жолына ықпал еткен атақты тұлға Ахмет Байтұрсынұлы болды.
1910 жылы Ғазымбек Орынбор қаласында Орынбор реальды училищеде оқыды. Сол кезде ұлт ұстазымен жиі байланыста болды. Сол уақыт аралығында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы атақты «Қазақ» газетін ашады. Ғазымбекті сол газетке жұмыс істеуге ұстаздары шақырады. Ол кезде Ғазымбек небәрі 17-18 жаста-тұғын. Ол кезең онын өмірінің қиын таңдаулардың бірі болды. Бір жағынан оқуын енді аяқтаған ол Алаш зиялыларының қасында жұмыс етуді зор мақтаныс санайды да газеттің қара жұмысына жегілуге де бейіл болады. Бұл бастама Ғазымбек Бірімжанұлының журналистикадағы алғашқы қадамдардың бірі. Ол газеттің жұмысын үлкен жауапкершілікпен, бар күшін салып істейді. Сондықтан Алаш қайраткерлері Ғазымбекті өтте қатты бағалайды.
Шығармашылық жолындағы ерекше орны бөлек тәжірибесі «Ақ жол» газетінде өтеді. 1920- 1922 жылы «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді. Мұнда да өткір тақырыптарды қаузайды. Өз халқын білімге бірлікке шақырады. Жас болғанына қармастан Алаш зиялыларымен бірге халықтың көзін ашу үшін күресті. Журналистиканы тек ақпарат көзі деп шектемей, ол арқылы әділетсіздікке қарсы шын ойын жеткізді.
Қысымға берілмеу…
Ғазымбек Бірімжанұлы қиын кезеңде өмір сүргені бәрімізге аян. Ол ашаршылықты да өз көзімен көрді. Сол қиын кездегі елінің жанайқайын естіп, барынша көмектесуге дайын болды. Газеттердің күшін пайдаланып, ешкімнен қорықпай мақалаларында ашық түрде Кеңес үкіметіне қарсы шықты. Әрине бұл үкіметке ұнамады. Ғазымбек оған қарамай өз ісін батылдықпен жалғастыра берді.
Өмірінің соңы
Ғазымбек Бірімжанұлы 1938 жылы 19 наурызда Мәскеу қаласында қайтыс болды. Қысқа өмірінде халқына айтарлықтай еңбек сіңірді. Оның өмірі мен шығармашылығы бізге және келешек ұрпаққа өшпес өнеге. 100 жыл өтсе де Ғазымбек Бірімжанұлының мақалалары өзектілігін жоғалтпады. Оған дәлел – Қазақстан жастарын «Болашақ» бағдарламасымен жастарды шетелде оқыту. Ол ұлы тұлғаның өмір жолын шығармашылығын насихаттау әр адамның парызы.
Дереккөздер:
Жәнәділ Аружан,
студент