
Қазақ тарих ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ұлтымыздың аса көрнекті тарихшы ғалымы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толып отыр.
Тарихшы-ғалымның тұлғасын дәріптеп, ғылыми еңбектерімен таныстыру мақсатында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында профессор Е.А. Есқалиевтің ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті. Семинардың арнайы спикерлері: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты М. Алпысбес пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Ерниязов, Астана халықаралық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Үскенбаев қатысып, Ермахан Бекмахановтың зерттеулері мен тарих ғылымына қосқан үлесін жан-жақты талқылады. Әсіресе, Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісін қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретінде бағалағаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы келтірілген деректер, студенттер үшін маңызды ақпарат болды. Ғалымның «Қaзaқстaн ХIХ ғaсыpдың 20-40 жылдapындa» aтты еңбегі жөнінде бірқатар сұрақтар қойылып, Кенесapы Қaсымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жөнінде де кеңінен баяндалды.
Семинар барысында Ермұхан Бекмахановтың отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесінен мағлұматтар беретін көрменің де, жас зерттеушілердің қызығушылығын тудырғаны анық.
Дулати Еңсенов
Astana IT университетінің студенті