Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай алғашқы спектакль қойылады

1840
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай алғашқы спектакль қойылады - e-history.kz
Астанада М. Горький атындағы орыс драма театрының сахнасында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған елімізде алғашқы болып «Томирис — сақ патшайымы» атты спектакль қойылады.

27 ақпанда М.Горький атындағы театрдың актерлері өз көрермендеріне ұлы әйел, шексіз даланың қызы Томирис өмірі туралы сахналанған көріністерді көрсетеді. Осы қойылым идеясының авторы — Еркін Қасенов. Ал Республиканың еңбек сіңірген қайрткерлері — қоюшы-режиссер Гүльсина Мергалиева және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтов. Бүгінгі баспасөз конференциясында олар өз жұмысы жайлы айтып берді.

bb23deea748cc788269694eeb8f86813.jpg

Екі сағатқа созылатын спектакльде ұлы сақтардың патшалығы, олардың қақтығыстары мен жаулармен соғыстары, қастықтар, күрес, яғни патшайым Томирис мойнына жүктелген міндеттер ашылып көрсетіледі. Өз халқының бірлігі мен тәуелсіздігі үшін бар жүкті өз мойнына алған.
Спектакль жазушы Болат Жандарбековтың «Томирис» романының негізінде қойылады. Қойылымды дайындау барысында әдебиетшілер, тарихшылар да өздерінің үлестерін қосты. Дайындық барысында белгілі Қазақстан тарихшысы Зиябек Қабылдинов қоюшы-режиссер, актерлерге кеңес берді. Сонымен бірге, тарихи мен археологиялық материалдар, Ұлттық музейдің қойылымдары да зерттелген.

— Сақтар, түркілер, қыпшақтар — Қазақстандағы алғашқы мемлекеттердің түп негізі, — деді Зиябек Қабылдинов.

Сондықтан да, әрине, жауынгер Томиристің тарихы және оның бірлік пен тәуелсіздік идеясы Қазақ хандығының болашақ құрушыларына да қатысты болады. Спектьді қоятын адамдардың сөзіне қарағанда, көрермендерге қызықты режиссерлік пен актерлік шешімдер, осындай жауынгерлік әйелдің тарихына деген заманауи көзқарас ұсынылады. Гүльсина Мергалива айтқандай, актрлермен бірге сахна шайқастарды көрсетуге болатын әдісті ойлап шықты — актерлік пластика мен ойын арқылы көрсету. «Бүгінгі көрермен — бұл біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырдың көрермені емес», — деп айтады режиссер, сондықтан да заманауи мәдениеттің ықпалын қолданбай болмайды, соның ішінде, экшендер-де пайдаланбай болмайды. Спектакльдың тұсаукесері қазіргі көп көрген көрермен таңқалды ма деген сұраққа жауап береді.

c821c2b84e65938ef24a6b5f475e37a3.jpg

— Бұл эпостық драма, алғашқы кезекте, махаббат туралы хикая. Ер, ұлға, жерге, халыққа деген махаббат туралы. Бұл патшайым болып осы дүниеге келген, патшайым болып осы дүниеден озған әйел туралы тарих, — деді қойылым режиссері.

Томиристің рөлін жетекші актриса Анастасия Воронцова сомдайды. Гүльсина Мергалиева сөзіне қарағанда, Анастасияның осы рөлді сомдайтынына ол өте қуанышты, өйткені актриса нағыз патшайымдай: өте дарынды, харизмалық, пластикалық қабілеттері жетерлік.

— Мен үшін Томирис әбден заманауи болып көрінеді, — деп, өз қаһарманы туралы Анастасия өз ойымен бөлісе кетті. — Ол бірлік, тайпаларды біріктіру идеясына сенімді болған. Менің түсінуімше, ол бостандықты қатты жақсы көрген, оның билегінде болған адамдарға да осы бостандықты бермек болған. Ол өте ауқымды тұлға болған.

Томирис өмірін өзгерткен ерлердің рөлдерін — күйеуі Рустам мен оның ұлын тұтқынға алған Кир патшасын Денис Анников, Роман Чехонадский сомдайды. Роман Чехонадский Кир патшасының рөлін сомдайды, ол сахнаға үш рет ғана шығады. Оның рөлі көбінесе психологиялық жағынан әсер ететін. Сахнада Кир патшасы жаңа тұрғыдан қарастырылады. Роман парсы патшасының психологиясы мен уәждеріне, оның өмірі мен қылықтарына талдау жасай отырп, өз рөлін өте қызықты деп санап жатыр.

— Мен үшін Кир патшасының қазіргі тұлғасы өте қызықты болып көрінеді, әсіресе қазіргі кезде, соғыс басталар кезде, — деген, Роман: — Осы рөлді ойнағанда, өзім келесі сұраққа жауап іздеп отырмын: адамдар неліктен, не үшін соғысады? деген сұраққа жауап іздеп жүрмін деді.
Томирис патшайым сақ мәдениетінің өз шыңына жеткен шағында билеген, сондықтан да, қоюшы-режиссер Қанат Мақсұтовтың сөзіне қарағада, костюмдер мен декорациялар осыған сәйкес келеді.
— Бұл сақтардың аң стилінің мерекесі болады, деп — Зиябек Қабылдинов оның сөзін толықтыра кетті.

Спетакльді қою үшін өткізілген жұмыс өте үлкен болды, ұйқысыз түндер, репетициялардың сағаттары. Томиристің тарихын талқылау барысында қойылымның мәтіні жазылатын болды. Спектакльдің тұсаукесіріне аз ғана уақыт қалды, бірақ бұнымен жұмыс тоқталмай әрмен қарай жалғаса береді.

Қазақстанның театрлық өмірінде бұл театрдың мүшелері әрқашан бірінші болған деп айтты театр директоры Еркін Қасенов баспасөз конференциясының соңында. Осы жолы да, «Томирис — сақ патшайымы» атты спектакль Қазақ хандығының 550 жылдығына орай алғашқы спектакль болады.

Людмила Выходченко


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?