Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрменің ашылу рәсімі өтті

2273
«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрменің ашылу рәсімі өтті - e-history.kz
25 ақпан күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынып отыр. Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету болып табылады. 

b8b4170c7809a0ca255569918351eb60.JPG

Көптеген жәдігерлер көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Осылардың қатарында Қытайлық Цин династиясының кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алады. Оларда қытай императорлардың әртүрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Осы дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. Осындай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері ҚХР мұрағаттарынан табылған, ал олардың дәл көшірмелері ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, қазіргі кезде Президенттің Көмекшісі-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Б. Ермекбаевтың бастамасымен жасалған болатын.

49d606382a081b1c91470bf55ec8c791.JPG

Көрмеге қойылған «Хан аңшылығы» туындысы. Авторы К.Муллашев

2dbac08b7b364070eebea0e1a63db979.JPG

Ресей патшайымы І Елизаветаның  Абылай ханға тарту еткен атақты қылыштың бөлігі

f274e3fb657dc89479e63195960c0964.JPG


«Қазақ батырының сауыт-сайманы» панносы. 

«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты көрме 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады. Көрмені астаналықтар мен қала қонақтары Бейбітшілік көшесі 11 үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінен тамашалай алады.

Суреттерді түсірген Ғабит Мадалиев

Толық суреттер: http://baq.kz/kk/material/840




Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?