«Біз дала халқымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз — жылқы мен ең дәмді тағамымыз — оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз — оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар. Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз — малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бірге бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызықтаймыз».
Қасым хан
Қасым ханның есімі Шайбани хан қазақ әміршілерімен болған соғысты бейнелейтін жазба дереккөздерде алғаш рет кездеседі. Осындай дереккөздер XV ғасырдың 80-ші жылдарына жатады. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды.
1510 жылы Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Хандықтың екі беделді адамның бәсекелестігі нәтижесінде Бұрындық хандығын тастайды. Қасым хан билікті өз қолына алады.
Қасым хан билік құрған кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. Кейінен Сайрам қаласы Қасым ханның меншігіне айналады, ал осыдан кейін қазақтар Тәшкентті жаулап алу мақсатымен шабуылға барады.
1512 жылы Қатта-бек Қасым ханның әскерлеріне қарсы шайқасады, бірақ, Тәшкент Қазақ хандығының меншігіне айналады.
XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның беделі арта түскен. Осы кезеңде Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғайды: оңтүстік-шығыста Жетісудың басым бөлігін, сотүстік-батыста Еділ, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш көлі маңынан өтіп, оңтүстігінде сырдарияның оң жағалуына жетіп, Түркістан қалаларының егінжай аймақтарын қамтыды. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
1516-1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп, қазақтарға қарсы жорықты бастайды. Қасым хан заманында Қазақ хандығы халықаралық қарым-қатынастарға атсыласа бастайды. Қазақ хандығымен алғашқы дипломатиялық байланыс орнатқан көршілес Москва мемлекеті болды. Бұл князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505-1533) жүзеге асты. Бұл кезеңде қазақтар Батыс еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде таныла бастады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына себепші болады. Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас орнатады. Сондай-ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып, орыстың сол кездегі князі ІІІ Василиймен байланыста болған. Австриялық дипломат Сигизмунд фонд Герберштейн қазақтар туралы өз жазбаларын қалдырды.
Қадырғали Жалаиридің сөзі бойынша, XVII ғасырда Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулар өрши түседі.
Қасым ханның тарихта екі ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар. Сонымен бірге, фольклорлық туындыларға қарағанда, Қасым ханның екі қызы болды.
«Қасқа жол» деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған.