Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ даласының Ұлы армиялары: ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін

2871
Қазақ даласының Ұлы армиялары: ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін     - e-history.kz
Қазақ даласындағы жауынгерлер барлық замандарда ең үздік әскерлердің бірі болып саналған. Олардың ұйымдастырылуы, қару-жарағы қандай, және қазіргі Қазақстан армиясынан немен ерекшеленеді?

Қазақ даласындағы жауынгерлер барлық замандарда ең үздік әскерлердің бірі болып саналған. Олардың ұйымдастыруы, қару-жарағы қандай, және қазіргі Қазақстан армиясынан немен ерекшеленеді? Төменде оқи отырыңыздар.

1. Ежелгі көшпенділердің әскері

Соғыс ежелгі көшпенділердің айнымас серігі болған. Көшпелі аймаққа өз ықпалын кеңейту мақсатында мықты, көшпелі өмір салтын ұстанатын армия қажет болған. Әскер рулық принцип бойынша құрылған. Барлық руларға қауіп төндірген жауға тойтарыс беру үшін халық жасағы құрылған, сонымен бірге «дружиналар» деп аталған әскери құрылымдар да орын алған. «Дружиналар» ру-тайпа көсеміне (ақсүйектердің ішінен таңдалған) бағынған. Көсемнің қол астында өзінің Қарулы Күштері болғандықтан, көсем тайпаның немесе тайпалардың одағының мүддесіне сәйкес келмейтін әскери жорықтарды ұйымдастыруға бастамашы бола алған. Жеңіл қаруланған атты әскер — көшпенді армиялардың негізгі күші.

Өз дұшпандарын жайрату үшін шабандоздар қаһарлы қару-жарақ — салт аттың үстінде отырып, шайқас жүргізуге мүмкіндік беріетін садақ (жебе атуға арналған қол қаруы) қолданған. Қоян-қолтық ұрыс кезінде қысқа қылыштарды, найзаларды пайдаланған. Осы кезде сауыт-сайман жоқ еді. Кейінгі дәуірлердегі скифтердің салт аттылары «катафрактария» деп аталған қола сауыт-сайманды кие бастаған. Бірақ, осының бәріне қарамастан, ежелгі көшпенділер кез-келген армияға мықты қарсылас болған. Біріншіден, әскердегі жауынгерлердің саны көп (барлық ер адамдар әскердің құрамына енген), ал екіншіден, ол көшпелі өмір салтының қиындықтарына әбден үйренген салт аттылардан және садақшылардан жасақталған.  

2. Алғашқы түркі мемлекетінің армиялары  

Қазақстан аумағында пайда болған алғашқы түркі мемлекеттері металлургияны дамытып, темірді шығару, өндіру техникаларын білген. Бұл жағдай армияның құрылуына да әсер еткен. Атты әскер түркі армиясының арқауы болған. Ол түркілердің арғы бабаларында -скифтерде-де бар еді. Бірақ, түркілердегі атты әскердің сауыты темірден жасалған, ал арғы бабаларынікі- қоладан. Темірден жасалған сауыт жұқарақ, оның салмағы да жеңілірек, сырты берік. Сонымен қатар, түркілердің армиясында салт атты атқыштардан жасақтар құрылған. Олар жеңіл қаруланып, ұрыс кезінде жеңілген халықтардан жасақталған. Түркі жауынгерлері қару-жарақ ретінде ұзын найзаларды, садақтарды, ұзын және доғаша иілген қылыштар, пышақтар мен семсерлерді қолданған.

3. Моңғол армиясы

Армия — Шыңғысхан империясының негізі болған. Бүкіл империя әскери қағидаттарға сүйеніп құрылған, әрбір ер адам жауынгер болған. Моңғол империясындағы түмен — ең үлкен әскери бірлік. Түменнің құрамына 10 000 жауынгер енген. Түмендер 10 мыңғаннан (1000 адам) құрылған. Мыңғанның құрамында — 10 зун (100 адам). Зундар 10 арбанға (10 жауынгер) бөлінген. Ерте түркі мемлекеттерінде-де осындай жүйе қолданылған. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алған.

Моңғол армиясының ұлы қолбасшысы Шыңғыс хан рулық принциптен бас тартқан. Осылай, моңғол жауынгерлері өз руларынан шыққан көсемдердің бұйрығын орындамаған. Бірақ, мың басы, жүз не он басының бұйрығын бұлжытпай орындаған. Айтқанын істемеген адамдар өлім жазасына кесілген. Моңғол империясының әскери күші үш бөлікке бөлінген: орталық, сол қанат, оң қанат. Моңғол империясының әскері түгелімен атты жауынгерлерден құралған. Негізгі қару-жарақ ретінде садақ, жебелер қолданылған.

Сонымен бірге, қылыштар, найзалар, шоқпарлар, айбалталар пайдаланылған. Моңғол жауынгерінің сауыт-сайманы — дулыға, сауыт. Былғарыдан жасалған сауыт-сайман да аттың денесін қорғады.  

4. Қазақ әскері

Қаруланған шағын жасақтар және кейбір хандар мен сұлтандардың «дружиналарын» санамасақ, онда Қазақ хандығында тұрақты армия болмаған деуге болады. Мемлекетке сыртқы қауіп төнгенде, қазақтар тойтарыс беру үшін әскер жинай бастаған (мысалы, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде-де осылай жағдай туындаған). Әскердің жасақтары ру-тайпаларға бөлінуі бойынша құрылған. Сұлтандар мен әйгілі батырлар ірі жасақтарды басқарған.

Әр рудың өз тамғасы, ал саны көп бөлімшелердің өз туы болған. Өз жауынгерлерін танып айыру үшін рудың белгілерін, орамалдарын, ленталарын, белгілі бір түстегі жапсырмаларын пайдаланған. Салт атты жауынгерлер — қазақ әскерінің негізгі күші. Жақын жердегі шайқастарда шаншып-кесетін қару қолданылған. XVIII ғасырда өмір сүрген әрбір ауқатты адамның меншігінде отпен атылатын қару болған. Жаулардың соққысынан қорғану үшін ежелгі замандарда «панцирь» деп аталған сауыт-сайман, дулыға киген.  

5.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

Заманауи Қазақстан армиясы жоғарыда аталған барлық армиялардан артық. Өзінің қысқа тарихына қарамастан, әскеріміз — жақсы дайындалып жасақталған әскери күш. Ол еліміздің қорғанысын қамтамасыз етуге әркез дайын. ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы жедел және келісім-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүретін әскери қызметкерлерден жасақталады. Бірақ, болашақта мемлекетіміз жедел әскери қызметтен бас тартуды жоспарлап отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрамына Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңіз күштері, Құрлық әскерлері, Аэромобильді әскерлері енді. Олар ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысына (ҚР Президенті -Н.Ә. Назарбаевқа) тікелей бағынады.

Қазақстанның Қарулы Күштері аймақтық белгі бойынша мемлекеттің аумағында орналасты. «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары республикамыздың шекарасын қорғайды. Мемлекет армиямызды соңғы шыққан техниканың үлгілерімен қамтамасыз етеді. Мысалы, Қазақстан армиясында С-300 зенитті-ракеталық кешендері бар. Қондырғы 300 км қашықтық жеріндегі нысананы атуға қабілетті.

Биылғы сәуір айында авиациямыздың қорына жоғары маневрлік СУ-30 СМ жойғыштары түсті. Жойғыштар Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шеру рәсімінде көрсетіледі. Сонымен бірге, армиямыз әлемдегі ең ірі транспортық МИ-26 тікұшақтарымен жабдықталған. Тікұшақтың кабинасында тасымалданатын жүктің салмағы 20 000 кг дейін жетуі мүмкін.

ҚР қазіргі Қарулы Күштері ежелгі замандағы мемлекеттердің армиясына мүлдем ұқсамайды. Бүгінде әскерлердің нақтылығы жоғары, жаңа жабдықтауы мен қару-жарағы толық. Қазақ даласының әскерлері өз Отанын қорғауға әркез дайын батыл жауынгерлер болып қала береді.  

Пайдаланылған дереккөздер тізімі:

1. Т. Қ. Алланиязов. Военное дело кочевников Казахстана.Өңделіп, толықтырылған 2-ші басылым. — Алматы, 1998.- 140 б.

2. Г. И. Семенюк. Оружие, военная организация и военное искусство казахов в XVIII — XIX вв. /http://www.reenactor.ru/ARH/PDF/Semenyk.pdf

3. Е. Оспанұлы. Военная стратегия Кочевников — Тюрки / http://www.kondor-tour.kz/kaz_voennay_strat_koch_turki

4. Дж. Коггинс. Оружие великих держав. От копья до атомной бомбы /http://www.litres.ru/static/trials/00/61/45/00614595.a6.pdf

5. А. А. Доманин, Монгольская империя Чингизидов. Чингисхан и его преемники. М.: Центрполиграф, 2010. — 428 б.

6. Вооруженные Силы Казахстана — вчера и сегодня / http://articles.gazeta.kz/art.asp?aid=88249

7. ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты/ http://mod.gov.kz/ 

Инна Кузьменко

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?