Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар

2481
Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойлық іс-шараларының аясында «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

12 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойлық іс-шараларының аясында өткен «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. 

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырды. Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты. 

Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларға арналған өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет» деген сөзін атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы Қазақ хандығының тарихын зерделеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, ұлт жоспары – 100 нақты қадамды іске асыру аясында айрықша маңызға ие екенін, өйткені отандық тарихты білу болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру негіздерінің бірі болып табылатынын айтты. Г. Әбдіқалықова қазақ арулары ғасырлар бойы өзінің инабаттылығымен, өткір зерделілігімен, нәзік дипломаттық қасиеттерімен ерекшеленгенін атап өтті. 

Осыған орай, Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуындағы олардың қосқан үлесін зерттеу төл тарихымызды терең зерделеуге және орын алған лакуналарды жоюға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар алдында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, академик С.А. Қасқабасов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Б. Кәрібаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Х.М. Әбжанов және басқалары баяндама жасады. 

Әсіресе, қазақта ақын қыз да, ақылғөй қыз да, батыр қыз да аз емес. Олар қашанда ерлердің сенімді серігі, елінің алтын бесігі болған. Олар Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі және халқымыздың мақтанышы болып табылатын көптеген ұмыт қалған немесе ұмыттырылған есімдерді қайта оралтуға бағытталған ғылыми зерттеулердің маңыздылығына тоқталды. 

Ұлы Даланың тарихнамасында аты аңызға айналған есімдер көп болды. Бұл ретте Қараша пен Айғаным ханшалардың, Бопай ханым мен Бай Ананың, Тойқара ханымның және қазақ халқының өзге де белгілі өкілдерінің есімдері атап өтілді. Конференция қорытындылары бойынша қарар қабылданды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?