Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ Хандығы туралы жаңа деректер

3125
Қазақ Хандығы туралы жаңа деректер  - e-history.kz
Ватиканда XVI ғасырдағы Қазақ хандығының картасы табылды. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған мәлімдеді

Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихымыз жан-жақты зерттеліп, «Қазақ хандығының құрылу тарихы» және «Қазақ хандары» атты кітап жарық көрген болатын. Енді міне, тағы бір жақсы жаңалық айтылды. 

Табылған жаңа карта туралы «Қазақ хандығы туралы мәліметтерді зерттеп, оларды ашатын кез келді. Бүгінде әлемдік қауымдастықта жуырда табылған жаңа деректерді талқылап жатыр. Олар әлі толық зерттелмеді. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар Ресей, Қытай, Иран, Франция және, АҚШ ғалымдарымен бірге қазақ мемлекеттігінің тарихымен байланысты жаңа тарихи фактілерді ашып жатыр. Жуырда XVI ғасырдағы Қазақ хандығының картасы табылды», – деді Бүркітбай Аяған. 

Бұған дейін де мәлім болғандай, тарихшы профессор Рафис Абазовтың айтуынша, зерттеу барысында Ватиканның құпия мұрағатынан қазіргі Қазақстан территориясы бедерленген 6 бірегей карта мен 13-15 ғасырларда Рим папасының түрік қағанына жазған хаты табылған. 

Карта 1684 жылы жасалыпты. 

Қазақ хандығының құрылуына қазақ жерінде 14-15 ғасырларда болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыстар әсер етті. Көшпелі, ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайырдың Көшпелі өзбектер мемлекеті мен Моғолстан арасындағы тартыстың шиеленісуі, өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғасырдың 2 жартысында жаңа мемлекеттің құрылуына жол ашты. Әбілхайыр өзіне қараған аймаққа қатал тәртіп шараларын орнатуы оның жағдайын тіпті қиындатып жіберді. Содан туындаған халық наразылығы қарсылықты күшейтті. Моғолстан мемлекетінің иелігіндегі Жетісу өлкесіне көшкен жұртты Жәнібек пен Керей басқарды. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібектің жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. 

Осылай аз уақытта құрылып, тез күшейген жаңа мемлекеттің атауы Қазақ Хандығы болатын. 

f018fce94040e21717cc47128b81fc67.jpg

Орта Азиядағы ұлттық мемлекет Қазақ Хандығы туралы тағы бір дерек – XVIII ғасырда өмір сүрген Қытай императоры Цянь Луннің панносы. Оларда қытай императорлардың әр түрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Осы дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. Қазақтардың үш айрықты байрағынан олардың салтанатқа қатысқанын аңғаруға болады.

Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай қыркүйектің 11 күні Астанада жəне қазан айының 9 күні Таразда үлкен той өткізу жоспарланған. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?